ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ОТБАСЫН ҚҰРАЙЫҚ!

Қоғам Құқық
337 Views

Учаскелік полиция инспекторлары және Әйелдердізорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторларымен әкімшілік аумақтапрофилактикалық жұмыс жүргізу барысында отбасы тұрмыста зәбір көргенжәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, «Тұрмыстықзорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 20-бабына сәйкес, отбасытұрмыста құқық бұзған 2271 (2021 ж-2131) тұлғаға «қорғау нұсқамасы» шығарылды.Яғни, олар 1 ай мерзімге ішкі істер органы есебіне алынып, профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен (отбасы тұрмыстағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер) барлығы 178 тұлғаға қатысты әкімшілік іс сотқа жолданған (2021 ж.- 152).

Оларға қатысты шығарылған қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 84тұлға Әкімшілік кодекстің 461-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2021 ж-55).

Отбасы тұрмыста құқық бұзған тұлғалардың ішінен 169 (2021 ж-147) тұлғаның мінез-құлқына сот арқылы ерекше талаптар белгіленді, яғни олар 3 айдан 1 жылға дейін есепке алынып, олардың жүріс-тұрысына шектеулер қойылды, алкогольдік ішімдік ішуге тыйым салынды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және кесу бойынша ағымдағы жылдың 13-21 маусым аралығында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» іс-шарасы жүргізілуде.

Іс-шараның мақсаты әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, зорлық-зомбылыққа болған кезде көмекті қандай мекемелерден алуға, қайда хабарласуға болатындығын хабарлау, ақпараттандыру болып табылады.

Жалпы 2022 жылдың 5 айында «102» каналына келіп түскен отбасылық жанжалдар бойынша барлығы 5784 шақыртулар келіп түскен.

Бұл түскен қоңыраулардың барлығы қылмыс деген сөз емес. Яғни тұлғааралық қақтығыстар, отбасы кикілжіңдер, түспеушіліктер.

Әрбір түскен шақырту бойынша учаскелік полиция инспекторлары және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары профилактикалық жұмыстар жүргізіп дер кезінде заң аясында құқықтық көмек көрсетеді.

Зорлық-зомбылық әйелдерді Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент қалалық №3 арнаулы көмектер көрсету дағдарыс орталығына», «Бақытты жанұя» орталығы, «Сана-сезім» орталықтарына әлеуметтік, психологиялық, құқықтық көмек көрсету үшін жеткізіледі.

Орталықтарда әйел-қыздарымызға жан-жақты көмектер көрсетіледі.

«Шымкент қалалық №3 арнаулы көмектер көрсету дағдарыс орталығы мекен жайы: Шымкент қаласы, Байтулы баба 6/1 үй. Қауырт желі: 87252-2-45-03-03 немесе 150.

«Бақытты жанұя» орталығы: Шымкент қаласы, Республика даңғылы №4/1. Сымтетігі: 8-8252-78-12-21, 8702-822-00-81

«Сана сезім» Әйелдер бастамалары орталығы. Шымкент қаласы, Перов көшесі 19 үй. Сымтетігі: 8-7252-551-300, 8708-478-96-63.

В.УМАРГАЗИЕВА,

Шымкент ҚПД ЖПҚБ ӘЗЗҚТ аға инспекторы, полиция майоры

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *