КӘРІЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОҚЫС ТАСТАМАҢЫЗДАР!

Қоғам
70 Views

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің орталық диспетчерлік қызметіне күн сайын кәріз желілері бітеліп қалғанын айтып хабарласатындар көп. Шағымдар жер үйлерден де, көпқабатты үй пәтерлерінен де бірдей түседі. Су бұру жүйесі бойынша қызмет көрсетуші пайдалану ісіне жауапты мамандар апаттың алдын алып, тиісті шараларды істейді.

Кәріз желісінің бітелуіне көбінде тұрғындардың өзінің жауапсыздығы себеп болады. Себебі, канализация желісіне тұрмыстық қоқыс, қалдықтарды ойланбастан тастай салады. Ол – гигиеналық заттар, қатты қалдықтар, тіпті, малдың ішек-қарнын тазалаған қоқысты да желіге ағызатындар бар. Ал мұндай қалдықтар желінің бітелуіне себеп болады. Осылай жөн-жосықсыз тасталған қалдықтар жүйеге айтарлықтай салмақ түсіріп, құбыр тесілуі де ғажап емес. Сөйтіп, шайынды су ағып, жағымсыз иіс шығады, антисанитария болады. Тұрғын үй алаптары мен үйдің жертөлелерін су басады. Желі бітелгеннің салдарынан үлкен апат болуы да мүмкін. Сондықтан, қала тұрғындары канализацияны пайдалану ережелерін қатаң сақтауы тиіс және қолданыстағы инфрақұрылымды барынша ұқыпты пайдалануы керек. Өйткені, мұның барлығы тұтынушының мүддесі үшін жасалған.

Көпқабатты үйлерде күрделіліктер көбінесе жертөлелердегі кәріз желісінде туындайды. Естеріңізге сала кетейік, желінің жұмысына, дұрыс пайдаланылуына үй тұрғындарының өзі жауапты. Көппәтерлі үйлерде өзін-өзі басқару органдары болуы керек және ол ұйымдардың негізгі міндеттерінің бірі – тұрғындарға кәріз желісін пайдалану ережелерін түсіндіру. Бұл жұмыс жүйелі жүргізілгені дұрыс. Себебі, егер жертөледе апат бола қалса, қолайсыздық тудырып, жағымсыз иіс шыққаны былай тұрсын, тұрғындардың қалтасына да салмақ түседі. Сонымен қатар, өзін-өзі басқару органдары үйішілік инженерлік инфрақұрылымға қызмет көрсететін сервистік компаниялармен келісім-шарт түзуі керек. Ескі көпқабатты үйлердің барлығында дерлік өзін-өзі басқару органдары жоқ, құрылмаған.

Құрметті қала тұрғындары, үйлеріңіздегі кәріз желісісіздің қолайлылығыңыз бен денсаулығыңыз үшін маңызды екенін ұмытпаңыздар.Жүйені пайдалану ережелерін сақтаңыз, сонда шығындалмайсыз. Кәріз – өркениеттіліктің бір белгісі екенін естен шығармайық!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *