МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫЛАРДЫҢ ФОРУМЫ

Қоғам Құқық
798 Views

Түркістан облысының прокуратурасында мемлекеттік айыптаушылардың кеңейтілген мәжілісі өткізіліп, онда сот процесіндегі жиі кездесетін проблемалар талқыланды. Іс-шараға прокуратура қызметкерлері, соттар, адвокаттар алқасының мүшелері, Құқық қорғау органдары академиясы мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ — түрік университетінің ғалымдары қатысты.

Кездесуде облыс прокуроры Н.Әбдіров аймақтық прокурорлар жылына үш мыңнан аса қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыпты қолдайтынын, өткен жылы соттармен мадақтау сипатында 13 жеке қаулы қабылданғанын және мемлекеттік айыптауды жүзеге асыратын 22 қызметкерден тұратын «үздіктер пулы» құрылғанын атап өтті. Сонымен қатар 2018 жылы облыс прокурорларының апелляциялық өтініштері негізінде бірінші сатыдағы соттардың 136 үкімі заңдастырылғаны аталды.

Бұдан басқа мемлекеттік айыптаушылардың кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған Құқық қорғау органдары академиясы әзірлеген жаңа бағдарламалар мен оқытудың жаңа әдістемелері жарияланды. Қатысушылар «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолданысқа енгізілген «Заңдылық» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу ептіліктерін көрсетті.

Түркістан облысының прокуратурасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *