САНКЦИЯ МЕН СОҒЫС СОҢЫ НЕМЕН АЯҚТАЛАДЫ?

Саясат
282 Views

Ресей мен Украинаарасындағы қарулы қақтығыс ақпанның 24-інен бері жалғасып келеді. Әлем ішінтартып, соңы немен аяқталатынын күтіп отыр. Екі елдің делегациясы үш рет кездескенмен, соғысты тоқтату туралы келісімге келе алмады. Мұның соңы неменаяқталады?

АҚШ сарапшысы Томас Фридман The New York Timesқа Украина-Ресей соғысына қатысты өз болжамын жазыпты. Ол соғыстың аяқталуына қатысты үш сценарий келтірген.

«Бірінші сценарий: Сарапшының ойынша егер Батыс Ресейді тоқтата алмаса, онда Мәскеу Украинаны ел ретінде толық жояды. Оның соңы Еуропа екінші жаһандық соғыстан кейін көрмеген геноцидке әкелуі мүмкін. Ресей «неонацизмді жоямыз» деген жалған ұранмен Украинаның жүздеген мың әскері мен ерлерін соттайды, атады және қудалайды.

Ол қолына ядролық қару ұстаған Путин билігі масштабты қылмыстарға ойланбастан баратынын айтады. Ал 11 сағаттық белдеуі бар Ресей халқы үнсіз отырады деген ойда.

Екінші сценарий: Экономикалық санкциялар Ресейді тығырыққа тіреп, Путин келісім ұсына бастайды. Ресей әскерін шығару мен соғысты тоқтатуға келіседі, есесіне Батыс салынған санкцияларды алып тастайды. Алайда қасарысқан Путин бұл жолды таңдауы екіталай. Себебі бұл қадам Путиннің Украинадан жеңілісі іспеттес қабылданатын болады.

Үшінші сценарий: Ең соңғы сценарий ретінде, Ресей халқы көтеріліп, Путин режимін төңкеріп тастауы мүмкін екенін айтады. Алайда соңғы митингтердің сипатына қарап, қандай да бір нәтиже шығарына сенім артуға болмайды дейді.

Режимді төңкеруге қалталы азаматтар мен сыртта қаржысы бұғатталған олигархтар және әскери мамандар қатысса ғана, шынайы нәтиже болады», — дейді ол.

… Ресей салынған санкциялар бойынша әлемде «рекорд» орнатты: Украинаға қарсы агрессия басталғаннан бері Ресейге қарсы 2778 санкция салынған. Осылайша бұл елге бүгінгі күнге дейін барлығы 5530 санкция салынған. Бірақ санкция қысымында қалса да Путин алған бетінен қайтар емес. Жағдай қай сценарий бойынша жалғасуы мүмкін?

Зерек ДҮЙСЕМБЕКОВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *