«КӘСІПОРЫНДАР АЙМАҚТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ҚАЛЫП ҚОЙМАУЫ КЕРЕК»

Экономика Қоғам
212 Views

Жуырда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш және Келес аудандарының әкімдері Қытай Халық Республикасының бірнеше қаласын, индустриалды аймақтары мен өндіріс орындарын аралап келген болатын. Мақсат – тәжірибе алмасу, зауыттар мен фабрикалар ашу және инвестиция тарту. Аталған іссапар қорытындысы бойынша жиналыс өтіп, жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдерінің есептері тыңдалды. Өңір басшысы осы іссапар нәтижесімен нақты жобаларды жүзеге асырып, жұмыс орындарын көбейту керектігін жеткізді.

– Аудан, қалаәкімдері, басқармалар бюджет қаржысын игерумен ғана емес, тың жобалар,инвестиция тарту мәселесімен жүйелі шұғылданулары қажет. Жаңа кәсіпорындар ашумаңызды. Біз жобаларды сараптап, қолдау көрсетуге дайынбыз. Кәсіпорындар аймақтық деңгейде қалып қоймай, өнімдерін экспортқа шығаратындай деңгейге жетуікерек. Көрші елдің әлеуетін көрдіңіздер, тәжірибесін пайдаланыңыздар. Қытайдыңөндіріс орындарын аралауға баратын аудан, қала басшылары қазірден бастап өздеріңізгеоңтайлы жобаларды жоспарлап, келіссөздерге дайындалыңыздар. Іссапарларданнәтиже шығатын болсын, – деді Дархан Сатыбалды.

Қытайға Түркістаноблысы делегациясын бастап барған Түркістан облысының кәсіпкерлік жәнеөнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметовтың баяндамасы тыңдалды.Оның айтуынша, іссапар барысында Қытайдың 40-қа жуық компаниясымен кездесулерөткізілді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу, ауыл шаруашылығытехникасын жинау, тоқыма саласы, шағын бизнеске арналған жабдықтардың өндірісісияқты салалардағы компаниялармен келіссөздер жасалған. Екі елдің өкілдеріарасында B2B (бизнес пен бизнес) форматында бірқатар кездесулері өткен. Делегация Джэнжоу қаласында жергілікті тауар өндірушілердің көрмесіне қатысты,онда Хэнань провинциясындағы 300-ден астам өндірістік кәсіпорынның өнімдеріқойылған. Көрме барысында Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктерітаныстырылды.

Іссапар барысында мақта шаруашылығы, тамшылатып суғару, мал сүйегі мен терісін терең өңдеу, тоқыма өнеркәсібі, жиһаз жасау және өзге де салалар бойынша келісімдер қаралған.

Жиында Шардара ауданында жиһаз өнімдерін өндірумен айналысатын «Шебер» мүгедектер қоғамының директоры Бақтыкерей Омар Фошан қаласына барып 8 компаниямен келіссөздер жүргізгенін, жиһаз өнімдерін сатып алуға келісім жасалғанын айтты. Роботтандырылған жабдықтарды жеткізу туралы келісімге келгенін мәлімдеп, облыс әкімі үйлестірген іссапар жемісі болғанына ризашылығын білдірді. Келісімшарттардың жалпы сомасы 380 мың АҚШ долларын құрайды. «Golden Camel» компаниясының өкілі Жазира Озатқызының да жоспарлары тыңдалды.

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов мақта шаруашылығы бойынша жаңа технологияларды енгізуге келісім жүргізілгенін жеткізсе, басқа аудан әкімдері де іссапар қорытындысымен кәсіпорындар саны артады деген пікірлерін білдірді.

Маңызды басқосуда мақта шаруашылығы, жібек құртын өсіру жобалары бойынша да мағлұматтар ұсынылды. Облыс әкімі тұт ағашын өсіру, жібек шаруашылығын дамыту бойынша бағдарлама әзірлеу жөнінде тапсырма берді. Бұл салаға инвестиция тартуға мүмкіндік мол әрі жаңа жұмыс орындары көбейеді.

Жалпы, алдағы уақытта Қытай инвесторларымен келіссөздер жалғасып, өңірде жаңа кәсіпорындар ашылады деп күтіліп отыр.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БАЛЫҚ ӨНДІРУДЕН КӨШ БАСТАП ТҰР

Түркістан облысы балық өндіруден көш бастап тұр. Бүгінде Түркістан облысы бойынша тауарлы балық өсірумен 156 кәсіпкерлік субъектісі айналысады. Мемлекет тарапынан акваөсіруді субсидиялау балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізуде. Облыста жасанды жолмен балық өсіру саласының әлеуеті өте жоғары.

Бүгінде балық шаруашылығымен айналысушыларға мемлекет тарапынан тиісті жеңілдіктер, субсидиялар беріліп отыр. Осы орайда Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен бір топ БАҚ өкілдері Созақ ауданындағы «Бабата» су қоймасындағы «Kaz.Gold.Fish» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өңірдегі тауарлы балық өсіру шаруашылығының жұмысымен танысты.

Жалпы Созақ ауданында тауарлы балық өндірумен 8 шаруашылық айналысады.

«Kaz.Gold.Fish» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Нұрахмет Қазақбаевтың айтуынша, 2015 жылдан бері өз жұмысын бастаған «Kaz.Gold.Fish» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биыл 180 тонна өнім алып, күзде тағы 500 мың дана шабақ жіберіп 200 тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, балық өсіру кезінде пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады.

«Бүгінде «Бабата» су қоймасында тауарлы балық өсірумен айналысып, жұмысымыздың жемісін көріп отырмыз. Оның ішінде дөң маңдай, ақ амур және сазан балықтары бар. 2018 жылдан бері мемлекеттен қажетті қолдаулар болып жатыр. Өткен жылы облыс әкімінің тапсырмасымен тиісті басқарма осы тауарлы балық өсірушілерді қолдап, қазір мемлекеттен субсидия беріліп жатыр. Тауарлы балықпен айналысу оңай шаруа емес, бір жылда өнім ала алмайсың. Салған шабақ үш жылдан кейін ғана өнім береді. Сол уақытқа дейін қаражат салып, шабақтарды бағып үлкейту керек. Өткен жылы облыс әкімі біздің балық жемін шығаратын зауытымыздың жобасымен танысты. Жемі болмай бұл саланы дамыту қиын. Облыс әкімінің тапсырмасымен жеңілдетілген несие беруге ұсыныс берілді. Несие берілсе енді біз балықтың жемін шығаратын зауыт салмақпыз. Жемді өзіміз шығаратын болсақ, балықтан пайда мол болар еді. Біздің балықтар экспортталатын балық емес. Қазір тек өзіміздің ішкі базарларға сатылады. Келешекте көк серке балығын да өсіруді қолға алып, балық өнімдерін қайта өңдеу зауытын іске қосуды көздеп отырмыз», — деді Нұрахмет Қазақбаев.

Қазіргі таңда ауданда жеті мекеме бірігіп, Созақ балық өнімдері ауылшаруашылық өндірістік кооперативін құрып, балықтың жемін шығаратын зауыт салуға жұмыстар жүріп жатыр. Әзірге жемді сырттан сатып алып отыр.

Еске сала кетсек, Созақ ауданындағы «Kaz.Gold.Fish» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2015 жылы 100 мың шабақ, 2016 жылы 120 шабақ, 2017 жылы 80 мың шабақ, 2018 жылы 120 мың шабақ, 2019 жылы 100 мың шабақ, 2020 жылы 400 мың шабақ, 2021 жылы 900 мың шабақ, 2022 жылы 750 мың дана шабақ салған. Ол шабақтар инкубациялары бар қожалықтардан сатып алынған. Келешекте шаруашылықтың өзі инкубацияларды орнатып шабақ шығаруды да қолға алмақшы.

Облыста жоспарға сәйкес, жаңадан 30 тоғанды балық шаруашылығы, оның ішінде 4 кәсіпкер үйіргелік аулада ашылып, жұмыстар жалғасып жатыр. Сонымен қатар, балық шаруашылығымен айналысатын 14 кәсіпкер «Түркістан ӘКК» акционерлік қоғамы арқылы 5,4 млрд. теңге көлемінде жеңілдетілген несие алу бойынша құжаттарын өткізген. Оның ішінде 4 шаруашылыққа 1,6 млрд. теңге несие беру қарастырылып жатыр. Жалпы облыста қуаттылығы жылына 15 мың тоннаға жететін 7 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Атап өтсек, Шардара ауданы – «Хамит» АӨК, ЖК «Жалғасбаев», «Шардара балық – 1» ЖШС, «Саодат» ЖШС, «Бәйтерек БММ» ЖШС, Сайрам ауданы – «Көмеш балық» ЖШС, Түлкібас ауданы – «First Fish Company» ЖШС.

ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДАН ПОЛИЭТИЛЕНДІ ҚҰБЫР ШЫҒАРЫЛМАҚ

Облыс әкімінің тұрмыстық қатты қалдықтарды жою мен өӊдеу мәселесін шешу туралы тапсырмасын жүзеге асыру бағытында Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округінде «Sauran plast» өндіріс орны қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеп, одан шикізат шығаруды қолға алып отыр. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін арнайы 3 га жер бөлініп, 1 кезеңі атқарылды. Алдағы уақытта өндіріс орны қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу арқылы полиэтилен құбырын шығаруды көздеп отыр.

Өндіріс орнының басшысы Қанат Көшербаевтың айтуынша, аудан аумағындағы тұрмыстық қалдықтарды жинап, өңдеуде. Алдағы уақытта өнім көлемін арттырып, осы шикізаттан пластикалық құбыр шығаруды жоспарлап отырғандығын жеткізді. Жобаның қуаттылығы жылына 500 тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Бүгінгі күні зауытта 15 адам еңбек етеді.

Өндірістің жоба құны 675,0 млн. теңгені құрайды. Қазіргі таңда 2 кезеңнің жұмыстары және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету шаралары атқарылуда. Сонымен қатар қосымша құрал-жабдықтар сатып алу үшін екінші деңгейлі банк арқылы 300,0 млн. теңгені қаржыландыру күтілуде.

Аудан әкімдігі тарапынан барлық ауылдық округ әкімдеріне ауылдарда жиналған қатты тұрмыстық қалдықтарын осында өткізу бойынша тапсырма жүктелді.

АЛҒЫС ТА, ӨТІНІШ ТЕ АЙТЫЛДЫ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Құтарыс ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында өткен жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Ш.Халмурадов, аудандық мәслихаттың депутаттары, мекеме-ұйым және дербес бөлім басшылары, ауыл тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Алдымен ауылдық округінің әкімі М.Керімбеков ағымдағы жылдың екінші тоқсанында өткен кездесуде көтерілген 7 мәселенің орындалу барысын таныстырды. Оның ішінде бүгінгі таңда 2 мәселе шешімін тапқан. Қалған мәселелер тұрақты бақылауда.

Атап айтқанда, Құтарыс ауылындағы ауыз су мұнарасының жарамсыз болған жері “Сайрам тазалық” ЖШС тарапынан ағымдағы жөндеуден өтті. Қазіргі таңда 539 тұрғын үй мен 8 мекемеге ауыз су үзіліссіз берілуде.

Ағын су мәселесі бойынша аудандық «Ақсу» МКК-нің арнайы техникасымен және ауыл тұрғындарының жанар-жағармаймен қамтамасыз ету көмегімен «Қызылсай», «Қызылжар», «Мұсабек», «Қызыларық» каналдары тазаланып, бас жағына тоған құрылды. Нәтижесінде, ағын су тұрақты жеткізіліп, суармалы жерлерде бір жерден екі рет өнім алуға септігін тигізуде.

Оймауыт елді мекенімен «Оймауыт-КХ-37» автомобиль жолын жалғайтын 5 шақырымды құрайтын тас жолын жөндеуден өткізу үшін жобалық сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жолданылды. Сараптама қорытындысы шілде айының соңына күтілуде. Жөндеу жұмыстары 2024 жылға жоспарланып отыр.

Құтарыс ауылындағы С.Сейфуллин көшесі бойындағы тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру мәселесі назарға алынып, “Оңтүстік Жарық Транзит” ЖШС Сайрам аудандық электр жүйелерін тарату мекемесінің теңгерімінде болуына байланысты, аталған мекеменің инвест жоспарына сәйкес, 78 дана ағаш электр бағанасы 2023 жылдың шілде-тамыз айында темір-бетон бағаналарына ауыстыру жоспарланған.

Тапсырысшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан дайындалған жалпы жобаға сәйкес, Құтарыс және Қызылжар ауылдарын газбен қамтамасыз ету бойынша құбырларды тарту жұмыстары өткен жылдың наурыз айында басталған. Жобаның жалпы құны 1089,0 млн. теңгені құрайды. Ағымдағы жылдың шілде айында Құтарыс ауылындағы газ жүйесінің құрылысын жалғастыруға 217 888,0 мың теңге қаражат республикалық бюджеттен бөлінді. Құрылыс жұмыстары желтоқсан айының аяғында аяқталады.

Ауылдық округінде жайылымдық жерлерді қайтаруда бірқатар жұмыстар атқарылды. Жайылымдық жер көлемі 461 га болса, оның 142,77 га жері жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі мақсатына сай пайдаланбауына байланысты сот тәртібімен және аудан әкімдігінің қаулылары негізінде қайтарылды. Ағымдағы сәуір айынан бастап, 484,95 га жайылымдық жер халықтың ортақ пайдаланысына заңдастырылды. Осыған орай, жайылымдық жер көлемі 945,95 гектарға ұлғайған. Мұнан бөлек, қосымша 254,0 га жер теліміне мемлекеттік актісін ресімдеу үшін жерге орналастыру жобасы әзірленуде. Жалпы округ бойынша жайылымдық жер көлемі 1200 гектарды құрайтын болады.

Мұнан кейін құтарыстықтар жылу маусымына дайындық жасау үшін жанар-жағармай бекеттеріне сұйық газдың жеткізілуі, «Қызылсай» каналының қажетті бөлігін бетондау, Арыс өзенінің су арнасынан елді мекенге қарай су тасу қаупін алдын алу, электр жарығы мен ағын сумен тұрақты қамту, дәрігерлік амбулатория салу, егін шаруашылығына қолдау көрсету, учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмыстарын қадағалауға алу секілді талап-өтініштерді көтерді.

Жеке кәсіпкер Р.Ниязалиев «Өзен» қоры тарапынан ауылдық округінде қолға алынып отырған бірқатар тиімді жобаларымен бөлісті. Олар интернетке қолжетімділікті арттыру, сонымен қатар жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында 2 «сергек» камера және 50-ге жуық бейнебақылау камераны орнату.

Барлық сұрақтар бақылауға алынып, шешу жолдары заң аясында түсіндірілді. Осы ретте, аудан әкімі Арман Сәбитұлы бірінші кезекте шешімін қажет ететін мәселелерге баса назар аударылатынын көпшілікке жеткізіп, ең бастысы халықты сапалы инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтамасыз ету үшін бес жылға арналған жоспар жасалып, бюджеттерден қаржы көзін қарастыру бағытында жұмыстар атқарылатынын айтты.

Кездесу соңында ауыл ақсақалдары алғыстарын жеткізіп, баталарын берді.

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ БОЙЫНША «ЖОЛ КАРТАСЫ» ӘЗІРЛЕНДІ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің тапсырмасымен ауданда бірінші кезекте тұрғындар үшін тиімді, шұғыл шешілуді қажет мәселелерге назар аудару мақсатында 5 жылдық даму жоспарына негізделіп, «Жол картасы» әзірленді. Яғни, аудандағы 42 елді мекендегі уақыт күттірмейтін мәселелерді тізбектеп, жоспарлы түрде шешу жолдарын қарастыру қажет.

Өткен аппараттық мәжілісте аталған «Жол картасының» барысы туралы баяндалды. Әрбір ауылдық округ бойынша өзекті мәселелер қаралып, шешу жолдары жан-жақты талқыланды.

Қазіргі таңда, 11 ауылдық округ бойынша 116 өзекті мәселе жинақталған. Өзекті мәселелердің басым көпшілігі инфрақұрылым саласына қатысты. Олар: ауыз су, сапалы электрмен жабдықтау, газдандыру, жол салу, ағын су, абаттандыру және өзге де мәселелер.

Аудан аумағындағы туындаған өзекті мәселелерді түпкілікті шешу үшін бюджетті орынды пайдалану тиіс. Қаржы мәселесі ауданның мүмкіндігіне қарай бөлінуі маңызды. Яғни, өзекті мәселелерді республикалық, облыстық, аудандық және ауылдық округ бюджетінен қаржы қарап, жіктеу қажеттілігі айтылды. Бұл бойынша аудан басшысы тарапынан бірқатар нақты тапсырмалар жүктелді.

Мәжіліс соңында аталған тапсырмалардың орындалуы жіті бақылауда болатынын ескертіп, салалық бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне жоспарланған жұмыстарға жауапкершілікпен қарауды жүктеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *