ТАҒАЙЫНДАУ

Білім
738 Views

Мемлекет басшысының жарлығымен және қалалық мәслихаттың келісімімен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.

Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов 1981 жылы 30 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында дүниеге келді.

2004 жылы С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін «заңтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.

2006-2008 жылдары – ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі.

2008-2010 жылдары – ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы.

2010-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.

2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.

2017-2019 жылдары ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары.

2019 жылғы желтоқсаннан бері Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды.

*   *   *

Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Еске салайық, облыстың бұған дейінгі әкімі Болат Бақауов қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталып, 2 айға тергеу абақтысына жабылған болатын.

Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында туған.

Ақмола қаржы-экономикалық техникумын (салық бойынша қаржыгер, 1995 жыл); Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін (экономист және қаржыгер, 2000 жыл); Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (бакалавр-заңгер, 2004 жыл); М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін («Master of Business Administration» іскерлік әкімшілік шеберінің дәрежесі, 2017 жыл) аяқтаған.

Еңбек өтілі:

1995 жылдан 2005 жылға дейін Павлодар облысы бойынша салық инспекциясының маманы, салық инспекторы, аға салық инспекторы, бөлім бастығы, Павлодар қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары;

2005-2006 жылдары Павлодар облысы Қашыр ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы;

2006-2008 жылдары Павлодар облысы Денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары;

2008-2010 жылдары Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің Павлодар қаласы бойынша салық басқармасының бастығы;

2010-2012 жылдары Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің бастығы:

2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары;

2014 жылдан 2016 жылға дейін — Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;

2016 жылғы 1 желтоқсаннан – 2019 жылдың сәуіріне дейін – Қорғаныс министрінің орынбасары.

Әкім қызметіне тағайындалғанға дейін Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы болды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *