ҒАЛЫМНЫҢ ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫРЫ

Тұлға
216 Views

Ғылымның көсегесін көгерткен ғалым-ұстаз,профессор Жүзбай Қырғызбайұлын көпшілік жұрт математик ретінде таниды. Оның білім мен ғылым саласына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Ордабасы ауданына қарастышағын ғана Жусансай ауылында дүниеге келген Ж.Қырғызбаев 1953 жылы ҚазҰУ-ніңфизика-математика факультетіне түсіп, оны 1958 жылы бітіріп шықты. Ал 1962 жылы Мәскеудегі Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университетіне бірінші аспирант болып түседі. Және бірінші болып ғылыми диссертация қорғаған ғалым ретінде оның есімі университеттің алтын тақтасында жазулы тұр.

Ол өзінің ғибраты мол, саналы ғұмырында мыңдаған шәкірт даярлады. Олардың ішінде мемлекет жәнеқоғам қайраткерлерімен қатар ғылым докторлары мен кандидаттарының өзі бір төбе. Мәскеуде оқып жүргенде Өтелбай Нұрбаев, Шәріп Серікбаев, Лес Мамаев, СламханБұралқиев, Асанхан Белесов сияқты ізбасарларының, жолдастарының диссертацияқорғауына көп көмегі тиді.

Өмірі ізгілік пенөнегеге толы Жүзбай ағамыздың қолымызға тиген «Өткендерім мен жеткендерім» аттыестелік кітабындағы әдебиетке соның ішінде өлеңге деген сүйіспеншілігі менқұмарлығы ерекше. Жүзбай ағаның мұнтаздай таза, кіршіксіз көңілден туған жыр маржандарымен сусындап, естеліктеріне қанығып, құшырлана оқыған адам оның өткенінен үлгі, жеткен күндеріне қанағат етіп, жан-жүрегімен түсіне бастайтыны хақ.

Адам ұрпағымен жүз жасайды! Иә, Жүзбай Қырғызбайұлы бақытты жан. Ғалымдық ұстанымы мен азаматтық келбетінен айнымаған тау-тұлға ағамызға осы бейнетіңіздің зейнетін көріп, ұрпағыңызбен бірге жасай беріңіз дегіміз келеді. Өйткені, бәйтеректей саялы қарт ғалымның ізгі ғұмыры болашақ ұрпақтарына, жастарға өшпес өнеге болып қала бермек.

Ендеше, «Әділет» газетінің бүгінгі санында Жүзбай Қырғызбайұлының естеліктері мен өлеңдері қалың оқырман қауымға жол тартпақ.

Жүзбай ағамызөзінің ғибраты мол, саналы ғұмырында мыңдаған шәкірт даярлады. Олардың ішіндемемлекет және қоғам қайраткерлерімен қатар ғылым докторлары мен кандидаттарыныңөзі бір төбе. Мәскеуде оқып жүргенде Өтелбай Нұрбаев, Шәріп Серікбаев, ЛесМамаев, Сламхан Бұралқиев, Асанхан Белесов сияқты ізбасарларының, жолдастарының диссертация қорғауына көп көмегі тиді.

Өмірі ізгілік пенөнегеге толы Жүзбай ағамыздың қолымызға тиген «Өткендерім мен жеткендерім» аттыестелік кітабындағы әдебиетке соның ішінде өлеңге деген сүйіспеншілігі менқұмарлығы ерекше. Жүзбай ағаның мұнтаздай таза, кіршіксіз көңілден туған жыр маржандарымен сусындап, естеліктеріне қанығып, құшырлана оқыған адам оныңөткенінен үлгі, жеткен күндеріне қанағат етіп, жан-жүрегімен түсіне бастайтыныхақ.

Адам ұрпағымен жүз жасайды! Иә, Жүзбай Қырғызбайұлы бақытты жан. Ғалымдық ұстанымы мен азаматтық келбетінен айнымаған тау-тұлға ағамызға осы бейнетіңіздің зейнетін көріп, ұрпағыңызбен бірге жасай беріңіз дегіміз келеді. Өйткені, бәйтеректей саялы қарт ғалымның ізгі ғұмыры болашақ ұрпақтарына, жастарға өшпес өнеге болып қала бермек.

Ендеше, «Әділет. Рухани жаңғыру» республикалық газетінің бүгінгі санында Жүзбай Қырғызбайұлының естеліктері мен өлеңдері қалың оқырман қауымға жол тартты.

ДОМБЫРА – ДАСТАН

Не деген мықты сенің құдіретің,

Бассаң пернең күмбірлеп күй төгетін.

Бабалар білген екен домбыраның,

Қазаққа күш беретін қасиетін.

Домбыра екі ішекті тарихнама,

Сенімен жазған тарих талай дана.

Шежіресің жеткізсең ғасырлардың,

Қазақ сені ұмытсын қалай ғана.

Домбыра жазып қойған кітап-дастан,

Қазақ жазып үйренген саған жастан.

Сүндет тойын баланың, қыздың тойын,

Өзіңменен өткізген әуел бастан.

2. Қуанышын жеткізіп домбырамен,

Басына бақ-ырысы қонған еді.

Жау шапса күңіренген қазақ елі,

Жанынан тастамаған жалғыз елі.

Дұрыс жазсаң ертеңін бүгінімен,

Желбіретіп мойнына үкі тағам.

Бұрыс жазсаң қарамай еңбегіңе

Аямастан апарып отқа жағам.

3. Көңіл ме әлде көк дөнен,

Жүйріктігін кім білген.

Мақалды осы пайымдап,

Жүзбай ағаң мен жүрген.

4. Көңілімнен әр күні,

Сенімен жатып төсекке

Өзіңмен жаным таң атты.

Болмасаң да менікі,

Бақытты бол, бақытты.

5. Менде бет жоқ жаным-ау кешір дейтін,

Іс жасадым әйелдер кешірмейтін.

Сәті түссе екеуміз тіл табыссақ,

Жазып қоям атыңды,

Жүрек атты тақтаға,

Жүретін ылғи мақтана.

Мәңгі бақи өшпейтін,

Есімде қалдың сақтала.

6. Махаббат жасты таңдамас,

Жасын менен кәріңді.

Жасың ғашық болса егер,

Табады одан рахат.

Кәрің ғашық болса егер,

Болады жұртқа жаманат.

7. Ғашық болу бақыт па?

Сұраушыға айтарым,

Мынаны анық біліңдер;

Сезу үшін бақытты,

Ғашық болып көріңдер!

8. Ғашық болу бақытты

Деп ойлаймын мен өзім.

Ұштастыру екеуін,

Керек етер көп төзім.

9. Жауап тапсаң көрсетер,

Бақыттың қайда екенін.

Қоршап алып жатпас ек,

Бақыттың сол мекенін.

10. Дәулет басқа өмірде,

Денсаулық жөні бір басқа.

Бақыт емей немене,

Екеуі де бар болса.

11. Байлық басқа өмірде,

Бақыт жөні бір басқа.

Кімнің қандай боларын,

Жазып қойған о баста!

12. Болмасам да Алатау,

Қара тауы сияқты,

Болып жүрмін ортамның.

Болсамдағы дәл солай,

Махаббаттың алдында,

Басымды идім о Тоба-ай?!

13. Махаббат күтем әлі де

Өтсе дағы уақыт,

Ғашық болу меніңше,

Саған келген бір бақыт.

14. Ғашық болса несі бар,

Махаббат жасты таңдамас!

Махаббаттың тірегі,

Жүрек мәңгі болар жас.

15. Ғашық отын жандырар,

Саған келсе махаббат.

Махаббаттың тірегі,

Жүрек атты ғаламат.

ГҮЛЖАНҒА!

Білем сенің ойлы-қырлы мінезің,

Тұрмайсың ғой бұл өмірде бір өзің.

Біреу «биік», біреу «төмен» болатыны белгілі,

Сондықтан да, ақыл айтса баз біреу,

Күйіп-пісіп бұзылмасын нұр жүзің.

* * *

Қиын екен сүйіп қалып ұнату,

Одан қиын сүйгеніңді жылату.

Сүйгендердің сыйламаған сезімін,

Мен теңеймін қарусызға оқ ату.

Ал менікі жұбату!..

Біздің ауыл Жусан-сай,

Адамдары сәнге бай.

Алып тұлға ұлдары,

Сұлу келер қыздары,

Сенбесең жаным барып көр,

Жақсыларын танып көр.

* * *

Атыңнан айналайын,

Жусан-сайым,

Суың бал, шөбің шүйгін барлық сайың.

Суына Арысымның бір сүңгісем,

Кетеді бойымдағы барлық уайым.

* * *

Өкінбе басты ауыртып өткенді ойлап,

Жүре бер балалардың тойын тойлап.

Өсіріп немере мен шөберені,

Қызығын көре бергін жүзді бойлап.

* * *

Күнде күтем жақсылық ертеңімнен,

Оқығандай жас кезде ертегіден.

Бүгін келсе, жақсылық тағы күтем,

Өмір солай өтеді екен күтуменен.

ӘКЕ ТІЛЕГІ

Бақыт деген Мен және сен балам,

Керіле жүріп керегінше сайраңдайтын кең далам.

Шаршағанда алақаны күш беретін өзіңе,

Жүрегі ыстық, қолы ең, сені тапқан әз Анаң.

Өмір қызық, өмір қатал болса да,

Сол өмірде орын алсаң жоғары.

Болмас едім мен алаң.

Бақыт деген сендерсіңдер –

Қыздарым!

Өздеріңсіз қыза қоймас «базарым».

Барған жерде бақытты боп жүрсеңдер,

Жұрт алдында ашық болар ажарым.

Бақыт деген сендерсіңдер немерем,

Сендерменен бұл дүние көгерем.

Аман болып сендер жүрсең алдымда,

Мен өзімді әкімге де, батырға да теңер ем.

Бақыт деген бауырларым –

Сен інім,

Сендерсіңдер құдалармен жалғастырар көк жібім.

Бақыт деген сендерсіңдер –

Келінім,

Сендерменен көбейеді

Қазақ деген Ұлы елім.

* * * 

Шешем менің көрген жоқ,

Дүние жинап шаттанар.

Көрсеткен жоқ, жамандық,

Пенде алдында ақталар.

Әке орнына әке боп,

Бізді өсірді қиналып.

Таза еңбекпен әрдайым,

Ел алдында шат болар.

Әкеге құрмет көрсеткен,

Ұл менен қыз бақ табар.

* * *

Байлық керек әркімге,

Жүгірме бірақ соңынан.

Жүгіргенмен болмайды,

Бермесе Құдай оңынан.

Әділ ҚЫРАН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *