Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті: «ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАР СУДЬЯЛАРДЫҢ ӘЛІ ДЕ БОЛСА, СОТТАР МЕН СОТ АЛҚАЛАРЫНЫҢ ТӨРАҒАЛАРЫНА ТӘУЕЛДІ ДЕП САНАЙДЫ. БҰЛ – ТИІМСІЗ ТӘЖІРИБЕ. БҰДАН ҚҰТЫЛУ ҚАЖЕТ»

Заң Құқық
870 Views

«Халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам – ең дамығанқоғам. Біздің мақсатымыз – дәл сондай қоғам құру», – деп ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, сот жүйесін одан әрі жетілдіріп,судьялардың тәуелсіздігін күшейтіп, халықтың сот жүйесіне деген сенімін оданәрі арттыру мақсатында елімізде Республика судьяларының кезекті VIII съезіөтті. Онлайн режимде өткен форумға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және 400-гежуық делегат пен шетелдік сала мамандары қатысты. Олардың қатарында судьялар,Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарыныңбасшылары, заң қауымдастығының, халықаралық ұйымдар мен Үкіметтік емесұйымдардың өкілдері бар. Бұл жиында еліміздің сот жүйесіне қатысты көптегенмаңызды мәселелері қаралды. Рас, бұған дейін өткен алқалы жиындарда да сотжүйесін жетілдіруге қатысты көптеген ұтымды ұсыныстар айтылып, съезде сот жүйесіалдына қойылған міндеттер мен мақсаттар айқындалған-тын. Судьялар съезі – сотжүйесінің дамуы мен өзекті мәселелердің шешімін табуына, әр аймақтан келгенсудьялардың ой-пікір алмасуына, сот жүйесіндегі жетіспеушіліктердіңтолықтырылып, қамтамасыз етілуіне ықпалын тигізері ап-айқын. Бұл дәстүрлісъезде сот жүйесін әрі қарай ілгерілету, орын алған кемшіліктерді көрсетіп,судьялар жұмысына жаңа серпін беру, құқықтық жүйені белсенді қалыптастырумәселелері де қозғалды. Сондай-ақ, сот жүйесінің ілгері дамуын нығайтатын жәнежаңа деңгейге көтеретін жаңа міндеттер талқыланды. Онлайн форматта өткенаталған жиында ҚР Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев және ҚР Жоғарғы сотының төрағасыЖақып Асанов, Судьялар одағы төрағасының міндетін атқарушы Сәкен Абдолла,сонымен қатар Түркістан облысынан ҚР еңбек сіңірген қайраткері-заңгері, заңғылымдарының докторы Бекет Тұрғараев та өз тұжырымды ой-пікір, ұсыныстарын білдірген болатын. Солардың бірқатарын оқырман назарына ұсынамыз. Бұл съездіңбұрынғылардан ерекшелігі неде? Қандай мəселелер қарастырылады? Өткен съездердеайтылған мəселелер шешімін тапты ма? Судьялар одағының съездер арасындағыкезеңдегі жұмысы қалай ұйымдастырылған? деген сынды сауалдарға жауап іздесеңізтөмендегі біз ұсынып отырған ақпаратқа назар салыңыз.

Халықаралық судьялар қауымдастығының Бас хатшысы Джакомо Оберто, Америкалықзаңгерлер қауымдастығының (ABA ROLI) жаһандық бағдарламалар директоры Альберто Мора, Өзбекстан, Беларусь, Украина, Тәжікстан, Әзірбайжан және тағы басқасудьялар одағының басшылары съезге қатысушыларға ізгі лебіздерін жолдады.

Форум жұмысын Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов ашты. «Судьялар съезі –дәстүрлі басқосу, асыға күтетін мәртебелі жиын. Қазылардың құрылтай жиыны деуге де болады. Оның ширек ғасырлық тарихы бар. Сот жүйесінің бүгінін бағалап, келешегін айқындау үшін бұл шараның маңызы өте зор. Биылғы басқосудың екінегізгі ерекшелігі бар. Олардың біріншісі – пандемияға байланысты соттар дажаңа жұмыс тәсіліне көшті. Басты міндет – халықтың денсаулығын сақтай отырып,олардың құқықтарын қорғау. Процестеріміздің 95 пайызы қашықтықтан жүргізілуде.Күніне төрт жарым мыңға жуық онлайн процесс. Ерекшеліктің екіншісі – жиынғаРесей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан соттарының басшылары, Германия,Эстония, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Еуразиялық Одақтың судьялары,Мемлекет елшілері, Халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып отыр. Демек, біздіңсъезіміз Халықаралық мәртебеге ие деген сөз. «Елу жылда ел жаңа» демекші, қоғамқарқынды өзгеруде, сондықтан соттар да заман талабына сай болуы керек екенінтүсінеміз. Әр елдің сотында үш негізгі түйткілді мәселе бар. Біріншісі – жаңа судья ретінде кімді іріктеп алған дұрыс. Олардың қызметін қалай бағалаған жөн? Екінші мәселе – олардың шешімдері мен үкімдерінің сапасы. Ал үшінші мәселе – инфрақұрылым, соттардағы ыңғайлы сервис. Осы міндеттер соңғы үш жылда қалайшешілді?

Алдымен заңдарға түзету енгізбей-ақ дереу шешілетін түйткілді мәселелердің шешімін таптық. Мысалы заңгерлер мен адвокаттар гаджеттерді процестерге енгізуге тиым салуға наразы болды. Барлығы ноутбукта тұрған кезде құшақ-құшақ қағазды алып жүрудің қажеті не? Тиым салуды жойдық. Енді ешкімде реніш жоқ. Тағы «судьялардың ресми рейтингі» деген болды. Ол қатардағы судьялардың тәуелсіздігіне қысым көрсету тетігі болатын. Рейтинг жойылды. Енді ешкім көрсеткіштер үшін жарысқа түспейді. Сонымен қатар, ондаған жобалар жүзеге асырылды. Олар: түнгі соттар, отбасылық соттар, татуластырушы судьялар, татуластыру орталықтары, соттардағы фронт-кеңселер, тағы басқалары. Алайда тереңірек үңілуді қажет ететін мәселелер бар. Оларды шешу үшін құқықтық саланы өзгерту қажет. Ол әлдеқайда күрделі. Бұлар туралы мемлекеттік органдармен дауласып, оларды иландыруға тура келді. Нәтижесінде, 30 заң жобасы ұсынылды. 17-сі қазірдің өзінде қолданыста. Осы заңдар нені өзгертті? Біз жаңа судья ретінде кімді және қалай таңдаймыз? Неліктен бұл маңызды? Кез-келген мемлекеттік органда шешімді бүкіл Аппарат дайындайды. Ал нүктесін басшы қояды. Бізде мүлде олай емес. Судья алғашқы күннен бастап өзі жазады және өзі шешім шығарады. Жалғыз өзі. Оған ешкім нұсқау беруге құқылы емес. Жұмыс өтілінде айырмашылық жоқ. Қате үшін жауапкершілікті бәрі бірдей көтереді. Сондықтан Тұрғын үй-құрылыс кооперативімен бірлесіп бүкіл таңдауды өзгерттік. Әлемдік компаниялардың құралдарын енгіздік. Нәтиже мынадай, егер бұрын 4 кандидаттың біреуі судья болса, ал қазір 20 кандидаттың біреуі ғана судья болады. Яғни, әлсіздерге тосқауыл қойылды. Иә, 14 пайыз бос жұмыс орындары бар. Бірақ кездейсоқ кадрларға қарағанда осы дұрыс. Тағы бір өзгеріс судьялардың құзіреттілігін анықтау үшін жаңа әдістеме бойынша бес жылдық бағалауды жүргізіп отырмыз», – деген ол Дүниежүзілік банк сарапшылары мұны жоғары бағалағанын да атап өтті.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру туралы айта келе, спикер соттар жұмысындағы негізгі бағыттарға – қоғаммен кері байланысты дамытуға, айыптау үкіміне, жаңа судьяларды жария іріктеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тоқталып өтті.

Форумда Алматы қалалық сотының судьясы Біржан Кәрібжанов апелляцияның әлеуеті және соттарды қаржыландыру туралы, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық сотының төрағасы Татьяна Курынова қылмыстың кейбір түрлері бойынша жазаны қатаңдату қажеттігін атап өтті.

Берлин қаласының (ГФР) судьясы Йорг Пуделька және «Baker & McKenzie» компаниясының Қазақстандағы филиалының басшысы Куртис Мастерс Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңестің қызметі және сот жүйесіндегі өзгерістер туралы өз ойларын айтты.

Форумның бас спикері Қасым-Жомарт Тоқаев сот-құқық жүйесін одан әрі дамыту идеологемасын айқындап, судьялар корпусының таяу кезеңдегі басым міндеттерін белгіледі.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы судьяларының VIII съезі делегаттарының алдында құттықтау сөз сөйледі. Бейне конференция режимінде өткен жиынға еліміздің бүкіл өңірлерінің судьялары, сондай-ақ, шетелдік сарапшылар қатысты.

Президент сөйлеген сөзінде сот төрелігінің әділ және заңды жүзеге асырылуына мемлекет те, бүкіл қоғам да мүдделі екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі пандемия кезінде еліміздің сот жүйесі күрделі сынақтан өткеніне тоқталды. Оның айтуынша, карантинге қарамастан азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Ақпараттық технологияның арқасында сот процесін қашықтан жүргізу форматына жедел көшірдік. Бұл ұтымды әрі оңтайлы шара болды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары мен соттардың жұмысындағы бірқатар кемшіліктерге назар аударды. Әсіресе, бұл олқылықтар пандемия кезінде анық байқалды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында құқық қорғау және сот жүйесін реформалауға баса мән берілгенін еске салды. Оның пікірінше, сот жүйесіндегі үдерістерге, ең алдымен, азамат, кәсіпкер, инвестор мүддесі тұрғысынан қарау керек.

Мемлекет басшысы сот жүйесін реформалау саласында айтарлықтай ілгерілеу болу үшін судьялардың кәсібилігіне, сот төрелігі мен сот ісін басқарудың сапасына негізделген түбегейлі жаңа тәсілдерге бет бұру керек деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін бірқатар басымдықтарды айқындады.

Қазақстан Президенті адам құқықтары мен заң үстемдігін қамтамасыз етуді бірінші міндет ретінде атап көрсетті.

– Судьялар корпусы өздерінің күнделікті жұмысында осы ұстанымдар мен құндылықтарды басшылыққа алуы тиіс. Судьяларымыз адам құқықтарының мүлтіксіз сақталуын басты назарда ұстауы керек. Еліміздің судьялары кәсіби біліктіліктерін ұдайы арттырып, жұмыс тәсілдерін жетілдіріп, қалыптасқан ойлау жүйесін өзгертіп отыруы қажет. Бұл үшін сот саласындағы өзекті халықаралық үдерістерді ескеріп, судьялардың халықаралық қауымдастығымен тығыз байланыс орнату маңызды, – деді Президент.

Сот жүйесінің тәуелсіздігі – екінші маңызды басымдық. Мемлекет басшысың айтуынша, әділ сот төрелігі және азаматтардың сот билігіне деген сенімін арттыру міндетті шарт болуы керек.

– Отандық және халықаралық сарапшылар судьялардың әлі де болса, соттар мен сот алқаларының төрағаларына тәуелді деп санайды. Бұл – тиімсіз тәжірибе. Бұдан құтылу қажет. Судьялардың құқық қорғау органдарына тәуелділігі – түйткілді мәселе. Судьялардың тәуелсіздігіне қатысты ешкімде күмән болмауға тиіс. Азаматтар, кәсіпкерлер және инвесторлар қазақстандық судьялардың бейтарап әрі әділ шешім шығаратынына сенімді болуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент судьяларға БАҚ және әлеуметтік желілер тарапынан қысым жасалатын жағдайлардың да кездесетініне назар аударды.

– Тергеу әлі жалғасып жататын, істің сотқа берілмеген кездері болады. Ал кейбір журналистер мен блогерлер жағдайды ушықтырып, сот шешімін алдын ала болжай бастайды. БАҚ-тың жариялылығы, ашықтығы сотқа қысым жасау құралы ретінде мүлде пайдаланылмауы тиіс. Әділдік сот залында және сот процесінің қорытындысы бойынша ғана орнауы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент кәсіби судьялар корпусы барша сот реформаларының шешуші факторы екенін атап өтті. Және соңғы жылдары судья лауазымына үміткерлерге қойылатын талаптардың күшейгенін, іріктеудің заманауи құралдары енгізілгенін айтты. Бұл мықты заңгерлерге, белгілі ғалымдар мен кәсіби құқықтанушыларға сот жұмысындағы тәжірибесі болмаса да, судья болуға мүмкіндік береді. Қасым-Жомарт Тоқаев осы міндетті жүзеге асыруда Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың зор еңбек сіңіргеніне тоқталды.

– Судьялардың беделі мінсіз, ал кандидаттарды іріктеу үдерісі айқын және ашық болуы тиіс. Дамыған елдердің басым бөлігінде судьяларға қойылатын талаптардың жоғары болатыны соншалық, өткен өміріндегі болмашы бір теріс әрекеті лауазымға тағайындалмауына себеп болуы мүмкін. Мұндай тәжірибені Қазақстанда да қолданған жөн деп санаймын, – деді Президент.

Мемлекет басшысы сот үдерістерін оңтайландыру және дау-дамайларды шешу барысында бітімгершілік тетіктерін енгізу мәселесіне де назар аударды. Осы мәселенің маңызы сот үдерісінде бюрократияның алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, сот ісіндегі рәсімдерді шектен тыс регламенттеу процестердің ұзаққа созылуына алып келеді және қоғам тарапынан әділ сынға ұшырайды. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, сот ісін оңтайландырып, керексіз рәсімдер мен регламенттерді алып тастау қажет.

– Сот процесі түсінікті және ыңғайлы болуы тиіс. Азаматтар рәсімдердегі түрлі айла-шарғыларды шешуге міндетті емес, – деді Президент.

Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, аталған барша міндеттерді тиімді шешу арқылы сот жүйесіндегі оң өзгерістерге қол жеткізуге болатынын және азаматтардың сотқа деген сенімі арта түсетінін жеткізді.

Съездің екінші бөлімінде Судьялар одағы төрағасының міндетін атқарушы Сәкен Абдолла бірлестік жұмысы туралы баяндады.

Форум делегаттары Тексеру комиссиясының есебін тыңдап, Судьялар одағы Орталық кеңесінің жаңа құрамын сайлады. Жұмыс қорытындысы бойынша съезд қаулысы қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жеті съезд өтті (біріншісі 1996 жылы болды). Съезд төрт жылда бір рет өтеді және оның сот жүйесін дамытудағы стратегиялық маңызы зор. Олардың әрқайсысында соттарды дамытудың қорытындысы шығарылады және өзекті міндеттер бойынша шешімдер қабылданады.

Әділ ҚЫРАН.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *