«ЕЛДІҢ БАСЫНДАҒЫЛАР» МЕН «ҚАРА ҚАЗАН» ҚАСЫНДАҒЫЛАР «ОҢ НӘТИЖЕ» ШЫҒАРМАДЫ

Саясат Құқық
831 Views


ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев мырзаға

Күмісбек Аманқұл Күмісбекұлынан

ЖСН 440306300282, ұ/т:87780080605

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,

Темірлан тас жолы 34/31

с/т: 8 (7252) 780750 Индекс 160005

АРЫЗ

(бізді отбасымызбен саяси-психиатриялық қуғын-сүргіннің құрбандары ретінде ақтау мәселесі бойынша мені жеке қабылдауыңызды өтіну және жеке жарлығыңызбен ақтау туралы)

Құрметті Қасым Жомарт Кемелұлы!

Бұл мәселе Республика Үкіметінің, оның құрылымдық бөлімдерінің, Парламентінің саяси құғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссиясының және депутаттарының, прокуратурасының, сотының, басқа да құзыретті органдарының, «Елдің басындағылар» мен «қара қазан» қасындағы жоғарғы лауазымды қызметкерлерінің қарауларына кезең-кезеңімен 1993.01.03 күнінен бері ұсынылып келгенімен «оң нәтиже» бермеді. Сондықтан, енді жалпы жағдайды төтесінен түсіндіремін, бұрынғы арыз-шағымдарыма сілтеме жасаймын, оларға тіркелген дәлелдемелі құжаттар қатарынан тек сот шешімдерін ғана көрсетемін…

1969,1972 және 1989 жылдары тұрақты қоныстануға Бразилияға кетуге арыздар жазғаным үшін, оларды қарамаудың және жауап бермеудің «заңды негіздерін қалау мақсатында», медицинаның психиатриялық саласының «қызметін» маған қарсы қолданып, «құқықсыздық жағдайға» қойған. Оған мемлекеттің қандай органдарының тапсырыс беріп, қалай орындалатынын сізге түсіндірудің қажеті болмас…

Оның менімен бірге 10 (он) жанды отбасы мүшелерінің ар-намысын қорлайтыны туралы Оңтүстік Қазақстан облысы / Шымкент қаласының ДСБ мен Қазақ КСР ДСМ кінәлі деп есептеген психиатрлары мен психологтарына қойған талап арыздарымды (1989.08.24, 1989.12.10) Шымкент қаласының Дзержинский/Әл-Фараби аудандық соты 1991.08.19 №2-560-90, 1993.09.23 №2-345 және 2001.11.02 №2-2531 шешімдерімен қанағаттандырған, бұзылған конституциялық, азаматтық, партиялық, өндірістік құқықтарым қалпына келтірілген. Жауапкерлер кінәларын мойындап, жазбаша кешірім сұраған, болған және шеккен зияндарымызды теңгемен төлеген. Ол шешімдер заңды күшінде…

Менің журналистік, кандидаттық диссертация жұмысымен ізденуші, өңірлік комиссияның жұмыс топ мүшесі ретіндегі зерттеулерімде, 1960-1991 жылдары КСРО мен Қазақ КСР-да тиісінше шамамен 1.0-2.0 млн. және 57626-115252 қоғамдық-саяси, әділеттілік, бостандық, ұлттық теңдік пен тәуелсіздік,… мәселелеріне қатысты белсенділігі жоғары, рухтары мықты адамдар, негізінен «өзгеше ойлайтындар» (инакомыслящие) ретінде соттан тыс, әкімшілік тәртіппен күштеп психиатриялық ауруханаларға жатқызылып, мәжбүрлеп емделіп, құрбан болғаны аңғарылған (өзгеше болуы да мүмкін). Бірақ, олардың кейіннен қаншасының өлгені, ҚР ДСМ 2021.07.22 №09-1-09/ ЖТ-К 3951 хатындағы статистикалық мәліметке ендірілгені/ендірілмегені туралы анықтама алу мүмкін болмады. Салыстырмалы түрде алғанда, 1991 жылғы Қазақ КСР-на қарағанда, 2021.01.01 күнге ҚР саяси-психиатриялық құрбандар саны (190445-115252)=75193 бірлікке артқан деуге негіздерім бар.

Солардың қатарынан және әруақтарының атынан, ешкіммен және ешқашан күштеп психиатриялық ауруханаға жатқызылмаған, мәжбүрлеп ем жүргізілмеген, бірақ қоғамдық-саяси тұрғыдан компартиялық кеңестік үкімет қалыптастырған жүйеге жат, сенімсіз, қауіпті «өзгеше ойлайтын» (инакомыслящий) тұлға деп, негізсіз психиатриялық диагноз(дар) қойып, заңсыз ПНД есебіне алған, орынсыз динамикалық бақылау жүргізген. Оған келіспей ар-намысын сот тәртібімен қорғап, дәлелдеп, бұзылған конституциялық құқықтарымды қалпына келтіруім оңайға түспеген…

Саяси жағынан ақтау мәселесін қою құқығына «тұңғыш рет» ие болған қазақ ұлтының бірегей перзенті, КСРО, Қазақ КСР мен ҚР жалғыз және «соңғы жеңімпаз» азаматымын. Кеңестер Одағындағы саяси қуғын-сүргін, тергеу ісінде медициналық әдістерді қолдану тарихы туралы 1965-1991 жылдары Қазақстандағы жағдай мен материалдар негізінде кандидаттық жұмысы бойынша ғылыми зерттеушімін. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының саяси құғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның жұмыс тобының және ҚР Журналистер одағының мүшесімін, облыстық «Ұлт тағдыры» ҚБ төрағасымын. Өзімді және отбасымның 10 (он) жанды мүшелерін саяси құрбан ретінде дербес жарлығыңызбен ақтау туралы арызданушы, айрықша статустағы азамат екенімді ескерсеңіз.

Осындай, әлем тарихында теңдесі мен баламасы жоқ, тек КСРО, оның құрамындағы Қазақ КСР-ы мен тәуелсіз ҚР орын алған және бар, олардың бүткіл құрылымдық бөлімдеріне, тергеу, жоғарғы қадағалау, жазалау органдары, қоғамдық-саяси ұйымдар мен өндіріс орындарындағы, мені отбасыммен түбірімізден жою мақсатындағы (МҚК екінші, үшінші, бесінші, алтыншы басқармалары мен олардың тиісті бағыттары) алдын ала келісіп, ойласып, сыбайласа жасалған қылмыс құрамы бар нақты бір қастандықтарға, 1969 жылдан бері, ойларымның бөтен болмағанын партиялық, соттық тәртіппен дәлелдеп, мойындатып, жеңіп шығу, алды кәмелетке толмаған 8 (сегіз) перзентіммен бірге жалғыз өзімнің күресуімнің (нақты 1973-2023 жылдар деуге болады) қаншалықты қиын да қатерлі жағдайда болғанын түбірінен тексеріп, тергеп заңды шешім қабылдау — Президент ретінде Сіздің құзыретіңіз ғана емес, міндетіңіз, ал ақтау талабын қою менің құқығым.

Осыларды, тіркелген құжаттарды, қосымша берілетін түсіндірулерді және сілтеме жасалатын архивтік, ресми құжаттар мен факторлар негізінде, ҚР Конституциясының 40/1,2,3; 42/1; 45/1-баптарын басшылыққа алып, 1993.04.14 №2200 Заң мен 2020.11.24 №456 жарлығыңызды және БҰҰ «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының» 2,5,7,8,9,12,13,18,19 баптарына орай, Сізден сұранарым:

  1. Өзім мен отбасымды саяси тұрғыдан ақтау туралы арызданушы адам ретінде жеке қабылдасаңыз. Ол оң шешілсе, онда қабылдайтын күніңіз, уақытыңыз бен басқа да талаптарыңыздан алдын ала жазбаша хабардар етсеңіз.
  2. Біздер:

1. Мен — Күмісбек Аманқұл Күмісбекұлын, 1944.05.06 күні туған(жеке куәлік бойынша 1944.03.06), білімі жоғары-техникалық;

2. Әйелім — Жақаш Ділдәкүл Тұрсынбекқызын, 1948.07.11 к.т., білімі орта арнайы;

3. Қызым — Күмісбек Гулиана Аманқұлқызын, 1969.06.19 к.т., білімі жоғары-техникалық;

4. Қызым — Күмісбек Динара Аманқұлқызын, 1971.03.25-2013.12.14 білімі жоғары, педагог-тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты (марқұм);

5. Қызым — Күмісбек Гулмира Аманқұлқызын, 1972.12.21 к.т., білімі жоғары-филолог;

6. Қызым – Мусина (Кумысбекова) Айсана Аманқұлқызын, 1974.12.03 к.т., білімі жоғары-маркетолог;

7. Ұлым — Күмісбек Ақниет Аманқұлұлын, 1976.10.03 к.т.,білімі аяқталмаған жоғары;

8. Ұлым — Күмісбек Ғанибет Аманқұлұлын, 1980.06.15 к.т., білімі жоғарғы-техникалық;

9. Ұлым — Күмісбек Ғажайып Аманқұлұлын, 1982.11.11 к.т.,білімі жоғары-журналист;

10. Ұлым — Күмісбек Айбар Аманқұлұлын, 1987.05.13 к.т., білімі жоғары-заңгер, саяси-психиатриялық қудалаудан зардап шеккен (1972-1993 жж.) “құрбандар” ретінде дербес жарлығыңызбен саяси тұрғыдан заңды және толық ақтауыңызды сұранамын.

Тіркелді (көшірмелер):

  1. Жалпы жағдайды баяндау — 4 парақ.
  2. А.Күмісбектің жеке және ҚР ЖО куәлігі-2 п.
  3. Е.Дәулетовтың 1969.04.01 №6/727 шақыру хаты-1 п.
  4. А.Алишевтің шақыру қағазы 1988.07.11-1 п.
  5. Бразилия ФР Президенті Жозе Сарнейдің ашық хаты,1989.05.16-1 п.
  6. К.Рахымжановтың жауап хаты 1990.04.12 №13/2-К-587-1 п.
  7. Т.Шикуланың жауап хаты 1992.04.24 № 13/90-К-1048-1 п.
  8. Н.Кабировтың жауап хаты 1991.08.09 № ЕР/ТО-66-1 п.
  9. Ғылыми Кеңестің хаттамалары 2006.11.24,29,30-3 п.
  10. А.Күмісбектің жұмысшы топ мүшесі туралы анықтама-2 п.
  11. Әл-Фараби аудандық соты мен облыстық архивтің 2021.04.12 және 2021.02.03 № 10-10/86 хаты(1991.08.19 №2-560, 1993.09.23 №2-345 және 2001.11.02 №2-2531 шешімдерінің сот пен облыс архивіне өткізу қабылдау актіне тіркелмеген («қолды» болғаны) туралы анықтама – 2 п, барлығы – 19 (он тоғыз парақ).

Ізгі ниетпен А.Күмісбек

Шымкент қаласы

2023.08.15

ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙДЫ БАЯНДАУ

Мені және перзенттерімді қоғамдық саяси мақсатта қудалаудың басталуы, психиатрияны қолдауынан ар-намысты қорғау барысы, нәтижесі мен жұмыс істеген Ленгір аудандық Советі атқару комитеті, «Фосфор» және «Шымкентшина» ӨБ мен басқа да кәсіпорындардағы жағдайлар;

Шымкент аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, одақтық КОКП мен Жоғарғы Кеңесінің құрылымдық органдарының бірінші басшыларының аттарына жазылған арыз-шағымдарыма(ызға): «уәждеріңіз дәлелсіз, қанағаттандыруға негіздер»; — жоқ деген және/немесе қарау құзыреттілігіне қарай тиісті органдарға жолдап жіберген жоғарғы лауазымды қызметкерлер (1969-2023 жылдар):

  1. Ленгір аудандық милиция бөлімі, Е.Дәулетов — кекете сынап-мінеген;
  2. Облисполком, мұның төрағасының орынбасары Н.Кабаров, қызметкерлер А.М.Алишев, Г.В.Шкула, К.Рахимжанов;
  3. КОКП мен Жоғарғы Кеңес құрылымдары: М.С.Горбачев, М.С.Соломенцев, М.Пономарев, Густов; Бас прокуроры А.Сухарев, ЖС төрағасы В.И.Теребилов, ДСМ Е.Чазов, Бас психиатрлар А.Карпов, А.А. Чуркин;
  4. ҚКП мен Жоғарғы Кеңесінің және ҚР Президентінің аппараты, Үкіметінің құрылымдары, Парламентінің лауазымды қызметкерлері: Д.А. Қонаев,А.Каликов, В.Колпаков, Е.Бакеев, Г.В.Колбин, Н.Ә.Назарбаев; ЖК Президиумының төрағасы С.М.Мұқашев; Бас прокурор Г.Е. Елемесов пен Ю.Хитрин; ЖС төрағасы Т.К.Айтмухамбетов пен М.Нәрікбаев; облыстық, қалалық, аудандық, «Фосфор» және «Шымкентшина» ӨБ партия ұйымдарының хатшылары мен басшылары: Р.Мырзашев, К.Төлебаев, К.Т.Алипова, Т.Сегізова, Б.А.Рузанов, Ж.Зортаев, А.М.Әлішев, В.Селецкий, С.К.Торгаутов және М.Т.Көпбасаров, В.К.Колесниченко, В.М.Терещенки, Ю.В.Рева;
  5. Тәуелсіз ҚР Басшылары: Н.Ә.Назарбаев, Н.З.Нигматуллин, ЖК пен Парламент депутаттары А.Тшанов, И.Байдаулетов, Е.Бөлегенов, Б.Кесебаева, М.Тәжімағамбетова, А.Перуашев; Бас прокуроры Ғ.Д. Нұрдәулетов, прокуроры С.О.Оңғарбаев пен облыс прокурорлары К.Б.Ибраев, Н.К.Мамытов, А.Н.Левкин, М.Қожабаев, Н.Тоқтаров; обл. сот төрағалары Ж.Д. Достаев пен М.Т. Әлімбеков;
  6. Сіздің атыңызға 2020.11.20, 2021.03.11. 2021.08.06 және 2023.04.22 жолданған арыз-шағымдар мен «Әділет Рухани жаңғыру» газетінің 2021.01.22 №02(117) санындағы Сіздің назарыңызға ұсынылған «Архивтік ақиқат» және 2023.05.31 №15(200) санындағы «Істің бұлай шудалануы әлі де талай шу туындатады» атты сын мақалалардағы ұсыныстар мен талап тілектерді, сілтеме жасалған құжаттарды қараңыз, аты-жөндері көрсетілген лауазымды қызметкерлердің қажет дегендерінен(тірілерінен) түсініктеме алыңыз (МҚК/ҰҚК Шымкент/ОҚО департаментінің қызметкерлері Л.С.Казанков пен Е.Б.Исақуловты ұсынамын).
  7. КСРО МҚК Ю.Андропов басқарған және апогейіне жеткізген 1965 жылдан бергі 58 жылға жуық мерзімде, «өзгеше ойлайтын» адам ретінде, мен отбасыммен түп-тамырыммен жойылуға тиісті болғанмын. Ондайды 1989-1991 жылдары Мәскеу мен Ленинград қалаларына ар-намысымды қорғау мәселесімен барғанымда, олардағы тәуелсіз халықаралық психиатриялық зерттеу орталықтарының психиатр-эксперттерінен, қоғамдық-саяси құқық қорғау ұйымдарының мүшелері мен басқа да кәсіби мамандармен жеке пікірлесулерде естіген болатынмын…

Бірақ, тәңірдің таңдауымен, ата-бабаларым мен ана-әжелерімнің әруақтарының қолдауларымен, пірлерімнің медет берулерімен, Қыдыр атаның қорғауымен, Ием мен киемнің жан-тәнімде болуларымен және өзімнің сақтық амалдарын дер кезінде қолданғандықтан, қоғамдық қатынаста, еңбекте міндеттерімді заң талаптарына сай, адал, сапалы, дер кезінде орындағандықтан, қателіктер мен құқықбұзушылықтарға ұрынбай, күштеп психиатриялық ауруханаға жатқызуға себеп-сылтау қалдырмай, «сыртта» аман қалып қойғанмын…!?

Мүмкін тағдыр мен қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуал мен тарихи жағдайлар, осы іс бойынша Сізбен кездесіп, кімнің қандай адам екенін білуді бұйыртқан болар.

Осы қылмыс құрамы бар қастандық істердегі эпизодтарға, тұжырымдарға, оларды бағалауға негіздер беретін ресми және архивтік құжаттарға, БАҚ-та жарияланған сын мақалалардағы деректерге сілтемелер:

  1. «Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының Мемлекеттік архиві» КММ-де 281 парақтан тұратын, менің дербес партиялық ісіме қатысты жинақталған құжаттардағы, ол қаралатын әрбір бюро мәжілісінің алдында Шымкент қалалық психиатриялық ауруханасынан сұратын алдырылған анықтамада, мені 1972.11.16 күнінен бері «сылбыр өтетін шизофрения» (вялотекущая) диагнозымен ПНД есебінде тұрады дегенін растап, оның симптомдарының барын білдіретін белгілер бар деген түсініктеме жазуды, ҚКП Республикалық ПБК нұсқаушысы Е.Бакеев, облыстықтікі Ж.Зортаев пен МҚК Шымкент облысы бойынша департаменті қызметкерінің(аты-жөні құпия қалуда) тікелей қатысуларымен, «өзгеше ойлайтын» (инакомыслящий) адам ретінде түбірімен жойылуға тиісті (искоренения) деп ұғындырып, қалай және нелерді жазу керектігіне нақты талап тілектер қойған. «Фосфор» ӨБ («Шымкентшина ӨБ-де де болуы мүмкін) МҚК екі «шұғыл-әскери бөлімінің» штаттық қызметкерлерінің болғанын/барып, оның 6-шы бөлімінің басшысы болған, майор Е.Б.Исақулов 1992.02.12 күні басқа бөлім басшысы Ж.Джарасовқа берген түсініктемесінде растаған.

Сол түсініктемелерден қысқаша үзінділер:… А.Кумысбеков безинициативный, равнодушный, несамостоятельный, не принимает собственных решений, не справляется с объязанностями старшего мастера, политически безграмотен; поддерживает политику Рейгана, воспитывает новых сахаровых; всегда отделяется от коллектива; не был принят в партию из-за национального вопроса, аполитичен; извращенно толкует политику партии и положении Конституций СССР; критикуя однопартийную систему в советской стране, считает для своего мировоззрения подходящим страну, где существует две политические партии, одна из которой была бы коммунистической; приведенные в его письме о нарушениях трудовой и производственной дисциплины в цехе, производстве и объединений, в основном подтвердились; безответственно относится к работе; не вмешивается в ход событий, если видит что-либо делается неправильно; самостоятельно не решал ничего; свои обязанности как старший мастер в полном объеме не выполнял; инициативы не проявляет; отсутствует правильное понимания марксистко-ленинсой теории; не различает захватнических и освободительных войн; говорит о причинах начала Великой Отечественной войны, высказывается по поводу нападения Гитлер на нас, объяснял о ситуациях в Никарагуа и введения наших воиск в Афганистан. Высказывался критически, что если бы мы не ввели свои войска в Прибалтику, Западную Украину и Белоруссию, то Гитлер не напал бы на нас. Ведь ему тоже надо же укреплять свои позиции; был постоянно «обижен», что его «гоняют»; в цеховых собраниях выступая ставил вопрос о необходимости выбора в профсоюзные и другие организации побольше казахов, так как мы живем в Казахстане, поднимал в бригаде «мнимый» национальный вопрос; опаздывал на работу, совершал прогулы, сменил достаточно много мест работы, нигде не задерживаясь более года; в цеху имел претензии к своей работе; долгое время работал слесарем, ему отказывали в должности ИТР из-за пассивности в работе и не умение общаться с товарищами по работе. Позже его назначили мастером, но я думаю только за нехватки кадров; в коллективе настаивал на своем точки зрения не приносящий пользу обществу; редко выступал на собраниях, если и выступал, всегда начинал с цитатов западных поэтов, мудрецов и отклонялся от повестки дня партийного собрания…, — деп жалғаса берген!?

Бұлардың барлығы, бастапқыда келтіргенімдей, КОКП ОК мен ЖК Президиумы басшылық еткен құрылымдарына ұйымдық-техникалық жағынан жетекшілік еткен, ақпараттық қамсыздандыруды, оның қолданылуы мен орындалуын қадалаған МҚК/ҰҚК мен ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ДСМ, прокуратура, сот органдарының, сонымен қатар қоғамдық ұйымдар(партия, кәсіподақ және т.б.) мен олардың «шолақ белсенділерін», жеке тұлғаларды (БАҚ-та жариялаған сын мақалаларымда атаулары мен аты-жөндері келтірілген және алдағы уақытта толықтырылады) тарту жолымен жүзеге асырылғанын аңғартады әрі дәлелдейді.

КОКП ОК ПБК 1989.03.14 №320 шешімімен, тәртібімнің түзу еместігі үшін, оған мүшелігімді қалпына келтіруден бас тартылған еді. Мәскеу мен Ленинградтан «оң қорытынды» әкелген соң, ҚКП ОҚО партия комитетінің, мені партия мүшелігінен шығарған Еңбекші аудандық партия комитетінің (бірінші хатшысы Б.А.Рузанов) 1985.10.24 бюро қаулысын қателік деп тауып, партияға мүшелігімді 1983 жылдан деп қалпына келтірді (ҚоР.40,Тіз.7а, іс.94 п.п. 262-266,2,12-14).

Осы жерде, мызғымастығын МҚК қамтамасыз ете алмаған Одақтың ыдырауының ең негізгі деп есептелетін 13 себебінің бірі (басқалары да бар):… «Темір торлы жабық ел» атанған КСРО-да іс жүзінде адамдар шетелге шыға алмады. Олар мемлекеттің жауы, шпиондар деп жарияланды. Шетелдер техникасын қосып, хабарын және музыкасын тыңдағандар, киімдерін кигендер, шетел авторларының кітаптарын оқығандар «қатаң жазаланды» деген халықаралық тұжырымды келтіруді жөн көрдім. Себебі мені шетелге кетуге арыздар жазған «шпион», «мемлекеттің жауы», шетел авторларының кітаптарын оқитын, олардың ақындары мен ғұламаларының туындыларынан үзінділер келтіреді деудің өзі МҚК/ҰҚК мені түбірімнен құрту мақсатында құлшына жұмыс жүргенін көрсетеді.

Сондықтан болса керек, бізді ақтау мәселесі 1993.01.03-2023 жылдың осы арыз жазылған күнге дейін, Қазақ КСР мен ҚР Жоғарғы Кеңесінің құзыретті органдары мен олардың бірінші басшыларының, солардың ісін алға қарай қозғаушысы Сіздің атыңызға 2020.11.20, 2021.03.11, 2021.08.06, 2023.04.22 күні жолданған арыздар мен «Егемен Қазақстан» 1993.03.17, «Дат» 1998.04.22, «Қазақ әдебиеті» 1998.07.10, «Айғақ» 2004.12.27, «Әділет» 2010.05.27 және 2014.05.30, «Діл» 2010.05.28, «Әділет, рухани жаңғыру» 2019.05.30, 2021.01.22, 2021.09.24, 2023.05.31 газеттерде жариялаған сын мақалаларда, 1993.04.14 №2200 Заңның 1,3- баптарына «мен ұсынғандай» толықтырулар енгізілмесе, бізді саяси тұрғыдан ақтамаса, әрекетсіздік танытса, онда мемлекет психиатрия қызметін алдағы уақытта жасарын жолменен, саяси-психиатриялық қылмыс жасау құралы ретінде қолдануға мүдделі әрі жауапты болуға тиісті деген жеке пікірімді жазғанмын…

ҚР Бас прокуратурасының 2021.02.11 №2-20-21-01330 және Президенттің (Сіздің) Әкімшілігіңіз 2021.02.22 №3Т-Қ-3027,19 Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы — Білім және Ғылым Министрлігіне бізді ақтауға қорытынды-ұсыныс жасауға жолдаған хаттарына жауап алмадық.

Мұндай бойкүйездік, меңіреулік, жауапсыздықты білдіретін «өлі тыныштық» — мені мазалайды…

Себебі, марқұмдар Н.В.Подгорный, Л.И.Брежнев, Ю.В. Андропов, М.С.Горбачев, В.А.Крючков, Д.А.Қонаев, Г.В.Колбин және қазірше тірі Н.Ә.Назарбаев шешілмейтіндей еткен «түйінді» Сіз тарқата аласыз ба, жоқ па? АҚШ Конгрессмендері Роберт Фрэнд пен Стэни Хойер 1989 жылы «іргетасын қалап кеткен»- «өзгеше ойлайтындар» қатарында, Қазақ КСР мен ҚР «өзгеше ойлайтын» 57626-115252 құрбан адамдар қатарында статистикалық бірлікте болған мен, отбасыммен 34 жылдан кейін болса да,Сіздің бізді ақтауға азаматтық арыңыз бен тұлғалық парызыңыз, қызметік түсінік-түйсігіңіз жетер ме екен?- деген үміт пен күмәнмен арызданудамын. Мұны «оң» шешу Сізге сын әрі серт, тоқтаусыз сөре сызығынан жеңіспен «желіп өту» маған серт!?

P.S. 1991.08.19 КСРО-да «Путч» болған ай, күн мен сағатта, «Қырғын соғыс «тақ таласынан» шықты дегендей, аяусыз айқас «ар-намыс пен болашақ» шайқасынан шығып, облыс, Республика, Одақ, халықаралық пен Әлем деңгейіне жеткен…, Шымкенттегі 1991.08.15-19 күндері сотта менің психиатрларды «тізе бүктіріп», тарихта теңдесі жоқ жеңіске жеткеніме, 2023.08.19 күні 32 жыл болады…

РФ мен ҚР ондай «Путчтың» қайталануын, Сіз болмасаңыз, Мен қаламаймын. Ол Сіз бен біздің «аяқты дұрыс және/немесе бұрыс басуларымызға» тікелей байланысты болатыны тарих тағылымынан белгілі.

А.КҮМІСБЕК

Шымкент қаласы

2023.08.15

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *