ТЕЛЕФОНОФОБИЯ

Көзқарас
1 131 Views

Мен өз телефонымды өзім көтеруге қорқамын. Мұны «телефонофобия» дейді екен. Фобия – грек сөзі. Негізсіз нақты үрей туғызатын жағдай. Биіктік, жылдамдықтан қорқатын фобияларда барға ұқсайды. Сұрауларыңыз мүмкін. Өзгесі дұрыс, ал енді телефоннан қорқатыны несі деп. Айтайын. Бірде телефоным әндете жөнелді. Қоңырауға Ерке Есмаханның «Алло» деген әнін қойған болатынмын. Алдым. Салық комитетінен болып шықты! Жер салығын төлемеппін. Төлегенде сияқты едім. Айналайын агенттерге амал бар ма қайтейін, өсімімен төледім.

Мына қоңырауға түсінсем бұйырмасын. Алмайын деп тұрып алдым. Ескерту сот орындаушысынан келіпті. Зәрезап деген осы шығар, өз телефоным өзіме жексұрын көрініп, бойымды қорқыныш билей жөнелді. Осыдан кейін қайтіп фобияға ұшырамайын.

Былай деді ол:

– Көлігіңіздің штрафын төлеңіз. Оған менің қызмет ақымның кіретінін де ұмытпаңыз. Үш күннің ішінде төлемесеңіз, мәжбүрлеп өндіреміз деп саңқылдап түр. Осы дұрыс есітіп тұрмын ба, жоқ па деп антен жақсы ұстайтын жерге барып сөйлестім. Тағы да сол. Өн бойым қалшылдап қоя берді. Не дейін, жол полицейі хаттаманы бірден сотқа өткізіп жіберген ғой. Болмаса бұған дейін көңілді жүрген болатынмын.

Фобия деген осы шығар. Газдан СМС келе ме, телефонымды сөндіріп, тастаймын. Су, жарықтан қоңырау шала ма, естімеген боп ұмыт қалдырамын. Бірде қалшылдаған қалпы су басқармасының өзіне бармақ болдым да ойлана қалдым. Өзін сыйлайтын зиялыларға ұқсап неге мен алдымен психологтың кеңесін алмайын деп. Алдым да. Оның ақылы: Менде проблема жоқ деп телефоныңызды сеніммен көтеріңіз дейді.

Қандай жетіспеушілік болсын өмірдің тәттілігін сезініп күліп жүруім керек екен!

Мені ауру деп ойласа керек. Көзіңізді жұмып сұқ саусақтарыңызды түйістіріңіз деді. Түйістірдім. Сосын сендіргені әрбір адамда қорғану аурасы болады. Біреуде бір метр, басқада үш метрге дейін қоршап тұрады.

Осы ауралар әлсіз болса кісінің иммунитеті төмендеп, фобияға беріледі дейді. Біз осыны білмейді екенбіз.

Ау, мен берілейін деп беріліппін бе, телефоныма «төлетеміз», «мәжбүрлейміз» деп дүңкілдеген хабарлама түсіп жатса қалай берілмейін!

Қысқасы, психологтан рухтанып өзімді батыр сезініп шықтым. Үйге келсем теледидарда ауы тар біреу әнді ағылшынша орындап жатыр.

Мен де қосылып ыңылдай жөнелдім. Кенет телефоным қоңыраулата қалсын. Өткен айдың төлемі, су, газ, жарықтан келіпті. Дірілдей бастадым. Неге? Жалақымның мөлшерін білем ғой. Рефлекс деген осы! Фобия деген пәледен қалай құтылсам екен?!

Ералхан ЖЫЛҚЫАЙДАРҰЛЫ.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *