КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ

Қоғам Құқық
1 217 Views

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті республикалық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларының» талаптары негізінде Шымкент қаласының ұйымдастырушыларымен мемлекеттік сатып алу веб-порталына (www.goszakup.gov.kz) жарияланған мемлекеттік сатып алу бойынша камералдық бақылау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушылармен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның (бұдан әрі – Заң) талаптарын бұзылуын алдын алу болып табылады. Сондай-ақ, камералдық бақылау жұмыстары мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру, әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу қағидаттарына негізделеді.

 Бүгінге күнге Департаментпен бірнеше заңбұзушылықтар анықталуда. Айтар болсақ, «Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі веб-порталына жалпы сомасы 44 396 428 теңгеге жариялаған «Шымкент қаласы Еңбекші ауданының аумақтарын қураған және апатты ағаштарды қырқу, шөп ору және легустраларды қырқу жұмыстарын» ашық конкурсы бойынша конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілерге (конкурсқа қатысушыларға) мемлекеттік сатып алу заңнамаларында көзделмеген біліктілік талаптарын қойған. Атап айтқанда, «әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысының қолбелгілері және мөрі қойылған жұмыстарды атқарудың (адамдардың, мәшинелердің, механизмдердің санын көрсете отырып) кестесі» және әлеуетті өнім беруші қоқыс қабылдайтын мекемемен түзілген келісімшарт ұсыну қажет, – делінген талаптар қойылған. Бұл өз кезегінде мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін біліктілік талаптары болып табылады. Осыған орай, Департаментпен тарапынан ұйымдастырушыға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолданып, ұйымдастырушымен аталған конкурстың біліктілік талаптары заңға сәйкестендірілді.

К. МОМЫНОВ,

департаменттің бас маманы, мемлекеттік аудиторы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *