ЖАРТЫ ЖЫЛДА 308,6 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР БАСПАНА ТАПСЫРЫЛДЫ

Қоғам
250 Views

Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуыбойынша аудан, қалалардың рейтингі шығарылды. Өңірдің даму қарқынына мониторингжұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында 2023 жылдың ІІтоқсанының даму қорытындысы баяндалды. Жалпы рейтингтік бағалау нәтижесіндекөшбасшылар болып Отырар, Созақ аудандары және Арыс қаласы орналасты.Аутсайдерлер — Жетісай, Сауран аудандары мен Кентау қаласы. Аудан, қалаәкімдеріне жоспарланған индикаторларға қол жеткізу бойынша тиісті шараларқабылданады.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің мәлімдеуінше, 6 айдың қорытындысымен негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң өсім бар. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 446 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне өсім 105,7% құрады. Минералды және газдалған сусындар өндірісі +2,6%-ға, мақта талшығы 2,4 есе, мұнай өнімдерін өндіру +8,9%-ға және электрмен жабдықтау жүйелері +18,3%-ға артты.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 263,9 млрд. теңгені құрады. Аймақтағы мал саны артты. Мүйізді ірі қара мал саны – 1,4 млн. басқа жетіп, 105,4%-ға, ұсақ мал – 6,2 млн. басты құрап, өсім – 102,3%-ға, жылқы саны – 476,1 мың басқа, түйе – 42,7 мың басқа жеткен. Құстың барлық түрі – 2,1 млн. басқа жетіп, 15,9%-ға көбейген. Жалпы, мал шаруашылығы өнімдерінен ет және сүт өндірісі 3,2%-ға артқан.

Инвестиция көлемі 295,5 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда өсім 8,8%-ды құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 138,4 млрд. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102,4% құрады. Пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлер алаңы 4,2%-ға артып, жарты жылда 308,6 мың шаршы метр баспана тапсырылды.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 13 индикатор бойынша аудан, қалаларға рейтингтік бағалау жүргізілуде. Басым бөлігі бойынша жоспарланған межеге қол жеткізілді. Әкімдер арасында жұмыс орындарын құру, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны, азаматтар өтініштерін уақытылы қарау және шағын орта кәсіпкерліктің өнім шығарылымы бойынша көрсеткіштері сараланады.

– Жалпы бізде өсім болғанымен, аудандар арасында көрсеткіштер түсіп кеткен. Әсіресе қаражат көп бағытталатын оңтүстік аудандарда, Мақтаарал мен Жетісайда көрсеткіштер нашар. Жұмыс істеу керек. Маған сылтау айтудың қажеті жоқ. Бұл көрсеткіштер әкім жұмысының көрсеткіші. Сондықтан жоспардың орындалмауы – әр басшы үшін сын, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Атап айтқанда, өнеркәсіп өнім көлемі бекітілген межеге Түлкібас, Кентау қаласы қол жеткізбеді. Өңдеу өнеркәсібінің жоспары Бәйдібек, Келес, Түлкібас аудандары және Кентау қаласында орындалмады. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция межесі бойынша индикатор Қазығұрт, Бәйдібек аудандары және Кентау қаласында орындалмады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі бойынша жоспарға Сарыағаш, Ордабасы аудандары қол жеткізе алмады. Құрылыс жұмыстары көлемі жағынан Мақтаарал, Сауран аудандары мен Түркістан қаласында жоспарлы межеге қол жеткізбеді.

6 айдың қорытындысымен 47 655 жұмыс орнын құру жоспарланып, нақты 46 220 жұмыс орны ашылды. Жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша Сайрам, Созақ, Шардара, Жетісай, Мақтаарал, Ордабасы және Кентау қаласында жоспарға қол жеткізілгенімен, міндетті зейнетақы төлемдерімен толық қамтылмаған, сәйкесінше межелік жоспар орындалмаған. Өзіндік кірістер жоспары барлық аудан, қалаларда орындалды. Шағын және орта кәсіпкерлік өнім шығарылымының жоспары Ордабасы, Түлкібас, Қазығұрт, Мақтаарал, Сайрам, Бәйдібек, Шардара, Жетісай аудандарында орындалмаған.

125 ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАҒА ҚОНЫС АУДАРАДЫ

Төлеби ауданында апатты жағдай алдында тұрған екі қабатты 8 үйдің тұрғындарына, яғни 125 отбасыға жаңа үйлер беріледі.

Ескі үйлер 1935 жылдары пайдалануға берілген. Бүгінде үйлердің әбден тозығы жеткен. Осы орайда аудан әкімі Төлеген Тұртайұлының тапсырмасымен қысқа мерзімде жаңа үйлердің құрылысын құжаттандыру жұмыстары аяқталды. Бұл ретте, 156 пәтерлі бес қабатты 3 тұрғын үйдің құрылысын бастауға 2023 жылға облыстық бюджеттен қаржы бөлінген.

Бұл баспаналар облыс әкімдігі мен салалық басқармалардың қолдауымен Леңгір қаласының I мөлтек ауданына қарасты Қапал Батыр көшесінің бойынан салынбақ. Құрылыс жұмыстарына қатысты ауқымды жұмыстар 2024 жылы да жалғасады. Алдағы уақытта жаңа пәтерлерді иелеріне тапсыру жұмыстары ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес іске асырылады. Бұл жөнінде пәтер иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Жаңа үйлер бюджет есебінен сыртқы инфрақұрылым жүйелерімен яғни ауыз су, кәріз жүйесі, электр желісі, табиғи газ, автономды жылытумен қамтылады. Жоба іске асқан жағдайда, пәтерлері апатты жағдай алдында тұрған 125 отбасы баспаналы болады.

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ АУЛАСЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ІСКЕ АСАДЫ

Састөбе кентіндегі өзекті мәселенің бірі болып келген Жібек Жолы көшесіндегі №5А көп қабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары биыл іске асатын болады. Қазіргі таңда аталған бағыттағы жұмыстарға алғашқы қаржысы қарастырылып отыр. Алдағы мәслихат сессиясында қаржы бекітілгеннен соң, мердігерді анықтау жұмыстары атқарылатын болады. Бұл туралы Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов Састөбе кентінің тұрғындары алдында берген тоқсандық есебінде мәлімдеді.

Бұдан бөлек биылғы жылы Састөбе кентінде орналасқан апатты тұрғын үйлердің орнына ренновация бағдарламасы арқылы бой көтеретін 48 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйдің және Ынтымақ ауылдық клубының құрылысына жобалық сметалық құжаттар әзірлеуге қаржы қарастырылып отыр.

Жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев пен мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов, дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Кездесу уақытының басым бөлімі регламентке сай сұрақ-жауап форматында өтіп, аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов тиісті мекеме басшыларымен бірге тұрғындарды толғандырған денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік, спорт саласы мен жеңілдетілген пайызбен несие алу, жарықтандыру, ауыз су, темір жол бекетіне жолаушы тасымалдайтын пойыздың тоқтауын ұйымдастыру, көгалдандыру жұмыстарына қатысты сұрақтарына жауап беріп, мәселелерді шешу жолдарын талқылады.

Содан соң аудан басшысы жеке мәселелерімен жүгінген кент тұрғындарына жеке қабылдау өткізіп, көкейлерінде жүрген мәселелеріне құлақ асты. Қабылдау барысында көтерілген әр мәселе бойынша жауапты мекеме басшысына нақты тапсырмалар жүктеп, Заң аясында шешуге тиісті жұмыстар атқаруды тапсырды.

«ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА 100 ПАЙЫЗ ДАЙЫН БОЛУЫ ТИІС»

Түркістан облысында алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыс барысы облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жылыту маусымына дайындықты талапқа сай жүргізуді тапсырды.

– 1 қыркүйекке дейін бүкіл білім мекемелері жылыту маусымына 100 пайыз дайын болуы тиіс. Бюджеттік мекемелер, әлеуметтік нысандар да толық дайын болып, биыл жылыту маусымын дұрыс үйлестірсін. Өткен жылғы кемшіліктерді қайталауға жол берілмейді. Көмір, мазут және өзге де керекті нәрселер уақтылы тасымалданып, тиісті жұмыстар жүргізілсін, – деген Дархан Сатыбалды жаңадан қызметіне кіріскен Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбековке нақты тапсырмалар жүктелді.

Басқарманың мәліметінше облыста жалпы жылумен қамтамасыз ету бойынша 7 кәсіпорын қызмет көрсетеді. Олардың құрамында 1 жылу энергетика кешені, 34 локалды қазандық және 2070 автономды қазандық бар. Аталған жылу орталықтары арқылы облыста 1282 білім, 676 денсаулық сақтау, 323 мәдениет, 9 жұмыспен қамту, 72 спорт нысаны және 704 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтамасыз етіледі. Жылу энергетикалық кешендеріне қажетті отын көлемі жасақталуда. Жалпы алдағы жылыту маусымына 129,7 мың тонна көмір, 1676,0 мың литр дизель, 2,2 мың тонна мазут, 16 106 мың м3 газ қажеттілігі бар.

Алдағы жылыту маусымына 10,224 млрд. теңге қаралып отыр. Оның ішінде 9,7 млрд. теңгесі бюджет есебінен бөлінген. Облыс бойынша көмір отынының қажеттілігі 991,6 мың тоннаны құрап отыр. Бүгінгі таңға «ҚТЖ» ақпаратына сәйкес, облысқа тасымалданғаны – 149,0 мың тонна (15%).

Коммуналдық-тұрмыстық көмір тасымалдаумен облыста 16 өңірлік операторлар айналысады. Өңірлік операторлар аудан әкімдіктерімен анықталған. Қазіргі уақытта олардың белгіленген талапқа сәйкестігі зерделенуде.

Жылыту маусымын өткізу қағидаларына сәйкес, білім нысандарын 100% дайындығын 1 қыркүйекке дейін қамтамасыз ету қажет. Алайда, көмір жеткізу көрсеткіші аудандардың басым көпшілігінде басталмаған. Дәл осындай жағдай денсаулық, мәдениет және спорт нысандарына да қатысты.

Дархан Сатыбалды мүдделі басқармалар мен аудан әкімдіктеріне шұғыл түрде көмір жеткізу жұмыстарын ұйымдастыруды міндеттеді. Жылыжайларға қажетті көмір жеткізу мәселесі де бақылауда екенін атап өтті.

Облыстағы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 704 көппәтерлі тұрғын үйлердің дайындығы қазіргі уақытта 92,7% құрап отыр. Алдағы уақытта үйлердің дайындығына, оның ішінде ішкі үйлік жылу желілерінің қысыммен сынақтан өткізілгендігі туралы актісінің бар жоқтығына бөлек зерделеу жүргізіледі.

Мәжілісте Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы, Облыстық денсаулық сақтау басқармалары басшыларының және Кентау қаласының әкімінің есептері тыңдалды. Оларға жылыту маусымына дайындықты тағы бір пысықтап, жұмысты жандандыру жөнінде тапсырма берілді.

«КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТЕ САПАЛЫ АТҚАРЫЛУЫ ТИІС»

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентау қаласындағы №5 Жылу энергия орталығында болып, жай-күйін бағдарлады. Мердігерлермен, орталық басшысымен пікір алмасты. Ұсыныстарын тыңдады. Жауапты басқарма мен қала әкіміне жылыту маусымына дайындықты пысықтауды тапсырды.

– Жылу энергия орталығының мәселесі облыстық, үкіметтік деңгейде көтеріліп, биыл тиісті қолдау көрсетіліп жатыр. Құрылысқа кедергі келтіретін мәселелер болса, тыңдауға дайынбыз. Күрделі жөндеу, қазандықтарын ауыстыру жұмыстары өте сапалы атқарылуы тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.

Бүгінде Кентаудағы жылу орталығында күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Қаладағы тозығы жеткен 6,6 шақырым магистралдық жылу жүйелерін және 4 кері сорғы станциясын қайта құру жұмыстарын атқару бойынша мердігер мекеме «Ер-Мад» ЖШС-мен келісімшарт түзіліп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы 4,7 шақырым жылу жүйесін және 2 сорғы станциясын қайта құру жоспарлануда. №5 ЖЭО-ның қазандықтарын, жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларын қайта құру жұмыстары басталады. Биыл 2 қазандықты жылыту маусымына дейін қайта құру, 2 қазандықты жыл соңына дейін қайта құру және 4 қазандықты ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланған. Сонымен қатар келешекте жылу энергия орталығын газға ауыстыру көзделген. Осыған орай жеткізуші газ құбырының құрылысына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жалпы, биыл Кентауда жылыту маусымына дайындық ерекше әрі сапалы жүргізілмек.

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Таукент кентіне арнайы барып, «Шолаққорған-су» КММ мекемесіне қарасты орталықтандырылған жылу қазандығында жүріп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарын бақылады. Онда сала мамандары мен жауапты бөлім, мекеме басшыларына дайындық жұмыстарын уақытылы аяқтап, сапалы атқаруды тапсырды.

– Алдағы жылыту маусымына жан-жақты дайын болуымыз керек. Бұған дейін өткен жылы кездескен кейбір кемшіліктер сарапталып, орнын толтыру мақсатында жылыту маусымына қатысты іс-шаралар жоспары бекітілді. Кент округтердегі орталықтандырылған жылу қазандықтарына қатысты қажетті шараларды қабылдап, бар мүмкіндікті қарастырып бердім. Енді тек қана жұмысты үйлестіріп, тұрақты әрі сапалы түрде атқару керек. Басты мәселе халықты маусымында сапалы жылумен қамту, — деген аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы осы бағыттағы жұмыстары тікелей бақылауында ұстайтынын айтты.

Сондай-ақ аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дәулет Құдайбергеновтің айтуынша, бірқатар тұрғын үйлерде қора-жай мен көлік тұрақтарына дейін жылу жүйелерін орнатылғаны анықталған. Осы ретте түсіндіру жұмыстарын да қолға алып, кіргізген жылу жүйелерін қырқу жөнінде ескерту шаралары жүруде дейді.

Айта кетейік, бұған дейін Таукент кентінің жылу жүйесіне (жылу трассасына) техникалық тексеру жұмыстарын жүргізу үшін «Standard A» ЖШС-мен келісім шарт түзілген. Аталған мекеме тарапынан жылу жүйесіне техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп, қорытындысы алынды. Бүгінгі таңда анықталған кемшіліктер бойынша Таукент кентіне жылу беруші мекеме «Шолаққорған-Су» МКК-на тиесілі жылу қазандықтарын ағымдағы жөндеуге сметалық құжаттама әзірленіп, қаржысы қаралды. Жөндеу жұмыстары толықтай басталып, орын алған осал тұстары жойылуда.

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Таукент кентіне барып, «Шолаққорған-су» КММ мекемесіне қарасты орталықтандырылған жылу қазандығында жүріп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарын бақылады. Онда сала мамандары мен жауапты бөлім, мекеме басшыларына дайындық жұмыстарын уақытылы аяқтап, сапалы атқаруды тапсырды.

– Алдағы жылыту маусымына жан-жақты дайын болуымыз керек. Бұған дейін өткен жылы кездескен кейбір кемшіліктер сарапталып, орнын толтыру мақсатында жылыту маусымына қатысты іс-шаралар жоспары бекітілді. Кент округтердегі орталықтандырылған жылу қазандықтарына қатысты қажетті шараларды қабылдап, бар мүмкіндікті қарастырып бердім. Енді тек қана жұмысты үйлестіріп, тұрақты әрі сапалы түрде атқару керек. Басты мәселе халықты маусымында сапалы жылумен қамту, — деген аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы осы бағыттағы жұмыстары тікелей бақылауында ұстайтынын айтты.

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дәулет Құдайбергеновтің айтуынша, бірқатар тұрғын үйлерде қора-жай мен көлік тұрақтарына дейін жылу жүйелерін орнатылғаны анықталған. Осы ретте түсіндіру жұмыстары да қолға алынып, кіргізген жылу жүйелерін қырқу жөнінде ескерту шаралары жүріп жатыр дейді.

Айта кетейік, бұған дейін Таукент кентінің жылу жүйесіне (жылу трассасына) техникалық тексеру жұмыстарын жүргізу үшін «Standard A» ЖШС-мен келісім-шарт түзілген. Аталған мекеме тарапынан жылу жүйесіне техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп, қорытындысы алынды. Бүгінгі таңда анықталған кемшіліктер бойынша Таукент кентіне жылу беруші мекеме «Шолаққорған-Су» МКК-на тиесілі жылу қазандықтарын ағымдағы жөндеуге сметалық құжаттама әзірленіп, қаржысы қаралды. Жөндеу жұмыстары толықтай басталып, бұған дейінгі осал тұстары жойылып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *