ОҢТҮСТІККЕ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ КЕРЕК

Білім Мәселе
432 Views

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол ҚАРАШӨКЕЕВТІҢ,

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАНБЕТОВТІҢ,

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ ШӨКЕЕВТІҢ НАЗАРЫНА!

ОҢТҮСТІККЕ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ КЕРЕК

Еліміздегі экономиялық саясатты, яғни, экономикалық дамудың ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларын құру, инвестициялар мен инновацияларды ынталандырудың тиімді тетіктерін енгізу, тауар және еңбек нарығындағы бәсекелестікті арттыру, халықтың әл-аухатын жақсарту, нарықтағы бәсекеге қабілетті болу – бүгінгі жаңа үкіметтің алдына қойған мақсатты жоспары. Міне, осыны ескере отырып ғұмырын ауыл шаруашылығына арнаған маман ретінде экономиканың осал секторларын ықтимал көлеңкелі салдарлардан қорғау мақсатында көптен бері көкейімде жүрген бірнеше мәселені өздеріңізбен бөлісуді жөн көрдім.

Атап айтсақ. Ең алдымен маңызды мәселе: ауыл шаруашылық саласын білім менғылымға тікелей ұштастыру, яғни жоғары оқу орындары мен колледждердіңоқу-өндірістік тәжірибелік базаларын ашу керектігі уақыт талабы болып отыр.Осының ішінде агро-консультативтік орталықтар, биолаборатория,машина тракторпаркі, тауарлы-сүт фермалары және ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтері менфермер – шаруа қожалықтарына ұсыным ережелері менқажетті мамандар даярлаубүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналғаны қашан.

Айталық, оңтүстік өңірі ауылшаруашылық саласын жүргізу үшін ең қолайлыаймақ саналатындықтан, бұл өңірде өнімді жылына 2 немесе 3 рет егіп алуға толықмүмкіншілік бар. Оған ғалымдардың еңбегінен де көруге болады жәнеауылшаруашылығы өнімдері мен азық-түліктің қымбатшылығы өршіп тұрған тұстаШымкент қаласынан Аграрлық университет ашуға өз-өзінен сұраныс туындап тұрғаныбелгілі болып тұр. Егер елімізде ауыл шаруашылығы өнімдері отандық нарықты толық қамти алса, бағаның шарықтауына жол берілмес еді. Сондықтан тез арадашұғыл оңтүстік өңірдің егістік алқаптарын, мал шаруашылығын мұнан жүздегенесеге ұлғайту қажет. Егер Шымкентте аграрлық университет ашылса, Шымкенттіңөзін емес, Түркістан, көршілес Жамбыл, Қызылорда облыстарының жастарын да оқуғатартып, маман даярлап шығаруға болады, әрі осы үш облыстың ауыл шаруашылығыгүлденеді деген сөз. Бұған қаражатты қайдан аламыз деп сабылып бас ауыртудың,не болмаса жобаны басынан қараудың қажеті жоқ. Мәселен, Шымкент қаласындаМ.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 15-ке тарта аграрлықмамандықтар оқытылады. Бұл университте агрономияның 2 мамандығы, зоотехния,ветеринария, орман шаруашылығы, гидрология-су шаруашылығының инженері т.б.саланың мамандықтары жетерлік, тағы университет лабораториясыныңқұрал-жабдықтары топырақ құрамын зерттеумен қатар фитосанитария, өсімдіктіқорғау бөлімдері бар. Міне, мамандандыру және оқыту базасы дайын! Осы оқуорнының агро салаға қатысты білікті мамандарын жаңадан ашылатын аграрлықуниверситеттің оқыту құрамы етіп қалыптастыруға болады. Сондай-ақ Шымкенттіңөзінде орналасқан «Оңтүстік – Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеуинституты» мен Шымкент аграрлық колледждерінің оқу ғимараттары мен оқу-өндірістікбазалары бар. Сондықтан оқу корпустары да, оқытушы, профессорлық штаттары дажеткілікті болып отыр. Ал, аграрлық сала мамандарын жоғары біліктілікпен оқытылатын болса, еліміздегі аграрлық салаға қан жүгіреді.

Әлгінде айтқан «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің қарамағына 648 га суармалы жер тиесілі. Қазір бұл жер уақытша жалға берілген. Мақта,жоңышқа,күріш т.б. дақылдар егіледі. Болашақта жекенің қолына өтіп кету қаупі де жоқ емес. Негізі Республикадағы 4-5 ғылыми зерттеу институттары мемарандумға қол қоя отырып, жоғары тиімді түрлерін, сорттарын ашып өндіріске енгізіп, фермер шаруа қожалықтарына жаңашылдықтарын енгізіп, жоғары өнім алуға ұдайы жол ашылып, отыру керек болатын, ал шын мәнінде оған әлі қол жеткізе алмай келеді. Сондықтан тез қимылдамаса болмайды. Бұл аймақ институттың ғылыми мақсатына жұмсалуы тиіс болатын. Қажет болса, жаңадан құрылатын Аграрлық университеттің оқу-өндірістік базасына айналдыру керек! Бұл жерге егілетін ауылшаруашылық дақылдарынан түсетін пайда университеттің дамуы мен ғылымның өркендеуіне, яғни мал тұқымын асылдандырумен қатар ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа түрлерін, сорттарын көбейтуге ауыл шаруашылық класстерін дамытуға арналады. Жеміс-жидек, көкөніс цехтары мен тауарлы-сүт фермалары т.б. көптеген түрлері дамитын болады, ең бастысы студенттер асханасы тегін жұмыс жасай отырып басқа да жақсы тұстары бірінен соң бірі шешіле береріне күмән болмайды.

Яғни, болашақ ауылшаруашылығы мамандары теорияны практикамен ұштастырып, жермен қалай жұмыс істеуді жан-жақты меңгеріп шыққан болар еді. Одан бөлек, экономикалық тұрғыдан да көптеген пайдасы болады. Сондай-ақ, егін шаруашылығымен қатар мал шаруашылығын да жандандыруға мүмкіндік бар. Омарта (пчеловодсто) шаруашылығы да кең етек жаяды, ал зоотехния мен ветеринарларға 100 сауын сиыр, бордақылау алаңын, яғни тауарлы сүт фермаларын (М.Т.Ф) сала отырып сүт зауыты мен көкөніс консервілеу, жеміс шырынын шығаратын цехтарды ашу мүмкіндіктері өз-өзінен шешіледі емес пе?! Қысқаша айтқанда, барлығының класстері ұйымдастырылатын болады, енді осылардың бәрін көзбен көріп, қолымен ұстап оқыған студенттер бітіргеннен кейін нағыз тәжірибелі маман болып, университеттің базасы нығайып студенттер асханасы мен жатақхана т.б. мәселелері өз шешімін табады.

Ары қарай агроөнеркәсіп саласын дамыту үшін қосатын ұсыныстар:

Бірінші: Ұсақ шаруа қожалықтары кооперативтерге, ұжымдарға біріктірілсе, өнімділік артып, бұрынғыдай әр ауылдарда тауарлы-сүт фермалары, яғни сүтті-етті фермалары бірден дамып, егін шаруашылығы да тиісінше жоғары деңгейге жетіп, мал және егін шаруашылығына бірден жол ашылары сөзсіз. Әрі ауыл шаруашылығындағы жерлердің құнарсыздану, тұздану, эрозияға ұшырау төмендеп, сонымен қатар, а/ш техникаларының нормативтерге сай тиімділігі артып, банкке қояр кепіл дүниелері ұлғайып цех қондырғыларын қиналмай алары сөссіз шешіледі.

Екінші: Қаржы институттарын реформалай отырып, бір орталыққа біріктіріп бұрынғыдай «Агропромбанк» немесе басқа атаумен аталса да, ауыл шаруашылық саласын дамытуға тікелей мүдделі етіп ұйымдастыру қажет. Себебі, «А.К.К.», «Казагро қаржы» А/ш қаржылай қолдау қоры жекелеген талаптары шаруаларға тиімсіз тұстары көптеп кездеседі және алға дамудың стратегиялық жоспарлары жоқтың қасы.

Үшінші: Бұрынғы жылдардағыдай а/ш алқаптарына мемлекеттік тапсырыспен алқап аралық егілетін орман жолақтары егілу қажет, оның ішінде тиімді түрлерін тұт (шелковица), жібек шаруашылығы қоса дамиды және тікенекті ағаштардың (гледичия, акация) түрлерін ексе малдан қорғау мен қатар қар тоқтату және т.б. мәселелер шешілген болар еді.

Төртінші: Мал және егін шаруашылығының класстеры кенжелеп тұрған тұста ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен бекітілген нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын 2027 жылға дейін созып ары қарай жандандыра отырып, барлық қатысты министрліктер біріге отырып бірлескен бағдарламаны қабылдаса, ел экономикасы дамумен қатар азық-түлік бағдарламасы шешіліп, жұмыссыздық деңгейі азайып, халықтың еңсесі көтеріліп, республикадағы отандық тауарлардың еселеп көбеюіне жол ашылар еді.

Бесінші: Егін шаруашылығындағы тағы бір қиындық, суармалы судың жетіспеуі, яғни тапшылығы сезіліп тұрған тұста суармалы алқаптарды суаруда бас каналдар мен алқапаралық каналдарды көлеміне қарай полиэтиленді трубалар мен кезең-кезеңімен алмастырса су үнемделіп, жердің сорлануы, эрозияға ұшырауы тоқтап, тік дренаждарға кететін бюджет қаражаты үнемделіп, мал шаруашылығын дамытуға да оң өзгерістер болатыны сөзсіз. Себебі, арам шөптер, қамыс т.б. өсімдіктермен қоректенетін сона, маса т.б. зиянкестердің бірден азайып, яғни төрт түліктің аурулары да тыйылады деген сөз.

Алтыншы: Республика бойынша мал шаруашылығын өз деңгейінде дамыту үшін жайылымның мәселесі шешілмей келе жатқандығына байланысты, оның да өз шешімі бар екендігі, ол үшін «Орман қоры жерлеріндегі жайылымды, яғни миллиондаған гектар алқаптар онсыз да мал бағылып пайдаланылуда, енді ҚР орман кодексінің 3-бөлім, 6-тарау, 31-баптың 2-бөлігінде көрсетілгендей және тиісті талаптарды сақтайтын шаруаларға 10 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге беруге болатыны нақты көрсетілген, осы мәселені орман шаруашылығы комитетімен меморандум немесе басқа да жолдармен шешуге болатынын айтқым келеді.

Жетінші: Республика бойынша орман қоының жерлерін (Г.Л.Ф.) халық игілігі үшін ғылыми негізделген түрде толық пайдалануға болады. Оған мысалдар жетіп артылады. Шығыс Қазақстандағы маралдарды Ақсу жабағлығы қорығы мен Сайрам-Өгем ұлттық паркінің жерлеріне әкеліп пантоемдеу орталығын ашуға және таулы аймақтардың ағаш сирек өске жерлеріне (редина) алма баулары, грек жаңғағы мен тау пістелері (фисташка) көптеп егуге болады т.с.с.

Сонымен қатар Ақтөбе облысының Мәртөк ауданына 3 жыл бұрын әкелінген 150 бас марал кәзіргіт аңда 300 басқа жетіп, панто емдеу орталығы жоғары деңгейде жұмысын атқаруда.

Жоғарыда жазылған ұсыныстарымның маңыздылығын ескере отырып, өзіңіз ой-елегіңізден өткізіп, орындалуын өз қадағалауыңызға алсаңыз және аймақтардың ерекшелігіне қарай пилоттық жобалармен көз жеткізе отырып, кей ұсыныстарымды тікелей бастап жіберуіңізге толық мүмкіндігіңіз бар деп есептеймін. Ал осы ұсыныстарымның көпшілігінің бизнес — жоспарлары дайын екенін айтқым келеді, сонымен қатар іске асуына және мұрындық болып басы-қасында жүруге аянып қалмайтынымды ескерткім келеді.

Базарбай ТІЛЕУМБЕТОВ,

II-III- шақырылымның

мәслихат депутаты,

Түркістан облысына еңбегі сіңген қызметкер

және агроөнеркәсіп кешені

кәсіподағының төрағасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *