ТІЛ БАЙЛЫҒЫ – ОЙ-ӨРІСІҢДІ КЕҢЕЙТЕДІ

Білім Руханият
498 Views

Қазіргі қоғамның дамуы мен гүлденуі, өмір сүрудің, ұлттың қауіпсіздігі, ғылымның дамуы, ғылыми зерттеу нәтижелерін іс-тәжірибеде қолданудың тиімділігіне негізделген білім беру қызметінің сапасы мен оның ұйымдастырылу қызметімен айқындалады. Әлемдік деңгейде көпшілік мойындаған білім беру қызметі мен ғылым адамзаттың рухани құндылықтарының қатарына жатады.

Орталық Азия инновациялық университеті — көне оқу орындарының бірі. Университеттің миссиясы (негізгі ұстанымы) қоғамның қарқынды дамуының негізі болып табылатын білім беру қызметі мен ғылымды үйлестіру. Осыған байланысты университет білім беруде, ғылым мен оқу-ағарту саласында, жаңашыл, жеке ізденіс жетістіктерін іске асыруға еркіндік беруде, мемлекет пен қоғамның дамуына қомақты үлесін қосуда, жас ұрпаққа саналы тәрбие беруде өзгелерге үлгі болып келеді. Аймақтағы іргелі оқу ордасының «Тілдер және әдебиет» кафедрасы білім беру бағдарламалары мен тұжырымдамаларын басшылыққа ала отырып, білім алушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді жаңашылдықпен жүзеге асырып келеді. Кафедра классикалық үлгідегі университеттердің дәстүрін жалғастыра отырып, тұрақты түрде университеттің білім беру қызметінің жоғары деңгейін және қолданбалы білім негіздерін игертуді үнемі басты назарда ұстап келеді.

Тіл – тіршіліктің тірегі. Тілсіз қоғам болмайды. Қай мамандық, қай бір кәсіп болса да, оның мән-мазмұны тіл арқылы түсіндіріледі. Тіл — ойдың көрінісі екенін ескерсек, кез келген саладағы білім негіздерін білім алушыларға түсіндіруде мамандардың сөздік қорының, сол мамандықтың қыр-сырын ашуға қажетті тіл байлығының мол болуы қажет. Тіл мамандығының өзге мамандықтардан басты артықшылығы – мұнда студенттердің шығармашылық еркіндігіне мол кеңістік берілген. Білім алушы жаттанды қасаң қағидаларға ғана сүйенбей, зерттеу нәтижелерін салыстыра отырып, өзіндік ой-пікір, тұжырым жасауына мүмкіндік берілген. Бұл өз бетімен ізденістерге жол ашары кәміл.

Сондықтан да біздің кафедраның профессор-оқытушылар құрамы студенттерге тіл негіздерін терең ұғындыруға баса назар аударып келеді. Кафедра бес мамандық бойынша бакалаврлар:

6В01704-Қазақ тілі мен әдебиеті

6В01705-Шетел тілі: екі шетел тілі

6В01706-Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі Орыс тілі мен әдебиеті

6В01702 — Орыс тілі және әдебиеті мұғалімдерін даярлау

6В02301-Аударма ісі

Үш мамандық бойынша магистрлер:

7М01701- Қазақ тілі мен әдебиеті

7М01702- Шетел тілі: екі шетел тілі

7М01703-Орыс тілі мен әдебиеті мамандар дайындайды.

«Тілдер және әдебиет» кафедрасында 2022-23 оқу жылында 34 профессор –оқытушылар құрамы жұмыс істейді.Оның ішінде 1 ғылым докторы, 2 профессор, 9 ғылым кандидаты, 4 доцент, 6 аға оқытушы, 7 аға оқытушы магистр, 3 магистр оқытушы, дуальді білім беру бойынша 2 оқытушы білім беру қызметін жүзеге асыруда. Ғылыми атақ, дәрежесі бар ПОҚ 50 %-ды құрайды. Ғылыми атақ, дәрежелі оқытушылардың орташа жасы — 45.

Кафедраның миссиясы (негізгі ұстанымы) – заманауи қоғамның сапалы экономикалық өркендеуін қамтамасыз ету, өмір сапасы, ұлттық қауіпсіздік білім беру саласының жағдайымен, ғылымның дамуымен, ғылыми зерттеулер нәтижелерін практикада қолданудың тиімділігімен анықталады.

Қазақстан Республикасының білім стандарттары мен тұжырымдамаларының заңды жалғасы ретінде білім беру бағдарламаларының әр мамандық бойынша оқытушылардың өз қолымен жасалып, жарық көруі, осыған орай бағдарламалар мен оқулықтар мазмұнының түбегейлі өзгеруі, білім мазмұнын меңгертуге байланысты кіріктіре отырып оқытуды,білім алушыны дамыту мен шығармашылыққа жетелеуді міндеттеуі, болашақ маман дайындау ісіне өте жауапкершілікпен, ұқыптылықпен, зерттеушілікпен қарауды талап етіп отыр. Болашақ мұғалімдердің кәсіби шеберлігі педагогикалық практика барысында шыңдалатын болса, оған дейін білім алушыларды педагогтік жұмысқа дайындау институтта, аудиторияда жүзеге асады. Білім беру барысында кезінде болашақ мамандарға оқытылатын пәндердің мазмұн сабақтастықтарын ескерумен қатар ұқсас пәндерді кіріктіре оқыту жағына көңіл бөлінуге тиіс. Осы кезге дейін жоғары оқу орындарында әр пән жеке-жеке оқытылуымен қатар, кейде өзінен өзі сұранып тұрған мазмұн сабақтастығы да ескерілмей келгені шындық. Сондықтан да сабақ барысында пән аралық кіріктіруді күшейте отырып, барлық қазақ тілі, оры ыс тілі және шет тілі оқытушыларына оқытылатын пәндерге ортақ, сабақтас тақырыптарды күшейтуге көңіл бөлінеді.

Егемен еліміздің қай заңын алсақ та, білім беру барысында студенттердің жеке бас қасиетін, тұлға ретінде қалыптасуын және оның танымдық әрекеті мен ой-санасын дамытуға баса көңіл бөледі. Себебі, білім алушы– бұл болашақ маман. Осы тұрғыдан алғанда, кафедрада білім беретін маман дайындау мәселесі қай кезде де өзекті істің бірі болып табылады. Адамның жеке бас болып қалыптасуындағы бүкіл болмысының ұйтқысы, мәйегі осы оқу-тәрбие барысында құрылатыны педагогтердің де, психологтардың да еңбектерінде атап айтылып келеді. Білім алушы бойында білім негізін қалайтын, баланың жеке басының дамуын қамтамасыз ететін тұлға – мұғалім. Педагогикалық үрдісте орын алып отырған өзекті мәселелерді тиімді жолмен шеше алатын, өз ісінің шебері деуге болатын, мұғалім дайындау жоғары оқу орындарының міндеті. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіне ізгілендіру, демократияландыру бағыттарының енуімен байланысты болашақ ұстаздың психологиялық, педагогикалық тұрғыдағы дайындықтарын, яғни студенттің дұрыс қатынасқа түсу икемдігін қалыптастыру, оны әдістемелік және теориялық жағынан дайындаумен қатар орындайтын мақсаттардың негізгілерінің біріне айналып отыр. Кафедра оқытушылары осы ұстанымды басты назарда ұстайды. Сондықтан да сабақ барысында пән аралық кіріктіруді күшейте отырып, барлық қазақ тілі, орыс тілі және шет тілі оқытушыларына оқытылатын пәндерге ортақ, сабақтас тақырыптарды күшейтуге көңіл бөлінеді.

«Тілдер және әдебиет» кафедрасында теориялық білім беруді қазіргі заман талабына сай, мемлекеттік құжаттар негізінде, педагогикалық, психологиялық зерттеу жетістіктермен, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелермен сабақтастыра отырып жүргізудің мүмкіндігі мол. Кафедра оқытушылары мына білім беру мен тәрбиелеу мазмұнында негізгі ұстанымдарды басшылыққа алады. Білім алушының танымын кеңейтіп, бұрын алған білімдері мен жинақталған тәжірибелерін іс жүзінде қолдану арқылы кәсіби шеберлікке төселуінің бірден-бір жолы — жүйелі ұйымдастырылған білім беру.«Тілдер және әдебиет» кафедрасында ұжымдық ынтымақ пен үйлесім берік орныққан.

Болат ҚАЛЫБЕКОВ,

«Тілдер және әдебиет» кафедрасының аға оқытушысы,

филология ғылымдарының кандидаты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *