ТҮРКІСТАН ТҮРЛЕНЕ ТҮСУДЕ

Туған жер Уақыт
1 599 Views

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ӘЛІПБЕК ӨСЕРБАЕВТЫҢ 2018 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕПТІ БАЯНДАМАСЫ

Түркістан қаласының 2018 жылғы қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қала әкімі Әліпбек Өсербаевтың атқарған жұмыстарының халық алдындағы есепті кездесуі өтті. Жиынға Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Мұрат Имандосов арнайы қатысты.

Облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, дербес бөлімдер мен құқық қорғау органдарының басшылары, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қала тұрғындарының қатысуымен өткен кездесуде қала басшысы облыс орталығының ішкі жалпы өнім көрсеткішіне тоқталып өтті.

Түркістанды «Қазақстанның рухани орталығы» ретіндеқалыптастыру мақсатында Бас жоспарға сәйкес қала құрылысы мен сәулеті үшбағытта жүргізілетін болады.

Бірінші 88,7 гектар жерге орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңындағы «Тарихи аймақтағы» 18 нысанды қайта жаңғырту жоспарлануда.

Екіншісі «Рухани-мәдени орталық» аймағында 98 гектар жерге «Ұлы дала елі» кешенін, «Қожа Ахмет Ясауи мұражайы», «Амфитеатр», «Шығыс моншасын», «Субұрқақ», «Қабылдау орталығы» мен «Түркі халықтарының ғылыми кітапханасын» салу жоспарланып отыр.

Үшінші 700 гектарды құрайтын әкімшілік-іскерлік орталығының аймағында облыстық әкімдіктің, басқармалар мен департаменттер ғимараттарының және тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталып, Медиа орталығы мен Оқушылар сарайының, спорт, мәдени кешендерінің, «Конгресс Холл» мен әлеуметтік нысандардың іргетасы қаланды. Осылайша жәдігер қаламыз өзінің тарихи құндылығын сақтай отырып, заманауи үлгіде қайта жаңғыртылатын болады.

Түркістанның 2018 жылғы жалпы өңiрлiк өнiмi 74 млрд. 803 млн теңгенi құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға артты.

— өнеркәсіп саласы 16,7 пайыз, ауылшаруашылық саласы 8 пайыз, орындалған құрылыс жұмыстары 16,8 пайыз, ал сауда-саттық саласы мен шағын бизнесі дамыған Түркістандағы тауар айналымы мен қызметтерді өткізу көлемінің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 58,5 пайыз болып отыр.

Осылайша 2018 жылы жалпы өңірлік өнімнің көлемі жан басына шаққанда 452 мың теңгені құрап, 12 пайызға артты.

Есепті мерзімде бюджеттің кіріс бөлігі 41 млрд. 636 млн. теңгеге жоспарланып, нақты 42 млрд. 075 млн. теңгені құрады. 439 млн. теңгеге артық орындалып, 101,1 пайыз болды.

Бүгінде қалада өнеркәсiп және кәсiпкерлiк саласында жұмыс жасайтын 39 кәсіпорын бар.

Осы кәсіпорындардың өндірген өнім көлемі 12 млрд. 467 млн. теңгенi құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға артып, облыс көлемінде бірінші орында тұр.

Соның ішінде сумен жабдықтау 102,2, кен өндіру 103,8, өңдеу өнеркәсібі 107,2, электрмен жабдықтау, газ көлемi 111,4 пайызды құрады.

Елбасының 2010 жылғы үдемелі индустриялды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы қабылданған. Осы бағдарламаның экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы «Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасындағы» құны 9 млрд. 770 млн. теңгенi құрайтын 12 жоба iске қосылып, 774 жұмыс орны ашылды. Соның ішінде 2018 жылы желтоқсан айында іске қосылған түйе және бие сүтінен құрғақ сүт өндіретін «Golden camel group LTD» ЖШС-і өндіретін өнімінің 95 пайызы шетелге экпортталатын болады.

Биыл құрылыс материалдарын өндіретін төрт жоба және постерминал өндіретін бір жоба іске қосылады деп жоспарлануда. Қосымша 295 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Мәлімет үшін: «Айбек ЛТД» (темір-бетон бұйымдары, құрғақ құрылыс қоспалары, темір жабынды), «Жәрдем НГ» (құрғақ құрылыс қоспалары, ағаштан жиһаз, сұйық травертин), «Мирас даму» (шарнирлы тор, кладышная сетка), «Grand Miks» (ламинат және жиһаз қас беті), «Нұрлы наз Ай» (постерминал және өзі-өзіне қызмет көрсететін терминал).

Елбасы өзінің жыл сайынғы Жолдауларында шағын және орта бизнеске экономиканың драйвері ретінде басымдық танытып келеді.

Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде есепті мерзімде қаламыздағы шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 10 305 субъектінің 9 966 белсендi жұмыс жасап, 2017 жылмен салыстырғанда 2,1 пайызға артып отыр.

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы арқылы жұмыспен қамтылғандардың саны 25 428-ге жетті. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында 7 жоба қаржыландырылып, 165 жаңа жұмыс орны ашылды.

Мәлімет үшін: — банк несиелерін субсидиялау – жеті жоба, орындалғаны үш жоба(ЖК «Grand Miks», жиһаз зауыты 150 млн. теңге, «Ерасыл» ШҚ, ауыл шаруашылық саласы 75 млн. теңге, «Ныш Ер» ЖШС, балабақша (МЖӘ) 310 млн. теңге);

— банк несиелерін кепілдендіру – екі жоба, толығымен орындалды («Түркістан Нұры» кафесі» ЖШС 100 млн.теңге, ЖК «Абишев Тұйғын» 30 млн.теңге);

— қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – екі жоба, толығымен орындалды (тері өңдеу бойынша «Дружба» ЖШС, РОСТ терминалдарын құрастыру бойынша «НұрлыНазАй» ЖШС).

Бұдан бөлек «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында 2018 жылы 507 млн. теңгеге 86 жоба қаржыландырылып, 154 жаңа жұмыс орны ашылды.

Қалада инфрақұрылымы жүргізілген 40 гектар жерге индустриалды аймақ құрылған болатын. Ол жерде алты жоба іске қосылған.

Өнеркәсіп саласын ары қарай дамыту үшін индустиралды аймақта қосымша 200 гектар жер бөлініп, бүгінгі күні инженерлік-инфрақұрылым жұмыстарына техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Сондай-ақ, Елбасының «Turkistan» арнайы экономикалық аймағын құру туралы Жарлығына сәйкес 400 гектар жер телімінде арнайы экономикалық аймақ құру жоспарлануда. Жобаларға қарастырылған жеңілдіктер

— Салық салу (жер, мүлік, КТС және ҚҚС) — 0%

— шетелдік жұмыс күшін тартуға жеңілдетілген рәсім;

— АЭА аумағына тауарларды импорттау кезінде кедендік баж салығынан босату;

— Жер телімін сатып алу мүмкіндігімен 10 жылға дейін тегін жер телімі;

— Коммуналдық қызметтер 3,5 пайызға арзан;

— Дайын инфрақұрылым.

Еліміздің Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жезқазған сияқты алты өңірінің тауарларға деген сұранысын қамтамасыз етіп отырған тоғыз жолдың торабындағы Түркістанда сауда-логистикасын дамытуға толық мүмкіндік бар. Осыған байланысты қаламызда 20 гектар жерге сауда-логистикалық орталығына инфрақұрылым жүргізілген. Бүгінгі күнге аталған аймаққа ауылшаруашылық өнімдерін сақтап, өңдейтін «Ер-Аман» шаруа қожалығы және қаладағы тамақ өндіру саласында жылына 5 мың тонна ұн экспорттап отырған «Кәусар Нұр» кәсіпорыны орналасты.

Қаланың экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі – сауда-саттық қызметі. Мәселен, 2018 жылға бөлшек сауда бойынша жоспарланған меже 102 пайыз болса, көрсеткіш 29 985 млн. теңгеге орындалып, 9,6 пайызға өсті. Сондай-ақ, мемлекеттің бақылауындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында қала ішінде 15 әлеуметтік дүкен ашылып, алты супер маркет ішінен әлеуметтік сөрелер жасақталды. Онда күнделікті тұтынатын 19 тауардың түрін 15-20 пайызға төмендетілген бағамен сатылу ұйымдастырылған.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция 28 млрд. 313 млн. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 133 пайызды құрады. Соның ішінде, жеке инвестиция 19 млрд. теңге немесе 181 пайызды құрады.

Облыс көлеміндегі үлесі 9,8 пайызды құрап, қаламыз өзге аудан-қалалар ішінде үшінші орында.

Қаланың ауыл шаруашылығы саласында есепті мерзімде 6 млрд. теңгенiң өнiмi өндiрiлiп, 2017 жылмен салыстырғанда 26,6 пайызға артық орындалды. Осылайша ауыл шаруашылық саласында басқа аудан, қалалардың ішінде бірінші орында. Сондай-ақ қаламызда үйіргелік жерде жылыжай салу біршама жолға қойылған. Нақтырақ айтсақ, Түркістанда жалпы көлемі 7,7 гектарды құрайтын 73 бірлік жылыжайдан 245 тн. өнім алынды.

Есепті мерзімде қаламызда 15 мың ірі қара мал, 35 мың қой-ешкi, 3 мың жылқы, 900 түйе және 38 мың бас құс қалып отыр.

Осылардан өндірілген өнім көлемі — ет 1373 тоннаны, ал сүт 10958 тоннаны құраса, 3 362 мың дана жұмыртқа өндірілген.

Қала аумағындағы мал шаруашылығын реттеу мен қатаң қадағалау, ветеринарлық стандарттарды сақтау бағытында екі ветеринарлық бекет жұмыс жасаса, екі мал сою алаңы мен екі мал тоғыту ваннасы және екі қолдан ұрықтандыру бекеті қызмет жасайды. Сондай-ақ, 1,5 гектар жерге мал өлексесін тастайтын арнайы орын жасақталған.

Қала аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпкерлер саны да артып келеді.

Есепті мерзімде ″Ақ жол″ шұжық өңдеу цехы 205 тонна ет, «Мұзды тау» ЖШС 300 тонна сүт өңдеді. Ал 2018 жылдың соңында жылына 2500 тонна түйе сүтін өңдейтін «Golden Camel LTD» ЖШС іске қосылды.

Бұдан бөлек, «Баянды құрылыс» ЖШС-ның «Нұр Аспан» цехы 30 мың тонна ұн және төрт тонна макарон өнімдерін өндірген. Ал, енді әлеуметтік салаға тоқталатын болсақ, өткен жылы тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту бағытында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылды.

Есепті мерзімде қала халқының саны 165 144 адамды құраса, соның iшiнде экономикалық тұрғыдан белсендi халық 53 946 адам. Олардың қатарында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 19677 адам. 2018 жылы формальды секторға 1162 адам өткізілген.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 3568 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, нақты 4211 азамат жұмыспен қамтылып, 118 пайызға орындалды. Соның ішінде 2169 азамат тұрақты, 488 азамат жаңа жұмыс орындарына орналасты.

«Атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасы аясында 3085 отбасының 16619 адамы қамтылды. Соның ішінде шартты түріндегі 2542 отбасының 14272 адамы қамтылып, 990 адам өз ісін ашқан. Ал шартсыз түріндегі 528 отбасының 2294 адамы қамтылды.

Еліміздің білім беру саласындағы өзгерістер мен жаңашылдықтар ескеріліп, 2018 жылы қала бюджетінің 42,5 пайызы, яғни 17 млрд. теңге бiлiм беру саласына бағытталды.

Есепті мерзімде білім бөліміне қарасты 35 мектеп жұмыс жасаса, соның ішінде 33-і мемлекеттік, екеуі жекеменшік білім беру мекемесі. Жалпы осы білім беру мекемелерінде оқушылардың саны – 39052 баланы құрап, өткен оқу жылымен салыстырғанда алты пайызға өсті. Сондай-ақ, 2017-2018 оқу жылында 1486 мектеп бiтiрушінің 1019-ы ұлттық бірыңғай тест тапсырып, орта балы — 78,8 құрады.

Қаладағы мектептердің бірқатарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Сабыр Рахимов атындағы мектептiң мәжіліс залы және асхана құрылысы жаңғыртылып, «Отырар» шағынауданынан 280 орындық «Қарлығаш» балабақшасы пайдалануға берілді.

Ағымдағы жылы «Отырар» шағын ауданындағы 900 орындық орта мектеп пен Әл-Фараби атындағы орта мектептің спорт залы пайдалануға берілетін болады.

2018-2019 жаңа оқу жылынан бастап бірінші сыныпқа оқушы қабылдау автоматтандырылды, «Жұмыс Ситсен» жүйесі іске қосылған қысқа мерзімде 143 маман өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. Сонымен қатар екі мектепте ІТ-сыныптары ашылып, мектептен тыс уақытта 230 оқушы үйірмелерге қамтылды.

Балаларды балабақшамен қамту есепті мерзімде 93,1 пайызды құрап отыр. Қала бойынша 3-6 жас аралығында 1057 бала балабақша кезегіне қойылған. 100 пайыз балабақшамен қамту мақсатында қаламызда 10 жекеменшік балабақша ашылады деп жоспарлануда.(Қазіргі таңда 21 мемлекеттiк, 57 жекеменшiк балабақшада және 28 шағын орталықта 14180 бүлдіршін тәрбиеленуде). Сондай-ақ, облыстың орталығы ретінде қала аумағының үлкеюі мен халық санының өсімі ескеріліп, үш ауысымды мектептер мен балабақша тапшылығын болдырмау мақсатында қаланың Бас жоспарына сәйкес бес типтік балабақша мен сегіз мектеп салу жоспарланып отыр. Осы жылы әкімшілік іскерлік аймағында Назарбаев зияткерлік мектебі мен Оқушылар сарайының ғимараты бой көтеретін болады.

Қаламыздағы Ататүрік атындағы мектеп-гимназиясында «Қауіпсіз мектеп» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.

Бүгінгі таңда қаламызда 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны-39768-ге жетіп, қала тұрғындарының 24,4 пайызын құрады.

Қала тұрғындары үшін салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуға жағдайлар жасалып, 121 спорт алаңы, 45 спорт залы, төрт жүзу бассейні, екі стадион халықтың игілігіне қызмет көрсетуде. Ал есепті кезеңде 15 спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Осылайша өткен жылы 210 спорттық іс-шара өткізіліп, 22 мың адам қамтылды.

Осы игілікті шаралардың жалғасы ретінде жаңа құрылыс аумағында «Фитнес Палас» спорт кешенінің, 7000 орындық стадионның құрылыс жұмыстары басталды. Сонымен қатар жабық бассейнді спорт сарайы және спортшыларды олимпиадаға дайындайтын спорт мектебі салынатынын айтуға болады.

Қаламызда тұрғындарға медициналық көмек көрсететін 16 мекеме болса, соның алтауы емхана, екі амбулатория, бір жедел жәрдем стансасы бар жеті аурухана халыққа медициналық емдеу қызметін көрсетеді.

Ағымдағы жылы денсаулық сақтау кешенінің құрылысы басталады, атап айтсақ:

— перинаталды орталық;

— 1200 орынды көпсалалы аурухана;

— тәулігіне 500 адам қабылдайтын үш емхана;

— облыстық балалар ауруханасы;

— қан орталығы;

— жедел жәрдем бекеті;

— онкология орталығы;

— кардио орталығы;

— нарко диспансер;

— 20 орындық уақытша бейімдеу орталығы;

— облыстық тіс емханасы;

— симуляция орталығын салуға жалпы 38 гектар жер бөлініп, жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде.

Түркістан қаласының экономикалық дамуының тағы бір көрсеткіші туризм саласы болып саналады. Себебі қаламызға келген зияратшылардың саны жыл сайын артып отыр. Нақтырақ айтсақ, 2017 жылы 1 млн. 144 мың турист келген болса, есепті мерзімде келген туристердің саны 1 млн. 495 мыңды құрады. Соның ішінде алыс-жақын шетелден келген туристер саны 40 мың. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 30,7 пайызға немесе 351 мың адамға артып отыр.

Осы қаламызға келген туристер мен зияратшыларға көрсетілген түрлі қызметтерден 3 млрд. 974 млн. теңге қаржы түсіп, ЖӨӨ-нің 5,3 пайызын құрады.

Өткен жылы қаладағы 21 қонақ үйдің қатарына туристерге заманауи үлгіде қызмет көрсететін «Роял Гранд Отел» қонақ үй кешені қосылды. Жалпы қалада 978 орындық 22 қонақ үй қызмет көрсетеді. Сонымен қатар сервистік қызметтің сапасын арттыру мақсатында бес жұлдызды «Риксос-Түркістан» қонақ үй кешенінің құрылысы басталса, алдағы уақытта Малайзия, Түркия мемлекеттері тарапынан жоғары санаттағы қонақ үйлер салумен қатар арнайы кәсіби мамандар дайындайтын Туризм колледжін ашу жоспарланып отыр.

Түркістанды дамытудың басым бағыттарының бірі – құрылыс саласы. Есепті мерзімде оның көлемі 12 541 млн. теңгені, немесе 103,9 пайызды құрады. Облыстың құрылыс көлемінен үлесі 9,0 пайызды құрап, басқа аудан-қалалардың ішінде үшінші орында.

Бүгінгі таңға тұрғын үй кезегінде 2160 бюджеттік сала қызметкерлері, 6525 әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтар, барлығы 8685 адам тұр. Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылы «Отырар» шағынауданында құрылысы бой көтерген 1536 пәтерлі 26 үйді осы жылы кезең кезеңімен ел игілігіне беру жоспарланып отыр. Он бір үй бірінші жартыжылдықта, тоғыз үй екінші жартыжылдықта үй кезегіндегі азаматтарға берілетін болады. Ал 336 пәтерлі алты көпқабатты үйді «Президенттің бес әлеуметтік бастамасында» басымдық берілген «7-20-25» бағдарламасы аясында 2019 жылдың маусым айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Тұрғын үй құрылыс саласында қарқын алған жұмыстар 2019 жылы өз жалғасын тауып, «Түркістан — жаңа қала» тұрғын үй кешенінен бой көтеретін бес қабатты 5280 пәтерлі 88 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Сонымен қатар «7-20-25» бағдарламасымен Ақтөбе облысының «Стори Компани ЛАЙТ» есебінен 2 үй, «Хайнан Провинс Инсталейшин Гроуп» инвесторлары есебінен 20 үй, «Алматы Таргет Гроуп» есебінен 5 үй, «Отау Строй» ЖШС екі көпқабатты үйдің құрылысын салу көзделуде.

Осы бағытта 2018 жылы қаладағы көлік қозғалысы жиі қатынайтын негізгі көшелердің бойындағы ирригациялық арықшалар мен жарықтандыру жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Жалпы алғанда, соңғы бес-алты айда қала ішіндегі 20 көшенің бойына аяқжолдар жасалып, абаттандырылды.

2018 жылы қаладағы бірінші және екінші шағынаудандарындағы көпқабатты үйлердің аумағына 16 балалардың ойын алаңшалары, спорт алаңдары салынып, 16 көшеге 47 мың шаршы метр аяқжол, үш көшеге 23 шақырым ирригациялық арықша және 16 көшеге жарық шамдар орнатылып, Түркістанның келбеті түрлене түсті. Сонымен қатар көпшілік жастар мен қала тұрғындарының үйреніскен демалыс аймағы «Жеңіс» саябағы көпшілік көкейінде жүргендей кейіпте қайта күрделі жөндеуден өткізілді.

Ел игілігіне берілген «Түркі бағынан» «Түркі бірлігі» монументі бой көтеріп, түрлі-түсті гүлзарлармен түрленсе, «Рәміздер алаңы» да қосымша жасыл желекпен жаңғыртылды, ал қаланың Кентау бағытынан кіре берісінен 14 гектар жерге орналасқан «Парасат» саябағы абаттанып, заманауи демалыс кешеніне айналды. Алдағы уақытта бұл демалыс орнының аумағы ұлғайып, қосымша «Жастар» аллеясымен толығып, облыс көлемінде архитектуралық құрылысы жағынан алдыңғы қатарлы демалыс орындарының бірі болады. Сонымен қатар Бекзат Саттарханов даңғылы бойындағы Рәміздер алаңына іргелес аумақты да абаттандыру жоспарлануда.

Қаланы көгалдандыру, суландыру мақсатында көше бойларына жеті су ұңғымасы қазылып, 56 200 дана көшеттер отырғызылды. Қаланы жасыл желекке бөлеп, тазалығын сақтау үшін ақсақалдар алқасы да атсалысып, қала тұрғындарына «Түркістан қаласын гүл қалаға айналдырайық» атты Үндеу таратып, тұрғындар арасында қала тазалығын жандандыруға мұрындық болуда.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5 көшеге күннен қуат алатын жарық көзі орналастырылды. Сонымен қатар қаланың тоғыз жеріне ақылды /смарт/ орындықтар орнатылды.

Өңірдегі өзекті мәселелердің бірі – тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету. Осы бағытта қаланы газбен қамту үш кезеңмен жүзеге асырылуда. Бірінші кезеңнің жұмыстары бойынша 10518 абонентке газ құбыры жүргізіліп, 42918-ден астам қала тұрғынына табиғи газ берілді, жалпы қала халқын газдандыру көрсеткіші 26,4 пайызды құрады.Бүгінгі таңға қала халқын газбен қамту мақсатында екінші-үшінші кезеңдердегі жобалары, яғни 11 жоба (құны 20 млрд. 271 млн. теңге) әзірленіп, құрылыс жұмыстары басталды. Биыл осы мақсатқа 4 545 млн теңге бөлініп, халықты табиғи газбен қамту көрсеткішін 58 пайызға жеткізу жоспарлануда. 2020 жылы қала 100 пайызға табиғи газбен қамтылатын болады.

Қала тұрғындарын электр энергиясымен қамту бүгінде 99,8 пайызды құрап отыр. Есепті мерзімде екі нысанның құрылысы аяқталып, қала аумағындағы 1566 абонент сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді.Сонымен қатар төрт нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.

Таза сумен қамтамасыз ету бағытында жалпы тұрғындардың 94,1 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген болса, есепті мерзімде Балтакөл тас жолы бойындағы тұрғын үй массивін сумен қамтамасыз ету құрылысы жүргізіліп, нәтижесінде көрсеткіш 95 пайызды құрады. Сонымен қатар 2018 жылы Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы тұрғын үй массивін сумен қамтамасыз ету құрылысы (екінші кезек) жүргізіліп, осы жылы пайдалануға берілетін болады. Қала ішінде таза ауыз сумен қамтылмай қалған жерлерді 100 пайыз қамту мақсатында төрт нысанның жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Бекітілген тұжырымдамаға сәйкес әкімшілік-іскерлік орталығын сумен қамтамасыз ету мақсатында ұзындығы 37 шақырым Ø-800 мм Кентау-Түркістан су топтамасын жүргізу үшін жобалық — сметалық құжаттар әзірленуде.Түркістан қаласында жоба бойынша қуаттылығы 20 мың м3/тәулік сарқынды су тазарту ғимараты бар. Бүгінгі таңға қабылданып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4500 м3 құрайды. Өткен 2018 жылы 19652 адам орталықтандырылған сарқынды сумен қамтамасыз етіліп, пайыздық көрсеткіш 11,9 пайызды құрады. Құрылысы жүргізіліп жатқан екі нысан биылғы жылы пайдалануға беріліп, жалпы қала бойынша 48082 адам орталық сарқынды су жүйесімен қамтылып, пайыздық көрсеткіш 29,1 пайызды құрайтын болады. Түркістан қаласының тұрғындарын сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен төрт нысанның жобалау сметалық құжаттары әзірленуде.

Түркістан қаласына қарасты 875 көше, 764 шақырым жолды құрайды. Соның 221,5 шақырымы немесе 29 пайызы асфальтты, 314,9 шақырымы немесе 41 пайызы тас жол, 227,6 шақырымы немесе 30 пайызы топырақ жол.

2018 жылы жергілікті бюджеттен 1 млрд. 118,6 млн. теңге бөлініп, бір көшеге күрделі жөндеу, 19 көшеге орташа жөндеу жұмыстары және 19 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 42 көшеге тас төселді.Сонымен қатар 2019 жылы жалпы 4 млрд. 816 млн. теңгеге бес көшеге (Шекті Тілеу, Майкотов көшесі мен ХҚТУ аумағынан “Отырар” шағынауданына баратын жол және Бекзат Саттарханов даңғылы, Шәуілдірден Түркістан қаласына кіретін жол) күрделі жөндеу, 26 көшеге орташа жөндеу 44 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Енді кезекте қаламыздағы қоғамдық қауіпсіздік саласына тоқталсақ, жалпы есепті мерзімде 1978 құқықбұзушылық тіркеліп, 2017 жылмен салыстырғанда 18,7 пайызға азайды. Дегенмен қоғамдық орындарда 451 құқықбұзушылық тіркеліп 15 пайызға, көшелерде орын алған құқықбұзушылық 219 жағдай тіркеліп 5,3 пайызға өсіп отыр. Осы құқықбұзушылықтардың басым бөлігі түнгі мезгілдерде жасалып отыр. Әкімшілік кодексінде көзделгендей, тұрғындардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтірмеу, құқық бұзушылықтың санын азайту мақсатында ойын-сауық орындарының түнгі мезгілдегі жұмыс уақытын сағат 23:00-ге жүйелеу бағытында нақты шаралар қабылданып, рейдтер жүргізілуде. Алдағы уақытта облыстың орталығы болған қаламыздың аумағындағы қылмыс санын азайту және қоғамдық тәртіпті күшейту мақсатында бейнебақылау камераларын интеграциялау жұмысы жолға қойылады.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *