ЫНТЫМАҒЫ ҰЙЫСҚАН АЛТЫ АТАНЫҢ ҰРПАҚТАРЫ

Руханият
2 348 Views

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларында өткен тарихымызды тереңтанып білуге үндеп отыр. Ұлттық кодымызды, қазақы болмыс-бітіміміздіқалыптастыру жолында атқаруға тиісті жоба-жоспарларды белгілеп берді. Басқаныайтпағанның өзінде «Туған жер» бағдарламасы арқылы көптеген ізгілікті деигілікті іс-шараларды жүзеге асыруға болады екен. Қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»атты өзінің алғашқы Жолдауында да билік органдары мен қарапайым халықарасындағы байланысты нығайтудың бағыт-бағдарын айқындап бергені баршаға мәлім.Міне, соның бірі «Өлі разы болмай, тірі байымайды» демекші, ата-баба әруағынаарнап ас беру үрдісі дер едік. Бұл шараның тек қана ас ішіп, табақ босату емес,қалың жұртшылыққа, әсіресе өскелең жас ұрпаққа беретін тәлім-тәрбиелік маңызыда зор екенін әсте ұмытпауымыз керек.

Бейсембай Кенжебаев

Біз табиғатында отырықшылықты емес, көшіп-қонуды кәсіпеткен халықтың ұрпағымыз ғой. Шыққан тегімізді Адам атадан бастамай-ақ, кешегікеңестік дәуірді сөз етсек те көп нәрсенің толық шындығына жете қоюымызкүмәнді. Әркім өз түсінік-түйсігімен жаза берсе, тарихқа қиянат болар еді. Алқиянат атаулының, соның ішінде тарихқа қиянат жасаудың кешірілмейтін күнәекенін жадында ұяттың саңылауы бар әрбір адам жақсы түсінеді деп ойлаймыз. Осыорайда Шәкәрімнің мынадай түйсігі ойға оралады:

Шежіремен ары барсаң адасасың,

Ми жетпес көп дүниеге шатасасың.

Ол кезде сен де жоқсың, мен де жоқпын,

Несіне шежіреге таласасың?!

Бұл мақалада кешегі өткен Мақы бабамыздан бері қарайғы әруақтардың атын атасам, соның өзінде қателесіп кетсем, Жаратушыдан да, әруақтардан да кешірім сұраймын. Қазіргі Интернеттегі мәліметтерге сенер болсақ, біз Адам ата мен Хауа ананың 91-92 ұрпақтарымыз дегенге меңзейді. Өз басым бұл тұжырымды түбегейлі дұрыс немесе бұрыс деп сәуегейлік жасаудан аулақпын. Дұрыс болса, Алла Тағала разы болсын, егер қателесіп кеткен болса, оны білмей жасаған кемшілігі үшін Жаратқан кешірер деген ойдан әрі барғымыз келмейді. Өз басым ақын Абай айтқандай:

Кеше бала едің, келдің ғой талай жасқа,

Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа.

Адамды сүй, Алланың хикметін сез,

Не қызық бар өмірде одан қызық.

Өз басым әруақты алаламау керек деген оймен толықтай келісемін. Біз – Мақының Құдайбердісінен тараған ұрпақтармыз. Оның Жаулыбай, Аманбай, Сүттібай, Суынбай, Аққошқар, Байқошқар есімді алты баласы болған. Жаулыбайдан – Қарасопы, Жаманбай тарайды. Қоңырсопының Жетіммалай (Қоңыршұнақ). Жаманбайдың Құрбан, Жауқашты, Ноғай, Шоқпарлы, Қира есімді бес баласы бар. Бұл бесеуінің ішіндегі ең көп өсіп-өнгені Құрбанның ұрпақтары. Олар: Киікші, Жары, Сасық, Тіней, Жартыбас, Көтен. Аманбайдан – Қожамберді (Құйысқансыз). Сүттібайдан – Алтый, Қырғызәлі. Суынбайдан – Жәни, Қараша. Аққошқардан – Ақмырза. Ақмырзадан – Ақболат, Қайрақ. Байқошқардан – Борай, Жиенбет. Жиенбеттен – Тәңірберген, Көшей, Кенжеғұл, Әйбике. Ақболаттың азан шақырып қойған аты – Көшек, ал Қайрақтың шын аты – Барақ. Ал енді «Ел ағасыз, тон жағасыз болмайды» дегендей, олардың барлығының атын атауға бір мақаланың көлемі көтере қоймас. Аттары аталмай, түстері түстелмегенімен, бәрі де көңілде. Оларға Алла разы болсын! Марқұмдардың әруағы кешірсін!

Ақболаттар негізінен үш жерді мекендеген. Атақонысымыз – қарт Қаратаудың Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының Шалқия кен орнының аумағымен, Сырдарияның ортасындағы жерлер – жаз жайлауы, қыс қыстауы болған. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында бұл өлкелер Қоқан хандығының қоластында болғанын өздеріңіз тарихтан жақсы білесіздер.

Біздің арғы тегіміз Ғұндар болса, оларды қалай қытайландырып, ұлт есебінде жойып, Қытайға қосып жібергені де белгілі. Одан кейінгі Ойраттар, Қыпшақтар, Қаңлылар, Үйсіндер атты мемлекеттік құрылымдарды ХІІІ ғасырдан бастап Шыңғысхан ұрпақтарының 700 жылдай билеп-төстеуі, орыстардың 370 жылдай билеп-төстеуі, әрине біздің ұрпағымыздың қанына бодандық пен құлдықты қалай сіңіргенін неге есепке алмауымыз керек? Қоқан хандығының езгісі де біздің өлкемізге шамадан тыс салық жүйелерін енгізіп, тұрғын халықты есеңгіретіп жібергені баршаға белгілі. Сол кезде халық өлмеудің, күнкөрістің жағдайымен әртүрлі әрекеттерге барған. Біраз алдын Ақболаттың Өтеген балалары Отырарға барып жайғасты. Егіншілігі онша дамымаған халықтың күнкөрісі негізінен мал шаруашылығы болған. Ал табиғат ылғи да жайлы бола бермейді. Төрт-бес жылдан ұзамай тағы да қуаңшылық қайталанып тұратыны – өмір шындығы. Жайылымның жеткіліксіздігі де халықты оны іздеуге мәжбүрлейді. Осындай жайылым іздеу мақсатымен жекжаттық қатынаспен Бөген жеріне барған Байтана Асанұлы бабамыз сондағы елдің би-бектерімен, аузы дуалы ақсақалдарымен сөйлесіп, біраз жайылым жерін сатуды сұрайды. Бөген өзенінің қос жағалауы да шөбі шүйгін, малға жайлы жер екенін байқаған Байтана Ошақтыларды Қызылкөпірден Шілікке дейінгі Бөген өзенінің қос жағалауын сатуға көндіреді. Саудаласып бағасын 500 тоқты деп келіседі. Сөйтіп, Байтана бастаған азаматтар мал жинауға кіріседі. Тұрғындармен сөйлескенде олардың біраз бөлігі Бөгенге көшуге келісімін береді. Екінші біреулері: «Жылы орнымыздан қозғалып, онда барғанда жағдайымыз қандай болады?!» – деп көнбей қояды. Нәтижесінде, көшуге келіскендерден 300 тоқты жиналады. Ал қоныс аударғысы келмейтіндердің тоқты жинау науқанына қосылмайтыны белгілі.

Жетпейтін 200 тоқтыны іздеген Байтана Отырардағы ағайындарға барады. Алайда, ондағы ағайындар жылы орындарынан қозғалып, Бөгенге көшуге жүрексініп, бұл ұсынысқа көнбейді. Амалы таусылған Байтана сондағы Құрманның Тінейінен тарайтын Майлыбайдың кіші әйелінің баласы Елғонды датқамен сөйлеседі. Датқа ағайындарымен келісіп, оның ұсынысын қабылдайды. Осылайша Тінейлер 200 тоқты қосып, Ақболаттар пен Тінейлер 500 тоқтыға Ошақтылардан Бөгеннің қос жағалауын сатып алады. Сөйтіп, өзеннің оңтүстік бойын жағалап Тінейлер, солтүстік бойын жағалап Ақболаттар жайғасады. Бұл 1810 жыл болатын. Елғонды датқа – Байтелі датқаның баласы. Тіней Байтелі датқа мен Маңғытай Өтебай бай екеуі ағалы-інілі болған, Абылай ханды арнайы шақырып, мәртебелі мейман еткен жампоздар. Бұл туралы Майлықожа ақынның мына бір өлеңінде:

Түркістанда мекені

Көтеншілер халқының.

Үргеніште қалды сүйегі

Телқожа батыр алпының.

Талай жауды жайратып,

Көрсеткен еді салқынын.

Егесіз көлдер тартылып,

Қайраңы қалды артының.

Қылбелбеу мен Құрман

Қаптап жатқан халқы еді.

Жаманбайдың бағы озған,

Елғонды датқа жалқы еді.

Қоңсы еді Қоқанға

Көңілі жақын Жантелі.

Он жеті жасар күнінде

Абылай ханды шақырған

Атасы оның Байтелі, – деп жырлайды.

Сол Байтанамен бірге тұрғындарды Бөгенге көшіріп келген Елғонды датқа қазақтың хандары мен датқаларымен бірге Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген.

Оңтүстік өлкесінде Қоқан ханының Мырзаби деген өкілі болды. Халыққа өте жайсыз болғандықтан Қоңыраттардың Жандар руынан шыққан Мұсабек батыр әлгіні өлтіреді. Сол кезде қаһарланған Қоқан ханы Мұсабекті жазалау үшін арнайы іздетеді. Енді хан кек алу үшін Қоңыраттардың барлық руларына тиіседі деп үрейленген Бөгенге жаңа қоныстанған Ақболат пен Тінейлер Қоқан хандығының аумағынан шығып кетеді. Алайда, Мұсабек батыр бір жылдан кейін Қоқан ханының алдына өзі барады. Хан шартты жаза ретінде оған Қоқаннан ешқайда кетпейсің деген үкім шығарады.Бір жылдан кейін Мұсабек жазасын өтеп, елге оралады. Сол кезде Бөгенді тастап көшіп кеткен Ақболаттар мен Тінейлер қайта көшіп келеді. Алайда, осы арадағы екі жылда Ошақтылар Бөген жерін өздері иемденіп, алады да Ақболаттар мен Тінейлерге қайтып бергісі келмейді. Осы арада Ошақтылар мен Ақболаттардың арасында дау туындап, бұл мәселені шешу үшін Ақболаттар Қоқан ханына шағымданады. Олар бұл істі Түркістан оязына тапсырады. Нәтижесінде, Бөгенді Ақболаттар мен Тінейлерге қайтарып береді. Алайда Ақболаттар мен Тінейлер Ошақтыларға 185 тіллә айып төлеуге міндеттеледі. Бұл кезде Байтана да, Елғонды да дүниеден өтіп кеткен. Айыппұлды Ақболаттан Кепеқозы датқа бастаған арнайы топ апарып тапсырады. Мұсабек батырдың бұл ісі Майлықожа ақынның «Қараның өтті хандары» деген шығармасында былай айтылады:

Дәуренбек бимен шаншысып,

Үй ара жау боп аңдысып,

Мұсабек өтті Қоңыраттан.

Сар даланы шаң қылған,

Қоқаннан олжа мал қылған,

Мырзабиді өлтіріп,

Батырлығын даң қылған.

Мұсабек батыр Жандардан,

Құлшығашта Ер Тәнен,

Байбақ өтті Алғидан.

Ар мен намысты ту етіп, ел қорғау жөнінде қол бастаған кешелі Көкен, Қосымбай, Шіркімбай, Кейден, Есіркеп, Әлімқұл, Досыбай сынды батыр бабаларымыздың ұраны – Көкен болып, елі мен жерін қорғаса, Байтана, Кебекқозы, Қанай, Райымқұл (Қарабала), Айдос, Абылай, Батырбек, Балғабай, Мәулен, Асан, Шахан, Омар, Ырыс, Нарынбай, Болғанбай, Құлан, Сапарбай, Құлымбет, Орманбек, Шәмет, Әділхан, Бәшәр секілді датқалар, билер, болыстар, кәлпелер, дамаллалар елдің елдігі мен ынтымақ бірлігін сақтаудағы бәтуәлі іс әрекеттері кейінгі ұрпаққа қалдырған өнеге өсиеттері осы күнге дейін өз құнын жоймай, маңызын жоғалтпай келе жатқанын әркез мақтана әңгімелеуге тиіспіз.

Осы аталған азаматтардың ішінде жоғары дәрежелі орыстың тілін толық меңгерген аса сауаттылары да болды. Түркістандағы Божбан Сапарбай болыс Құдымбет ұлы Мәулен мен Сұлтанбек Қожанов екеуін орыс-түзем мектебіне алдын төрт жылдық, кейіннен үш жылдық мектепке беріп, барлығы жеті жыл оқытқан. Кейін арнайы жолдамамен Бөгеннен үш бозбала – Мәулен, Бекей, Қалау Петербор қаласында екі жыл оқыған. Бекей кейін сол Петерборда Бахытжан Қаратаев, Халел Досмұхамедов, Жақанша Досмұхамедовтермен бірге оқып, заңгер мамандығын алып Орынборда, Ташкентте қазмет еткен.

Сапарбай Кәлпе Бамдат намазын Бөгенде оқыса, Бесін намазын Түркістанда оқып, Екінті намазын қайтадан Бөгенде оқыған дейді. Қазіргі уақытта олай ету жұрт таңғаларлық мәселе емес, жол жақсы, мәшинемен Түркістанға барып-келу онша қиын шаруа емес. Ал сол заманда мәшине де, бүгінгідей жол а жоқ, сонда ол жарықтықтың қалай барып келуін көз алдыңызға елестете беріңіздер. Сондай-ақ кешегі кеңестік дәуірдің әртүрлі белестерінде ел-жұртының жағдайын ойлап, ағайынды азып-тозуға жібермей, елді аузына қаратқан қабырғалы елдің біртуар азаматтары – Нұрхожа Тұрысбеков, Райымбек Ахметов, Махат Қожамбердиев, Оразбай Қожабергенов, Махан Ниязов, Мырзаш Қабылбеков, Арыстанбек Қабылбеков, Сыздық Оразов, Сарынбек Тасжанов, Сали Дәуренов, Әбілдабек Құрмансеитов, Сейітқазы Бөкілов, Сейдазім Бөкілов, Шохан аға, Үсен Сопиев, Ақылбек Есдәулетов, Сәрсен Сәриев, Патса Құдайбергенов, Мұсақұл Данияров, Шерәлі Бөлтаев, Алтынбек Нұржігітов, Нұртаза, Мырзахметов, Әбіш Шоқыбев, Шерубай Кенжебеков, Исабай Үсенбаев, Құдабай Наурызбаев, Әлімжан Досболов, тағы басқалар.

Бүгінгі бақытты ұрпақтың ойы мен санасында жүретін бүкіл Алаштың қадірлісіне айналған мемлекет қайраткері Садықбек Сапарбеков, кезінде республиканың Сыртқы істер министрі болған Махаш Сыздықов, үш облыста обком хатшысы болған Қаржаубек Жарқынбеков, Қазақстанның үш ауданын, Өзбекстанның бір ауданын басқарған, М.И.Калининнің көмекшісі болған Керімтай Әсілбеков, республика ғылымына зор үлес қосқан академиктер – әдебиет сыншысы, заңғар журналист, жазушы, әдебиеттің батыры, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопиясы лицензиядан өте алмай қалғанда, партия басшыларының қарсылығына қарамай «Жалын» журналына «Абай жолын» толық мәтінін жариялап жіберіп, сол үшін партиядан шығып, қызметінен босаған дара тұлға Бейсембай Кенжебаев, Сейфулла Әбраимов, Жұмахан Мұсатафаев, Рабиға Сыздықова, ғылым докторлары – Ақболат Ахметов, Жәнібек Жұмаділлаев, Әбжан Құрысжанов, Мәмет Исабаев, Роман Жанпейсов, Жарылқасын Тұрлыбеков, жазушылар – Д.Досжан, Т.Нұрмаханбетов, Ж.Әлишев, сазгер Б.Байкенжеев. еңбегімен елін көгертіп, атын аңызға айналдырған, қиын-қыстау кезеңнің сынына дес бермеген, сонысымен Еңбек Ерлері атанған – Сердалы Құрымбеков, Сапарбай Сұлтанмұратов, Қадір Тағаев, Маржан Тасова, Әлиасқар Сұлтановтармен қатар ел басқарып, биліктің биік белестерінен көрініп, ұрпақтың атын шығарған Еңбек Ерлері – Орынбасар Бейімбетов, Жолдасбек Ердешбаев, Ұланбек Арғынбеков, Әбдіразақ Әлібеков, Бердібек Сапарбаев, Нұрлыбек Нәлібаев, Сапархан Омаров, Арасат Фейзуллаев.

Ортақ игілікті істердің басы-қасында жүріп, ақыл-кеңес беріп, жастарды ынтымақ бірлікке жұмылдырып, данагөй қарт атанған қарияларымыздың біразы бүгінде бұл жалған дүниемен қош айтысқан. Машбек, Шәки Аманбек, Төленбек Әбдіғаппар, Абдуахап, Мырзахан, Шынберген, Елеусіз Мамырай, Өтежан, Әмзебай, Жаншора Әнішбек, Қалжан, Әбісейт, Мұса, Қалыбек, Қаныбек, Құтым, Әлішер, тағы басқалар – солардың санатында.

Әртүрлі салаларда еңбек етіп елге әрқайсысы өз саласында орасан зор ықпал етіп, экономика, білім, денсаулық сақтау, мәдени, руханият, саясат, әлеуметтік салаларда өркендеуге үлес қосқандар: Шаметов Момын, Аққұлов Жүсіпбай, Байдүйсенов Сейілбек, Шаметов Бақтай, Жүсіпбеков Өтжан, Қожамбердиев Марат, Таубаева Шәркүл, Алдияров Жұмаділла, Сәтбай Жұмабаев, Әбдімажит Битабаров, Балтабай Сарсенов, Бекежан Тоқсанбаев, Сеңгірбеков Еркінбек, Пірімбетов Мүсілім, Алтыбай Әбубәкір, Бексеитов Ыдырыс, Ордабаев Амангелді, Ахметов Амангелді, Ордабаев Мақсұт, Дәрменбеокв Сенбек, Мұсқұлов Ізбасар, Бименұлы Жұмабай, Исабаев Бегалы, Жұмабекұлы Райымбек, Қабылбеков Кенжехан, Қуанышбаев Орынбай, Ордабаев Бахытжан, Шоқақов Ибадулла, Қлжабаев Кенжетөрк, Бердибаев Мансур, Тасов Аймырза, Тасов Әлібек, Алтыбаев Әбутәліп, Исабаев Әділхан, Көшербаев Қараман, Әуезбеков Айдар, Садыков Смайыл, Жұмабаев Бекмолда, Жорабеков Әмір-Әмзе, Жүзжасаров Құдайберген, Қондыбаев Шадияр, Скендір Бахыт Әбдімаханұлы, Жұмабаев Нұрмолда, Бердібаев Махмұт, Шырдабаев Гайдар, Шаметов Ералы, Жұмабаев Нұрлан, Кенжебеков Жарылқасын, Мәуленов Бахыт, Тоқсанбаев Аянбек, Садыков Акнұр, Әкімқұлов Орынбасар, Балтабай Пазылов, Әбдіхалықов Амаенгелді, Үсенов Жәнібек, Рысқұлов Бархыбек, Тұрмаханбетов Есен, Жұмабаев Тілесбай, Төлепбергенов Қасымбек, Шаметов Бектай, Бекберген Мұсаұлы, Жүзжасаров Аймаханбет, Әкімбаев Февраль, Құрмантаев Мұхтар, Ордабаев Мұхтар, Мәуленов Қосай, Үсенов Әлайдар, Төлебаев Әшірбай, Мауленов Мажит, Орманбеков Бауыржан, Мауленов Сабит, Садуақасов Баймахан, Садуақасов Базарбай, Исабаев Бердалы, Ерімбетов Мырзақасым, Махамбетжанов Орынбасар, Алдабергенов Қайбулла, Бексултанов Мейрамбек, Кенжебаев Нышанбек, Жұмабаев Нұржан, Наурызбаев Мұхтар, Әуезбеков Қайсар, Мұсақұлов Ғани, Әмзебаев Ерлан, Әуезбеков Асқар, Тлесбай Бахытжан, Әуезбеков Мұхтар, Жұмабаев Ермолда, Мырзанов Мұхит, Көшербаев Әшімхан, Жұмабаев Бауыржан, Жұмабаев Бекнұр, Жұмабаев Бағлан, Әуезбеков Шалхар, Жұмабаев Ерғали, Бименов Еркін, Тұрмахамбетов Болат, Жұмабаев Берік, Жұмабаев Серік, Мауленов Даулет, Исабаев Нұркен, Әкімқұлов Асқар, Рысқұлов Ғабит, Рысқұлов Сабит, Рысқұлов Мұхтар, Әбдіхалықов Алмас, Орманбеков Мақсат, Байжан Сәдуақасов, Наурызбаев Сейілбек, Қабылбеков Нариман, Ордабаев Абдолла, Мұстафаев Нұртаза, Жаңабаев Асхан, Жүзжасаров Заманхан, Ақұллов Үсен, Құрмантаев Өмірбек, Қалмет Жүзжасарұлы, Зия Садықұлы, Шырдабаев Тілеубай, Қашқынов Шымырбек, Исабаев Сырым, Қапаш Серікбаев, Шондыбаев Аман, Тұрабаев Жарылқасын, Шекеров Іргебай, Алдияров, Кешеубаев Елескен, Алмас Нәлібаев, Әлімбай Шерубаев, Аманжол Әбдіраймов, Алшынбай Тұртанов, Жарылқасын Боранбаев, Тұрсынхан Құрманбеков, Қамбар Әбнібеков, Қанжарбек Әжібаеков, Анарбек Дүйсенов, Серікбай, Әлібек Нәлібаев, Аманжол Бейсенов, Амангелді Абдуллаев, Орынбек Айгелдиев, Жалбызбай Итаяқов, Балғабай Итаяқов, Манасбай Тұрабаев, Нысанбай Тұрабаев, Өмірбек Қаппаров, Нұридин Ерескенов, Ерлан Кешубаев, Болат Құттыбаев, Данияр Көшубаев, Ғалымжан Қаппаров, Бахытжан Абдуллаев, Ербол Аьдуллаев, Абдуллаев Жорабек, Марат Аймашканов, Бахтияр Каренеев, Батырхан Баймаханов, Мақсат Тасболатов, Түкібаев Ерсерік, Әбдіжұмабай Ералыұлы, Төлен Мақұлбеков, Мадияр Ахметов, Жаншора Көпешұлы, Үсенов Қойшыбай, Елтай Бекмахамбетов, Мейрамбек Күнпейісов, Серік Молдашов, Үкімәлік Мырзахметов, Бекқұлов Ертай, Тәжіхан Көшербайұлы, Сахиев Файзулла, Абдулла Алтыйсулеймен, Анарбек Арғымбеков, Әділхан Арғымбеков, Базарбай Мұсабеков, тағы басқалардың есімін қашанда мақтанышпен тілге аламыз.

Міне, құрметті ағайындар, бүгін біраз адамдардың аты-жөнін жаздық, кейбір аты аталуға тиісті, бірақ пенделікпен естен шығып қалу себептерімен аталмай қалғандары болса, біз олардан кешірім сұраймыз. Қателескеніміз жоқ, барлығын дұрыс жасадық деуден аулақпыз. Кейбір жөнді-жөнсіз қателіктердің кетуі әбден мүмкін, бірақ біліп тұрып қасақана жасағанымыз жоқ. Бір-бірімізге кешірімді болғанымыз дұрыс. «Бұл өмірге қожа екеніңді білсең, қонақ екеніңді де ұмытпа» дейді дана халқымыз. Бүгінгі имандылық ниеттеріңізді Алла-тағала қабыл еткен болсын. Бір үлкен кісі Мәшһүр Жүсіпке «Алла қай жерде?» –деп сұрапты дейді. Сонда ол: «Алла менің жүрегімде, ал шайтан сенің тіліңде», – деп жауап берген екен. «Бақ қайда барасың?» – дегенде, – «Ынтымаққа барамын», – депті дейтін халқымыз. «Өмір деген қысқа екен көрген түстей, бір-біріңді сыйлап жүр көрге түспей», – дейді. Ынтымақты болайық, сыйласып жүрейік, баршамызды жақсылықта, имандылық істердің басы-қасында қауышуды нәсіп етсін, ағайын!

Рахматулла МӘУЛЕНОВ,

еңбек және тыл ардагері,

«Құрметті автокөлікші»

атағының иегері.

ҚАЗАҚТЫҢ БЕРЕКЕСІ АРТА БЕРСІН!

Тегіміз Адам Ата, Хауа анадан,

Құдайдың құдіретімен жаратылған.

Он сегіз мың ғаламның ішіндегі

Саналы да иманды дара тұлғаң.

Әрине, бізден бұрын да болған жұмақ,

Адам Ата, Хауа Анаға болған тұрақ.

Ұғынуға бабалардың шыққан тегін

Керек-ақ пенделерге ұлы сезім.

Қанша жыл, қанша ғасыр өтті содан,

Адамдар бір-біріне болып бодан.

Ел болдық, тұрмыс құрдық, өсіп-өндік,

Әртүрлі тасқындарға болып тоған.

Адамзатқа жіберілген Нәбиі,

Пайғамбардың Пайғамбары деп таниды.

Ислам діні Мұхаммедтің енгізген

Алла қолдап бүкіл әлем таниды.

Исламның бар жетпістен аса тармағы,

Бізге керек Ханафи мазһабы.

О, халайық тура жолдан адасып,

Алданбайық дұшпанның болып мазағы.

Тәурәт, Зәбүр, Інжіл мен Құран-Кәрім,

Жаратқан, Тәңір берген ғой бізге бәрін.

Мұса, Дәуіт, Иса мен Мұхаммедтер

Түсіндірген кітаптардың мәнін, нәрін.

Алғашқы үш кітаптың түпнұсқасы

Сақталмапты, қалыпты тек пұшпағы.

Құран-Кәрім сүрелері Жәбірейілмен

Қолма-қол жеткен дейді шын турасы.

Адам Атаның қырық бесінші ұрпағы,

Екі дүние Пайғамбары боп жүр тағы.

Алла Тағала елшісі боп жалғанда

Дін үйретіп Алладан тапсырма алған-ды.

Қожа Ахмет дүниеге келді Сайрамда,

Түркістанда өтті өмірі, жүрмесе де майданда.

Мың жас үлкен болса-дағы Арыстанбаб,

Мұхаммедтің сәлемін табыстапты ардақтап.

Сахаба Мұхаммедке Укаша ата,

Түркістанды Меккеге ұқсата ма?

Денесі Қаратаудан орын тауып,

Ясребке басы барды, арманы орындалып.

Сайрамдық ясребтік болса-дағы,

Яссыда болмаса да ханның тағы.

Түркістанды таңдаған мәңгілікке

Исламның асылдары жанып бағы.

Хазреті Әбубәкір, Хазреті Омар

Жанынан Мұхаммедтің табылған солар.

Хазреті Осман мен Хазреті Әлі –

Пайғамбарға ниеттес жақын олар.

Ұмытпау өткендерді елдікке тән,

Мал жинау, зекет бермеу сараңға сән.

Шындық пен адалдыққа үндемесе

Мақтамаңдар бұл жақсы екен деп ән.

Иманды, татулық пен мейірімділік,

Демеңдер шапағатын кейін білдік.

«Ырыс алды – ынтымақ» деген сөзді

Танытқан ұмытпауға бейімділік.

Хандар, билер, датқалар, болыстар да

Түркістанда жайғасқан қоныстауға.

Жақсы менен жайсаңның басын қосқан

Алланың құдіретінен зор іс бар ма?

Мақының Сүттібай, Суынбай, Аққошқары

Бір болып қыстау, жайлау, атқостары.

Құран бағыштап әруақтарға ас беруді

Ойласыпты Түркістанда бас қосуды.

Болмаса өлі риза ісің оңбас,

Керек болса аязда суың тоңбас.

Аянба әруақтардан жолың болғыр,

Көтерісіп керек жерін сен де қолдас.

Таңдадық неге осы іске Түркістанды!

Туды ма қажеттіліктен тұрмыстағы?

Ұрпақтар сезінсін деп жер киесін

Түркітілдес халықтың өз иесін.

Жөні жоқ Түркістанмен таласатын,

Қойыңдар түсінбестік саясатын.

Қазақтың бар асылы осында жатыр,

Әлде кем дейміз бе олардың парасатын?

«Бөліп ал да билей бер» деген ойды,

Түсінеді әр адам болса ойлы.

Қазақтарды айдап сап бір-біріне,

Асылдардың қаншама көзін жойды.

Сабақ болмай жүр осы ой надандарға,

Бөлінуден ұтқан бір адам бар ма?

Бұрын мұны көруші ек орыстардан,

Итеріп жүр енді кім бұл қадамға?

«Бас-басына би болған өңкей қиқым»

Ұқпайды екен айтылған сөздің сиқын.

«Адасқанның алды жөн, арты – соқпақ»,

Оларға жөн дұшпанның сөзін ұқпақ.

Ұқтыра алмай кезінде Абай да өтті,

Одан әрі дұшпанның несі кетті?

Ақымаққа қисық жол көрсеттім деп

«Достарың» мақсатына таза жетті.

Қариялар дуалы ауыз бата берсін,

Қазақтың берекесі арта берсін!

Әр үйде маздап жанып бақыт шамы,

Ырыстың тәтті дәмін тата берсін.

Ағайын, қабыл болсын ниеттерің,

Тәу етіп Түркістанды кие еткенің.

Алланың рақымынан сусындаған,

Кірлемесін ешқашан жүректерің.

Рахматулла МӘУЛЕНОВ,

еңбек және тыл ардагері,

«Құрметті автокөлікші» атағының иегері.

ЕГЕСІП ӨТСЕ ЕР ЖАМАН, БІРЛІГІ КЕТСЕ ЕЛ ЖАМАН

Қоңырат тайпасының Алты ата ұрпақтары ата дәстүріміз бен салтымызды паш етіп, бабалар рухына бас иіп, осы жиынды өткізіп отырмыз. Бұл дәстүр сонау 1995 жылы «Алты ата» мешіті ашылған күннен бастап жыл сайын жалғасын тауып келеді. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген халық даналығынан жаңылмаған осы игі дәстүріміз ұзағынан болғай, ағайын!

Міне, бүгін Ақболат – Қайрақ ұрпақтары бабалар рухына тағзым етіп, бас июіне өздеріңіз куә болып отырсыздар. Замана атты ұлы көштің қатпарлы қойнауына өшпес тарих болып енген ағайынның өткені мен бүгіні, ерлік пен елдікке өзіндік үлесін қосқан асыл ұлдары, дүйім жұртты аузына қаратқан біртума білімдар бабаларымыз, мақтан етер танымал азаматтарымыз болған. Бұл жиын осындай ардақтыларымыздың әруағына бас ию, рухына Құран бағыштау іспеттес шара.

Алты ата ұрпақтарының басын біріктіріп, бауырластыруға игі ықпалын тигізіп келе жатқан өздеріңіздің көмектеріңізбен қолға алынып, іргесі қаланған мешіт-медресеміздің ықпалы зор болды. Ширек ғасырға жуық ел игілігіне жарап келе жатқан ғибадат үйі, мешіт-медресеміз әрине, оңай тұрғызылған жоқ. Бұл – егемендігіміздің елең-алаңы, өтпелі кезең еді. Дегенмен, бүкіл Алты ата ағайындардың ауызбіршілігі, дуалы ауыз қарияларымыздың бітімі, бәтуасы бар қиыншылықты абыроймен артқа тастап, жеңіп шығуға оң әсерін тигізді. Мұнда бүкіл ағайындардың хал-қадерінше қосқан үлесі, игі ниеті жатыр. Ғибадат үйінің құрылысын жүргізуде, оның қиындығын көтеруде, сан мың тіршіліктің қиюын табуда Алты ата азаматтарының қосқан үлесі зор болды. Бұл жөнінде баяндамада жақсы айтылды. Оны қайталаудың жөні жоқ шығар.

Сондықтан, өмірдің ыстық-суығын, жақсы-жаманын бірге бөлісіп, елдік салтымызды, халықтық қалпымызды сақтауда бәріміздің мерейімізді көтерер ортақ намысты, ынтымақты ту етіп жоғары ұстап жүрген Алты атаның ұрпақтарына Алланың нұры жаусын дейік, ағайын!

Осы орайда ынтымақ пен бірлікті ту етіп ұстаған, өзі дүниеден өтерінде ұлдарына өсиет етіп қалдырған мына бір абыз ақсақалдың әңгімесін Сіздердің назарларыңызға ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Қарияның алты ұлы бар екен. Әкелері хал үстінде жатқанда бәрі жиналып келіп:

– Әке, бізге қандай өсиет қалдырасыз? – деп сұрапты. Сонда абыз ақсақал басын сәл көтеріп:

– Орманға барып, әрқайсың бір шыбықтан кесіп әкеліңдер, – депті. Балалары әкесінің айтқанын орындап қайтып келіпті. Әкесі:

– Қолдарыңдағы шыбықты сындырыңдар, – депті. Балалары қолдарындағы шыбықты оп-оңай сындырып, әкесіне қарапты. Әкесі:

– Енді барып әрқайсың екі шыбықтан кесіп әкеліңдер, – депті. Балалары айтқанын орындап қайтып келеді. Әкесі:

– Енді шыбықтарыңды тағы да сындырыңдар, – депті. Шыбық майысып барып сынады. Балалары:

– Енді не айтар екен? – деп әкесіне қарайды. Әкесі:

– Енді барып әрқайсың үш-үштен шыбық кесіп әкеліңдер, – депті. Балалары барып тапсырманы орындап қайтып келеді. Әкесі:

– Қолдарыңдағы шыбықты топтастырып біріктіріңдер де сындырып көріңдер, – депті. Шыбық майысқанымен, сынбайды. Әкесі:

– Балалар, басқа айтарым жоқ, – деген әкесі жан тапсырыпты жарықтық.

Әке өсиетін дұрыс түсінген ұрпақтары, ынтымақ-бірлікте тату-тәтті өмір сүрген екен деген аңыз бар. Ендеше, бір болайық, бар болайық, бай болайық, ағайын! Ниеттеріңіз қабыл, мұраттарыңыз асыл болсын!

Әлішер қажы ОРМАНБЕК.

АСҚА ШАҚЫРАМЫЗ

2019 жылы 19 қазан, сенбі күні Түркістан қаласында қазыналы Қаратау мен сұлу Сырдың арасын мекен еткен Ақболат – Қайрақ ұрпақтары ата-баба әруақтарына арнап ас бергелі отыр. Қалың жұртшылықты осы асқа қатысып, Құран ішінде болуға шақырамыз!

Іс-шараның бағдарламасы:

Сағат 10:00 -11:30 Түркістан қаласын аралау (автокөлік ұйымдастырылады);

Сағат 11:30-13:00 Қожа Ахмет Ясауи кесене-сіне барып, зиярат ету;

Сағат 13:00 -16:00 Самал шағынауданын-дағы «Император» мейрамханасында ас беру;

Сағат 16:00 Қонақтарды шығарып салу.

Ұйымдастыру алқасының байланыс телефондары:

Жұмабай 8 707 975 77 22,

Сырлыхан 8 705 492 12 12.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *