«ӘРБІР МЕКЕМЕ БАСШЫСЫ ӘРІПТЕСТЕРІН ӨЗ ДЕҢГЕЙІНЕ КӨТЕРУІ ҚАЖЕТ”

Білім Сұхбат
124 Views

Нұргүл ШАМШИЕВА, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы:

«ӘРБІР МЕКЕМЕ БАСШЫСЫ ӘРІПТЕСТЕРІН ӨЗ ДЕҢГЕЙІНЕ КӨТЕРУІ ҚАЖЕТ”

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білімсаласындағы мәселені үнемі өз бақылауында ұстап, білім саласының заман талабынасай болуы үшін қаржыны да, қамқорлығын да аямай, мектептер мен балабақшаларғабарынша жағдай жасауда. Жылдан жылға ұстаздар қауымының беделін көтеретін,әлеуметтік жағдайын жақсартатын нақты міндеттер белгіленді. Шымкент қаласыныңжаңа әкімі Ғ.Сыздықбековтың қызмет жолының басталуы көптеген мекеме басшыларының жаңа қызмет жолдарын ашты. Біз осыған орай, Шымкенттің жаңа басұстазы Нұргүл Ақылбекқызы Шамшиеваға арнайы жолығып, сұхбат алдық. Нұргүл Ақылбекқызы бұған дейін еңбек жолының 22 жылын білім мен тәрбиесаласына арнаған және де білім басқармасының басшылығына келмей тұрып Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысықызметін атқарған.

– Сіз білім саласын жетік меңгерген жансыз. Дегенмен басшылыққа келгеніңізге екі айға жуық уақыт болды. Осы уақыт аралығында жасағанжұмыстарыңызға тоқталып өтсек…

– Менің бұған дейінгі қызметімде білім саласынан алыс болған жоқ. Иә, алдыңғықызметімде білім саласында қандай өзекті мәселелер бар деп сырттан бақылаужасайтын болсам, енді сол өзекті мәселелерді шешу үшін ішкі қызметке келдім. Алекі айдың ішінде атқарылған жұмыстарға келетін болсақ, біріншіден, өздеріңізбілесіздер, қандай да бір жұмысты бастамас бұрын оны жоспарлау керек. Жоспарлау үшін ағымдағы жағдайды зерттеу керек, ағымдығы жағдайды зерттеу үшін зерделеужұмыстарын жүргізу қажет. Біз де жұмысымызды осыдан бастадық. Біріншіден барлықбілім беру ұйымдарында, әсіресе орта білімді мектептерде ішкі бақылау жоспарыдеген бар. Ішкі бақылау жоспарларының барлығының зерделеу жұмыстарын жүргізіп, арнайы білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсеттік. Мемлекеттік болсын,жекеменшік немесе білім беру ұйымдары болсын, осы зерделеу жұмыстарымен қамтылды.Қазіргі уақытта бұл жұмыс аяқталды. Әдістемелік көмегіміз барлық білім беру ұйымдарының көңілінен шықты деген ойдамын. Екінші атқарған жұмысымыз – Ұлттық білімберу деректер қоры (ҰБДҚ). Оның ішінде білім саласына қатысты негізгі көрсеткіштердіңбарлығы берілген. Жыл сайын бұл жүйе жинақталады. Жылдар бойы ол жинақталып, қаншалықты дұрыс толтырылғаны туралы зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бұлзерделеу әрі әдістемелік көмек көрсету. Осы жұмысты да біз жақында аяқтадық.Әзірше атқарған жұмысымыз осы. Одан бөлек мен келгенге дейін білім басқармасының өзінің бекіткен жұмыс жоспары бар, сол жұмысты әріптестерменбірге жалғастырудамыз.

-– Сіз басшылық қызметте болғаннан соң қазірсіздің қоластыңызда білім орталықтарын басқарып отырған мектеп директорларына қандай да бір талап қоясыз ба?

Жалпы білімберу ұйымының басшысы болуы үшін өзінің біліктілік талаптары бар. Ал жеке өзімекелетін болсақ, басшы ретінде әріптестеріме қоятын талабым: бірінші кезекте – жауапкершілік.Бізге берілген бала бұл – аманат. Аманатқа қиянат жасауға болмайды. Сондықтанбаланы бізге ата-ана тапсырғанда тек қана білім алсын деп емес, тәрбие алсындеп те үміттенеді. Өздеріңіз білесіздер, атақты ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оныңөміріне қауіп әкеледі» деген. Сондықтан білімберу процесінде академиялық білім беріп қана қоймай, сонымен қатар тәрбиемен бірге ұштастыру қажет. Қазіргі уақытта Республика бойынша әзірлеген «Біртұтастәрбие бағдарламасы» бар. Құрылымы керемет, ол біздің ұлттық құндылықтарымызескере отырып жасалған бағдарлама. Біз осы бағдарламамен жұмыс жасап жатырмыз. Сондықтан білім беру ұйымдарының басшылары «оқу тәрбие құралы» процесінұйымдастыруда.

Әр сәрсенбі күндері кабинетіңізде сағат 15:00-ден кешкі 19:00-ге дейін қоғамдық қабылдау өткізесіз. Келіп шағым айтушылар көбіне қандай тақырыппен келеді? Олар қалай шешіліп жатыр?

– Қабылдауға әртүрлі азаматтар келеді. Кейде ұстаздар өздерінің жекемәселелері, ұсыныстары, жұмыстағы қиындықтаржөнінде және ата-аналар да келеді. Азаматтарды қабылдау кезінде басқарманың жауапты мамандары бірге қатысады. Айтылған мәселе қай ұйымға байланыстыболғанына қарай шешіледі. Мысалы, дер кезінде шешілетін болса, сол ұйымныңбасшысы мен ақылдаса келе шешіледі. Ал мәселені шешу үшін қандай да бір шешімқабылдау керек болса, мәселеге қарай болжамды мерзім айтамыз.

– Мектептердегі ас мәзірі туралы не айтасыз? Ас мәзірін кім түзеді, қаншалықты тексеріп тұрасыздар?

– Ас мәзірі Республика бойынша үкіметтің 2012 жылғы 12 наурыздағы 320қаулысымен барлық өңірлер апталық ас мәзірін түзу керек. Ас мәзірінде қандайтағамдар болу керек, тағамдарда қолданатын өнімнің үлестік салмағы қандай болуыкерек, барлығы бекітіліп жазылған. Осы мәзір негізінде барлық білім беруұйымдары жұмыс жасайды. Әрбір мекемеде комиссиялық топтар құрылған. Оның құрамына білім мамандарынан бөлек қоғамдық бірлестікмүшелері мен ата-аналар енгізілу керек. Бұл комиссиялық топ мүшелері мектепасханасына келіп, тамақтардың түрін көріп, дәмін тексере алады.

– Ауа райының күрт салқындауына байланысты мектептердегі жылу мәселесіне тоқталып өтсек. Қиындықтар әлі де бар сияқты…

– Мүлде қиындықсыз деп айта алмаймын, арасында жылу жүйелері ескірген немесе техникалық ақауларға байланысты қандай да бір сыртқы факторлар әсерінен кейбір білім беру ұйымдарында жылу мәселесі бойынша ақаулар болып жатыр. Бірақ көңіл көншітерлігі, әрбір болған жағдай бойынша қаладағы энергетика басқармасының араласуымен мәселелер сол мезетте шешіліп жатыр.

– Жекеменшік мектептердегі кітап жетіспеушілік мәселесі қаралып жатыр. Қаншалықты шешімін табуда? Неге жекеменшік мектептерде кітап жетіспейді?

– Бұрын жекеменшік мектептерге лицензия берген мекеменің басшысы ретінде айтсам. министрліктің 473 бұйрығы бар. Осы бұйрықпен болжамды түрде мектепке 150 баланы сияды деп көрсеткен болса, іс жүзінде ол мекемеге 300 бала келуі мүмкін. Сол себепті кей жағдайларда кітап жетіспеушілігі болып қалады. Егер мектептің мұғалімдер құрамы сапалы болса немесе материалдық-техникалық жағынан жоғары болған жағдайда ата-аналар ол мектепке балаларын бергісі келеді. Осы мәселеге байланысты жақсы жаңалықтар бар. Қазіргі уақытта үкімет тарапынан тек қана мемлекеттік тапсырыспен жұмыс жасап отырған мекемелерді кітаппен қамтамасыз ету туралы мәселе қаралып жатыр. Алдағы уақытта оң шешімін тауып жатса, бұл мәселе де шешіледі.

– Балабақшадағы тәрбиешілердің білімі қаншалықты маңызды? Олар балаларға қаншалықты білім бере алады?

– Білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау Оқу ағарту министрлігінің 57 бұйрығының негізінде жүзеге асырылады. Педагогикалық қызметпен айналысу үшін өзінің бекітілген міндеттері бар. Педагог болып жұмыс атқару үшін міндетті түрде педагогикалық білімі болуы шарт. Білім басқармасының басшысы ретінде барлық балабақшалардағы қызметкерлер талапқа сай, білім стандартына лайықты жұмыс жасайды деп айта аламын.

– Жекеменшік мектептердегі білім сапасына қаншалықты назар аударасыздар? Мектеп таңдаған кезде сіздердің тараптарыңыздан қандай көмек көрсетіледі және жекеменшік мектептерді қаншалықты тексерістен өткізіп тұрасыздар?

– 2019 жылдан бері білім беру ұйымдары да орта және кіші бизнес өкілдеріне жатады. Оларға тексеріс жүргізуге мораторий қойылған. Бірақ өткен жылғы қабылданған жарлықта арыз-шағым болған жағдайда органдарға тіркеліп, тексеру жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілген.

– Жастар арасындағы суицидке байланысты қандай жұмыстар жасалынып жатыр? Шымкент қаласындағы статистикаға назар аударсақ, көңіл көншітпейді…

– Өкінішке қарай, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш артқан. Суицидтің аяқталған түрі бар, аяқталмай соған талпынған фактілері де кездеседі. Біз оған талдау жасағанда көзіміз жеткен нәрсе оның 80% отбасындағы жағдайларға байланысты туындайды. Біздің бұдан түйгеніміз – білім беру ұйымдарында тек қана баламен ғана емес, ұстаздар және ата– аналарға да психологиялық қолдау жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл үшін оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс жасадық.

Қазір әрбір білім беру ұйымында бір ғана психолог жұмыс жасайды. Психологтың мектептегі жұмысына қарайтын болсақ, жалғыз өзі үлгермей жатады. Бұл қажеттілік тек қана мектептерде емес, колледж, сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарда да жеткіліксіз. Осы шешім қабылданғанда көрсеткіштің саны төмендер деп ойлаймыз. Екіншіден, Қарағанды қаласында бір жүйе тексерістен өтіп жатыр. Ол жүйенің жұмысы мынада: кез-келген сыныптағы оқушылар тест тапсырады, сонда берген тест нәтижесіне сәйкес оқушының жай-күйі анықталады. Біз де осы жүйені сатып алып, пайдаланамыз деп жоспарлап отырмыз.

– Сұхбат соңында алда келе жатқан тәуелсіздік мерекесі жайлы не айтасыз?

– Тәуелсіздік – еркіндік, егемендік. Әрбір адам үшін, мемлекет үшін қастерлі де құнды ұғым. Бұл мереке еліміздегі басты мерекелердің бірі. Өзгеріңіз байқасаңыздар, әлемде бес мыңға жуық этнос пен ұлт өкілдері бар. Біздің өзіміздің жеріміз, шекарамыз, мемлекет ретінде атауымыз бар, әнұранамыз елтаңба және туымыз бар. Біз бақытты мемлекетпіз. Енді осы егемендігімізді, дербестігімізді сақтауымыз қажет. Алдағы келе жатқан мерекемен баршаңызды құттықтаймын! Аталарымыз бізге тоғыз Франция сиятын жерді берген, жердің үсті де, асты да байлыққа толы мекенді аманат қылып тастап кеткен. Осыны білікті, білімді және ғұмырлы ғылыммен кейінгі ұрпаққа жеткізу, асыл міндетті адал орындап шығуымыз қажет. Барша отандастарымызды ұлы ұлттық мерекемен құттықтаймын!

– Жұмысыңызға сәттілік тілейміз!

Сұхбаттасқан

Ж. МАЙЛЫБАЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *