ЕҰУ-ДА СЕЙДАХМЕТ БЕРДІҚҰЛОВ АУДИТОРИЯСЫ АШЫЛДЫ

Білім Спорт
379 Views

Еуразия ұлттық университетінде қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушы, белгілі публицист-жазушы Сейдахмет Бердіқұлов атындағы аудитория ашылды. Бұл қаламгердің туғанына 90 жыл толуынаарналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында ұйымдастырылды. Іс-шарақазақстандық және шетелдік ғалымдардың, спорт журналистерінің, С.Бердіқұлов шәкірттері мен ізбасарларының, спорт федерациялары өкілдерінің қатысуымен өтті.

– Сейдахмет Бердіқұлов – қазақ спорт журналистикасының мэтрі. Ол саналы ғұмырын ел игілігіжолында өзінің сүйікті кәсібіне арнап, ізбасарларын дайындады және шәкірттәрбиелеген.

Аудиторияны оның есімімен атап, біз ұрпақтар сабақтастығын жалғастырғымыз келеді. Оның атаулы аудиториясы және одан кейінгі «Бердіқұлов оқулары» арқылы біз кейінгі ұрпаққа бай тарих пен тәжірибені жеткізгіміз келеді, деп атап өтті ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов.

Бұл аудитория қабырғасындаболашақ журналистер теорияны және тәжірибені меңгеріп, шеберлік сыныптары өткізіледі. Олар Сейдахмет Бердіқұловтың еңбектерін және ол туралы дереккөздермен детаныса алады. 2020 жылы ЕҰУ «Спорттық журналистика» білім беру бағдарламасын ашты. Бүгінгі таңда 40-қа жуық студент бұл мамандықты игеруде. Оқу үрдісіне осы саладағы танымал спорт комментаторлары мен журналистер тартылады.

«Сейдахмет Бердіқұлов — аңызға айналған адам. Ол жастар бойында намысшылдықты сіңіру жолында ерекше еңбек етті. Футболды ойын емес, ұлт рухын көтеретін ұғым екендігін жеткізуге тырысты. Намыс деген ұғымды спорт арқылы жеткізді. Міне, үлкен қасиеті осында. Бүкіл спорт әлемі оның намысшылдығын ерекше бағалайды», — деді белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Сауытбек Әбдірахманов.

Конференцияға қатысушылар белгілі журналистің басқарушылық және педагогикалық қасиеттері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Егемен Қазақстан»газетінің бас редакторының орынбасары Талғат Батырхан С.Бердіқұловтың журналистикадағы ерекше қолтаңбасы жайлы әңгіме қозғады.

ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ спорт тарихын дамыту туралы еңбектер оқу үрдісіне көмектесетінін, сонымен қатар келешекте аудитория жаңа жәдігерлермен толықтырылатынын атап өтті.

«Қазіргі қазақ спортжурналистикасы және медиакоммуникация мәселелері» конференциясы барысында СейдахметБердіқұловтың еңбек жолы, шәкірт тәрбиелеу мектебі, қазақ спорт журналистикасын дамытуға қосқан үлесі төңірегінде баяндамалар тыңдалды. Сонымен қатар белгіліспорт журналисі Қыдырбек Рысбекұлы әйгілі спорт журналисінің шеберлік қырларынашатын баяндама жасады.

Белгілі спорт журналисі, Сейдахмет Бердіқұловтың шәкірті Несіп Жүнісбайұлы ұстазы туралы журналистика және саясаттану факультетінің студенттеріне арнайы сұхбат берді.

Ж. РАЙХАНОВА,

Астана

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *