ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛҒАН ТИІМДІ

Қоғам
839 Views

Бүгінде қоғам түрлі қауіп-қатерге толы. Сол себепті де еліміз үшін қауіпсіздік бастымәселе ретінде белгіленген. Соңғы жылдары табиғи және техногендік сипаттағытөтенше жағдайлар да көбейіп кетті. Мәселен қыс айларында боран, өрт оқиғаларыжиі тіркелетін болса, көктем шыға қар суының еруінен болатын су тасқыны жиіорын алып жатады. Ал жазда дала өрті көп тіркелуде. Көп жағдайда бұл климаттыңөзгеруімен және өзге жағдайлармен байланыстырылып жүр. Мұндай жағдайда«Сақтансаң – сақтаймын» деген нақыл сөз еріксіз еске түседі. Бүгінде апаттыңалдын алып, жедел қызмет сапасын арттыру мақсатында еліміздің арнайы мамандарытүрлі шараларды атқарып, әр түрлі жолдарын қарастыруда. Соған орай, Түркістаноблысында «төтенше жағдайдың алдын алу бойынша оқу-жаттығу шарасы» өтті.

Түркістан облысында биылғы жылы көктемгі уақытта орын алуы мүмкін төтенше жағдайлармен күреске жалпы 83 техника, 466 жеке құрам дайын. Аталған техникалар облыс басшылығына Отырар ауданында өткен оқу-жаттығу шарасында көрсетілді. Шара барысында мамандар 7 ауданның техникасының қазіргі жағдайы, олардың техникалық қабілеті туралы баяндап, халықты эвакуациялау жұмыстары мен малдарды көшіру жұмыстарын пысықтады.

Бұдан бөлек, су тасқыны тәуекелінің алдын алу бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп, ветеринариялық ұйымдардың төтенше жағдайға толық дайындығы баяндалды.

Сырдария өзенінің бойында орналасқан елді мекендер аумағында 32 014 бас ірі қара мал, 196 349 бас ұсақ мал, 2 134 бас түйе және 10 392 бас жылқы бар. Барлық ауылдардағы ауыл шаруашылығы жануарлары су алу қаупі туындаған жағдайда құмдағы 113,5 мың га. жайылымға көшіріледі.

Атап өтейік, мұндай кешенді оқу-жаттығу жұмыстары өңірде алғаш рет өтіп отыр. Облыс әкімдігі жанынан құрылған «Ситуациялық орталық» және ТЖД бірлесіп жасаған Антикризистік картада болуы ықтимал 200-ден аса төтенше жағдай оқиғасы сипатталған.

Облыс басшысының қатысуымен өткен жедел штабта Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдайға дайындықты пысықтап, антикризистік картаның өңір үшін маңызы зор екенін атап өтті.

«Апат айтып келмейді», дегенмен, біз Арыс, Мақтаарал ауданындағы техногендік, Төлеби ауданындағы табиғи су тасқыны кезіндегі атқарылған жұмыстардан мол тәжірибе жинадық. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін Штаб құрылады. Штаб құрамына кіретін барлық салалық қызметтер «Алтын сағат» ережесіне сәйкес жұмыс жүргізуі қажет. Антикризистік карта шеңберінде төтенше жағдаймен күрес алгоритмі бекітілген. Барлық аудан, қала әкімдері алгоритммен жіті танысып, нұсқаулық арқылы жұмыс істеуі қажет», – деген өңір басшысы мұндай кешенді оқу-жаттығу жұмыстарын енді ай сайын өткізуді тапсырды.

Сөз соңында айта кетеріміз, төтенше жағдаймен күрескен дұрыс. Бірақ, оның алдын алған одан да тиімді болмақ. Ендеше, мұндай шаралардың маңызы да, тигізер септігі де мол деп білеміз.

ШЕКАРАДА «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов және облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрбақыт Иманқұлов Мақтаарал ауданына арнайы жұмыс сапарымен барды.

Алдағы уақытта қазақ-өзбек шекарасында «Орталық Азия» халықаралық орталығы ашылады деп күтілуде. Мақтаарал ауданын көрші елмен байланыстырып тұрған үш шекара өткізу бекеті жұмыс істейді. Атап айтқанда, «Атамекен» кедендік бекеті мен «Сырдария», «Целинный» шекара өткізу бекеттері арқылы күніне жүздеген жеңіл көліктер мен жүк көліктері барыс-келіс жасауда. Мақтаарал ауданы Өзбекстанның Сырдария және Жызақ облыстарындағы 4 ауданмен шектеседі. Осындай географиялық мүмкіндікті пайдаланып ауданда Өзбекстан Республикасымен сауда-саттықты дамыту үшін халықаралық сауда кешенін құру өте маңызды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев 2018 жылы «Орталық Азия» халықаралық сауда экономикалық ынтымақтастық орталығын құру туралы тапсырма берген болатын. Биылғы жылдың 26 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкімет басшысына «Орталық Азия» халықаралық сауда экономикалық ынтымақтастық орталығын құру мәселесін жеделдетуді тапсырды.

Осыған байланысты ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов және облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрбақыт Иманқұлов Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барып, шекара маңындағы бекеттердің жұмысымен танысты. Министрдің іссапарына Өзбекстан Республикасының осы салаға жауапты вице-министрлері де қосылды.

Министр мен басқарма басшысы «Целинный» және «Сырдария» шекара өткізу бекеттерін арнайы барып көріп, халықаралық сауда орталығын құру үшін нысандардың мүмкіндіктерін қарап шықты. Аудан әкімі Бақыт Асанов бекеттердің жұмысы мен мүмкіндіктері туралы кеңінен баяндады. Мәселен, «Целинный» шекара өткізу бекетіне жақын маңда «Сапар» сауда базарын халықаралық деңгейде дамытуға болатынын айтты.

«Мақтаарал ауданында Ұлы жібек жолының бір тармағы саналатын М-39 «Ташкент – Термез» бағытындағы магистрал дәлізі бар. Осы автомобиль жолының потенциалын пайдаланып, өңірде сауда-саттықты жоғары деңгейде дамытуға мүмкіндігіміз зор. Мәселен, бір кездері халықаралық деңгейде қызмет көрсеткен бетонканың бойындағы «Сапар» базарын халықаралық деңгейде қайтадан дамытсақ – өңірде мыңдаған адамды жұмыспен қамти аламыз»,– деді Бақыт Асанов.

«Сапар» базарында модернизациялау жұмыстары 2019 жылы жүргізілген. Ол үшін базар иесінің жеке есебінен 100 миллион теңгеден аса қаражат жұмсалған. Нәтижесінде ұтынушыларға жағдай жасалып, қосымша 100 адам жұмыспен қамтылды.

Министрдің соңғы аялдағаны – «Атамекен» кедендік бекеті. Бұған дейін көрші елге өтпекші болған жүк көліктері кедендік бекет маңында кептеліске ұшырап, жол қатынасын қиындата түскен еді. Мәселені шешу үшін кедендік бекеттің аймағын көріктендіру, көгалдандыру, кеңейту жоспары жасалды. Атап айтқанда, шекара маңынан сауда логистикалық орталығын құру, оның ішінде сауда базарлары, қонақ үй, автотұрақ, қоймалар, тұрғын үйлер мен түрлі спорттық алаңшаларды салу көзделген болатын. Қазіргі таңда автотұрақ пайдалануға берілген. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің есебінен басқа да нысандар салынуда.

Министр Бақыт Сұлтанов «Орталық Азия» халықаралық сауда орталығын құру үшін таңдалатын бекет туралы жан-жақты зерттеліп, жоспар құрылып, шешім шығарылатынын айтты.

ҰЗЫНДЫҒЫ 220 ШАҚЫРЫМ СУ АРНАЛАРЫ ТАЗАРТЫЛАДЫ

Қоршаған ортаны сауықтыру, өзiмiз жүрген жердiң экологиясын жақсарту туралы қаншама жылдардан берi айтылып та, жазылып та келедi. Алайда, бұдан осы күнге дейiн ешнәрсе қолға алынбай отыр деп айтуға болмайды. Елiмiздiң эколог мамандары қаққан дабыл бойынша үкiмет те, жергiлiктi билiк органдары да қыруар шаруа атқарып келедi. Байқасаңыз, қазiр қызу қарқынмен қолға алынып жатқан көгiлдiр отынмен қамтамасыз ету, көгалдандыру, суландыру мәселелерi – осылардың бiр ғана айғағы. Алысқа бармай-ақ, елiмiздiң мәдени, рухани орталығына айналып отырған Түркістан облысында жүзеге асып жатқан жұмыстардың біріне тоқталып көрейік.

Мәселен, Түркістан облысы Келес ауданында биыл жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, ұзындығы 220 шақырым болатын каналдар мен қашыртқы арықтарда механикалық тазалау және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Аталған жұмыстар каналдардың арнасынан тасуының алдын алады. Су арналары қордаланған қоқыстан тазартылып, мың гектарға жуық жер қайта айналымға түсетін болса, 5 мың гектар жерге су өткізу мүмкіндігі жақсарады.

Келес ауданы аграрлық өңір болғандықтан тұрғындардың басым бөлігі ауылшаруашылығы саласымен айналысады. Ал ауылшаруашылығы саласының күретамыры ағын су жүйелері болып табылады. Бүгінгі таңда Келес өңірінде 145 канал, 147 қашыртқы, үш су бөгеті және 25 млн3 су сыйымдылыққа ие Ақылбексай су қоймасы бар.

Шаруалардың басым бөлігі ағын суды Келес өзені мен магистралы үлкен көрші Өзбекстан елінен бастау алатын Зах су жүйесі, Ашынау каналы, Бозсу су жүйесі, Ақ қойлы, СТК және ВТК каналдарынан алады. Ирригация жүйесінде 2020 жыл басынан аудандық бюджет есебінен ұзындығы 100 шақырымға жететін каналдар мен қашыртқылар тазартылып, 350 га. жер қайта айналымға түскен болса, 2,5 мың гектарға жуық жерге су өткізу мүмкіндігі жақсарды.

АРЫС-ТҮРКІСТАН КАНАЛЫНДА ОРНАЛАСҚАН КӨПІР ЖӨНДЕЛУДЕ

Түркістан – жыл санап көркейіп келе жатқан қалалардың бірі. Соған сай, қаланың жол-көлік, көпір қозғалысы да жетіліп отыруы керек. Түркістан облысында соңғы жылдары құрылыс және жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Қала көшелерінен бөлек, басқа да құрылыс нысандарында тиісті жұмыстар жанданып келеді. Мәселен, Арыс-Түркістан каналында орналасқан көпір жөнделуде.

Түркістан қаласында Кентау-Түркістан бағытындағы Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолы аралығындағы Арыс-Түркістан каналында орналасқан көпірді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Аталған аумақта жаяу жүргіншілер жолының да адамдар үшін ыңғайлы, жарық болуы қарастырылған. Атап айтсақ, автокөлік жолынан бөлек 2 метрден жүргіншілер және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус қою қарастырылып отыр. Одан бөлек, кіші архитектуралық пішіндер, жарықшамдар, орындықтар, қоршау және қоқыс жәшіктері болады.

Жалпы, ескі көпірді жаңа заманауи әрі тарихи келбетке келтіру жұмыстары 5 ақпанда басталған болатын. 20 ақпанда аяқталуы жоспарланып отыр. Мұнда 52 жұмысшы мен 10-ға тарта техника жұмылдырылды.

БІРЕГЕЙ АНТИКРИЗИСТІК КАРТА ЖАСАЛДЫ

Түркістан облысында төтенше жағдайдың алдын алу бойынша Антикризистік карта жасалды. Бұл жоба республика бойынша алғаш рет Түркістан облысында жүзеге асуда.

Облыс әкімдігі жанынан құрылған Ситуациялық орталық пен облыстық ТЖД бірлесе отырып жасаған картаға сәйкес, облыс аумағында 200-ден аса орын алуы ықтимал төтенше жағдай сипатталған. Антикризистік карта аясында мемлекеттік органдарға арнап жұмыс алгоритмі бекітілді. Аталған нұсқаулық облыстың барлық аудан, қала әкімдіктері мен 23 басқарма басшыларына және облыстық полиция, Төтенше жағдай департаментіне таратылып берілді. Карта мониторингі бойынша «Ситуациялық орталыққа» әкімдіктер, басқармалар мен авариялық қызметтерден келіп түсетін ақпаратқа терең анализ жасалып, бұл талдау өз кезегінде тиісті күштерді оқиға орнына жіберуге жедел шешім қабылдауға, салалық қызметтерді құтқару жұмыстарына тартуға ықпал етеді.

Картада көрсетілгендей төтенше жағдай орын алса 24/7 форматында жедел ақпараттық штаб құрылады. Ақпараттық штаб «Алтын сағат» ережесіне сай кез келген оқиға орын алған сәттен 45 минут ішінде ресми ақпарат таратуы тиіс. Осы және өзге жұмыстар тізбесі Отырар ауданында өткен

«Түркістан облысында төтенше жағдайдың алдын алу» оқу-жаттығы шарасы барысында талқыланды. Аталған шарада Антикризистік карта облыстың аудан, қала әкімдері мен жұртшылыққа және БАҚ өкілдеріне таныстырылды.

ЖОЛҒА ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Жол жағдайы – ерте заманнан маңыздылығын жоғалтпай келе жатқан мәселенің бірі. Ата-бабалар жылқы мен түйе малын тізгіндеп алыс елдермен сауда-саттық, дипломатиялық байланыс орнатқан болса, бүгінгінің олардан айырмашылығы көлігінде ғана. Нақтырақ айтсақ, жол қатынасы ел экономикасын дамытуға, жолаушылар тасымалын жақсартуға, кәсіпкерлікті дамытып, жүк тасымалын ұлғайтуға, сондай-ақ халықаралық, елішілік қатынастың артуына айрықша әсер етеді.

Осы тұрғыда Түркістан облысында жыл өткен сайын­ халықтың әл-ауқаты жақ­сарып, түйткілді мәсе­ле­лер шешімін табуда. Со­ның ішінде, жол мәселесі де тұ­­­рақты назарда болып, әр жылы облыс орталығында жә­не елді мекендерде кө­шелер асфальттанып жа­­­­­­­­тыр. Өткен жылы да осы салада жүйелі жұмыстар жүргізілген болатын. «Жол қадірін жүрген біледі» деген мақал да оның машақатын түсінгендер тарапынан айтылса керек. Ал мұндай олқылықты болдырмау – бүгінгі заманның талабы.

Толығырақ айтар болсақ, Түркістан облысында ағымдағы жылы автомобиль жолдары саласында құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 156 нысан қамтылады. Оның ішінде 538 шақырым жол мен елді мекен көшелеріне жөндеу жұмыстары жүреді. 2021 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 79 пайыздан 81,4 пайызға арттыру көзделуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 17 286,6 шақырымға жеткен.

«2020 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 79 пайызға жетіп, жоспар асыра орындалды. Өткен жылы жалпы 868 нысан немесе 1 974,8 шақырым жол мен елді мекен көшелері құрыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Жыл қорытындысымен 828 нысан, тиісінше 1 525,4 шақырым жол пайдалануға берілді. Бұдан өзге, былтыр облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойына 16 шақырым – веложол, 110,2 шақырым – аяқжолдар, 4 621 дана — жарық шамдар орнатылды», – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдай салдарынан су басқан облыстық маңызы бар автомобиль жолдары мен көшелері қалпына келтіріліп, нәтижесінде 47,6 шақырым жол мен 4 көпірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, Төлеби ауданында жауған жауын салдарынан зақымданған 14 шақырым жол мен су шайып кеткен 3 көпірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтірілді.

Осы ретте жолаушылар мен тұрғындарға қолайлы болу үшін алдымен көшелерді қалыпқа келтіру қолға алынып жатқаны бізді қуантады. Жоғарыда айтып кеткендей, көшелерді жөндеу жұмыстары қазіргі таңда басталып кетті.

АУДАН ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУҒА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛУДА

Сарыағаш ауданында өткен жылы жалпы құны 10,3 млрд. теңгеге 22 нысанның құрылысы жүргізілген. Атап айтқанда, екі тұрғын үй мен бес білім ошақтары бой көтерді. Сондай-ақ, табиғи газбен қамту бойынша 3 нысан, электр қуатымен қамтуға қатысты екі нысан, алты ауыз сумен қамту нысандары, үш кәріз жүйесі бойынша нысандар және инженерлі коммуникация нысандары салынуда. Биыл тағы 28 әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

Халықты табиғи газбен қамту үлесі жөнінде өткен жылы 54 пайыз болса, биыл тағы 14 елді мекенде құрылыс жұмыстарын аяқтап, қамту үлесін 75 пайызға жеткізу көзделуде. Ал, ауыз сумен қамту бүгінгі таңда 60 пайыз болса, биылғы жылдың соңына дейін тағы төрт елді мекенге таза ауызсу құбырлары тартылып, қамту үлесі 66 пайызға жеткізілмек.

Сонымен қатар, Сарыағаш топтасқан ауыз су жүйесі мекемесі өз тарапынан 39,2 млн. теңгеге үш нысанды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізіп, 4,8 млн. теңгеге қажетті құрал-жабдықтар сатып алған. Биыл үш нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу, құбырларды ауыстырып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алу жоспарлануда.

Сапалы электр энергиясымен аудан халқының 98,6 пайызы қамтылған. Өткен жылы екі нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2021 жылы толық аяқталатын болады. Соның ішінде, Жарты төбе ауылдық округі, Ынтымақ және Достық елді мекендердің электр қуатымен қамтамасыз етілмек.

Биыл сондай-ақ, үш елді мекеннің жарық беру құрылғылары жаңартылатын болады. Аудандық электр торабы мекемесі тарапынан өткен жылы 36 елді мекенде 50 шақырымға жуық электр сымдары және бағаналары жаңартылған болса, 15 дана қуатты трансформатор ауыстырылды. Аталған жұмыстар биыл да жалғасын тауып, 50 шақырымнан астам электр сымдары жаңартылып, 19 дана қуатты трансформаторды алмастыру жұмыстарын 34 елді мекенде жүргізу көзделіп отыр.

Жалпы ауданда былтыр 55 шақырымнан асатын 34 көшенің орташа жөндеу жұмыстары және бір жаңа көпірдің құрылыс жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 42 шақырымды құрайтын 27 көшенің құрылысына 882,5 млн. теңге қаралып, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

СОЗАҚТА КҮН СӘУЛЕСІНЕН ҚУАТ АЛАТЫН ҚОНДЫРҒЫЛАР ОРНАТЫЛДЫ

Бүгінгі таңда әлемнің ғалымдары энергияның жаңа көзін жыл өткен сайын іздестіріп келуде. Сарқылмайтын дүние жоқ. Уран да сарқылатын отынға жатады. Атом энергетикасының келешегіне қауіп төніп, көптеген елдер баламалы қуат көздері туралы ойлана бастады. Әрине, көгілдір отын және көмірмен жұмыс істейтін стансаларда өндірілетін қуат арзан, бірақ олардың қоры шектеулі. Сондықтан, күн батареялары мен жел стансаларының қымбаттығына қарамастан, энергия өндіру бағытында жаңғыртылатын қуат көздерін құру бүгінгі және болашақ үшін өте маңызды. Иә, елімізде күн сәулесі болашақтың сарқылмас энергиясы бола алады. Күн энергиясын пайдалануға толық мүмкіндігіміз бар.

Созақ ауданында былтыр мемлекеттік «Инвест» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы саласын дамытып, шалғайдағы малшыларға қолдау көрсету мақсатында 585 млн. теңгеге 43 артезиан құдығы қазылған. Жайылымдарды суландыру мақсатында орнатылған құдықтарға 320 млн. теңгеден астам субсидия берілген. Одан бөлек, 68 шаруа қожалығына күннен қуат алатын қондырғы орнатылып берілген. Мемлекет тарапынан бұл мақсатта 164 млн. теңгеден астам субсидия төленді.

Жалпы ауданда 800-ден астам агроқұрылым бар. Ауданда ауыл шаруашылығы саласын дамыту негізгі мақсаттардың бірі. Мәселен, 2018-2020 жылдары мал шаруашылығына арналған жалпы 62 артезиан құдықтары орнатылған. Биыл да шалғайдағы мал шаруашылығымен айналысатын 40 шаруашылыққа құдық қазылып, агроқұрылымдарға күн сәулесі арқылы жарықтандыру қондырғылары орнатылады. Өңірде шаруаларды қолдап, субсидиялауға бағытталған «Инвест» мемлекеттік бағдарламасына деген қызығушылық артуда.

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЕГІН ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Егін егу – аса маңызды өндірістік процесс, өнімнің мол болуы едәуір дәрежеде оның уақтылы әрі дұрыс орындалуына байланысты. Егудің басты мақсаты – дән қаулап өніп шығуына неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау мақсатында тұқымды егістік жерге бірдей мөлшерде бөліп сеуіп, оны белгілеген тереңдікте жабу. Осы бағытта Түркістан облысы Сарыағаш ауданында ауқымды жұмыстар басталып кетті. Сарыағаш ауданының экономикасын дамытудың негізгі басымдықтарының бірі – ауылшаруашылық саласы болып табылады десек, аталған саланы дамыту мақсатында аудан шаруалары көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді қолға алып отыр. Ауданда екі-үш өнім алу жобасы бойынша егін егу жұмыстары басталды.

Қазіргі таңда аудан аумағында 315 га. жерге қырыққабат және 130 гектар жерге картоп егілді. Сонымен қатар, осы жылдың дәнді дақылдар өнімі үшін 30 мың гектар жерге күздік бидай себілді.

Биыл ауданда жалпы 70 мың гектарға жуық жерге егін егу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 42 мың 800 гектарына астық, 2200 гектарға майлы дақылдар, 4000 га. жерге картоп, 10 мың гектардан аса көкөніс, 1200 га. бақша және 9 мың га. жерге мал азықтық дақылдар егілетін болады.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ДӘРІГЕР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

Өз өмірін маңызды және пайдалы іске арнаған адам нағыз батыр десек артық айтпаймыз. Еңбек етпей бақытты өмір сүру мүмкін емес. Ал, жаның сүйетін іс өзгелерге пайдалы болса, одан асқан пенделік бақыт жоқ шығар. Батылдық, жан жылуы, өзгелерге жәрдем беру – барлық дәрігерлерге тән қасиет. Адам өміріне жауапты дәрігер мамандардың әрдайым шыңдалып тұрғаны жөн-ақ. Аталған мақсатқа сәйкес, Түркістан облысында 2616 медициналық қызметкер кәсіби деңгейін көтерді. Атап айтқанда, олар 33 маман қайта даярлау, 7 реаниматолог, 9 жұқпалы аурулар және 2 кардиология бойынша оқу курстарына қатысқан. Жалпы облыста 5300 дәрігер және 18600-ға жуық мейірбике бар.

Өткен жылы Түркістан облысында 1300-дей маман COVID-19 инфекциясын емдеу бойынша дәріс алды. Сонымен қатар, медициналық қызметкерлер денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен Қытай, Ресей мамандарынан онлайн форматта тәжірибе алмасқан.

Бұдан бөлек И.И.Мечнеков атындағы Солтүстік Батыс Мемлекеттік Медицина университетінің білікті оқытушыларынан облыстағы 44 маман дәріс алған. Жалпы, Ресейдегі Санкт-Петербург, Новосибирск қалаларындағы жоғарғы оқу орындарымен үздіксіз білім беру жөнінде әріптестік байланыс орнатылған.

Қазіргі таңда Облыстық балалар ауруханасында арнайы тренинг орталықтарында әртүрлі бағыттарда 728 медициналық қызметкер оқытылды. Негізгі мақсат – дәрігерлерге соңғы технологияларды меңгертіп, науқастарды емдейтін мамандарды дайындау екені белгілі.

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 102 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

Табиғи газ – адамға берілген ұлы игілік. Бұл ыңғайлы әрі үнемді. Газ біздің үйлеріміздегі жылулық пен жайлылық көзі болып табылады. Түркістан облысы Қазығұрт ауданында ағымдағы жылы екі табиғи газ нысанының төрт елді мекенінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге 388 млн. теңге бөлінген. Негізінен 2020 жылы басталған нысан құрылысы биыл аяқталады. Нәтижесінде, 51 елді мекеннің 79,7 пайызы табиғи газбен қамту жоспарлануда. Тиісінше ол ауданның 102 235 тұрғыны немесе 95,4 пайызы.

Сонымен қатар, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі былтыр 92,2 пайызды құраған. Ал, биылғы жылда бір елді мекен (Тесіктөбе) ауыз сумен қамтылмақ. Сондай-ақ, аудандық бюджет есебінен 6 елді мекеннің су құбырлары ағымдағы жөндеуден өтеді. Жалпы, аудан бойынша 60 елді мекен ауыз сумен қамтылып, 93,7 пайызды құрайды деп күтілуде. Аудан халқының толықтай 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылуы 2023 жылға жоспарланған.

Айқарма бетті әзірлеген

Зерек МҰРАТБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *