«NUR OTAN»: АРЫСТЫҚ САЙЛАУШЫЛАР САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫ ҚОЛДАДЫ

Қоғам
757 Views

Түркістан облысында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті. Облыстық сайлауалды штабының мүшесі, праймериз жеңімпазы Түркістан облыстық мәслихатына үміткер Рабиға Қуатбекова Арыс қаласына қарасты Дермене елдімекенінде канвассинг кездесу өткізді. Үміткер Дермене ауылының ақсақалы, ардагерлер кеңесінің төрағасы, Арыс қаласының құрметті азаматы Аман Алфеттовтің шаңырағында партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Кездесуде еліміздегі саяси-экономикалық жағдай, жастарға артылған жауапкершіліктің жүгі әңгімеге арқау болды. Ауылдағы мәселелер де шет қалмады. Әлеуметтік ахуал мен коммуналдық мәселелерге ерекше тоқталған қария: «Жұртшылық шүкірліктен айнымауы керек! Шүкірі бар елдің – несібесі бар!» – деді.

«Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын ден қойып тыңдаған Аман ақсақал жоспарлы жұмыстарға оң бағасын берді. Сайлауға қатысып, «Nur Otan” партиясын таңдайтынын жасырған жоқ. Себебі, «Nur Otan” – нақты істердің партиясы!

Келесі кезектегі кездесуін үміткер Арыс қаласына қарасты Ақдала елдімекені Саттар Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінің ұжымымен өткізді. Түркістан облысы мен Арыс қаласы бойынша «Nur Оtan» партиясының сайлауалды бағдарламасын барынша түсіндірді. Әрбір адамның дауысы маңызды әрі шешуші қадам екенін баяндап, ел сеніміне ие партияға дауыс беруге шақырды.

Мұнан соң Рабиға Қуатбекова Дермене ауылындағы Жұмабек Ташенов атындағы жалпы орта мектебінің ұжымымен, Ақдала ауылындағы медицина саласының қызметкерлерімен кездесіп, «Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен егжей-тегжейлі таныстырып шықты. Әрине, ақ халатты абзал жандардың мәртебесін көтеріп, әлеуметтік жағдайларына мейлінше көңіл бөлінуі керек. Сондай-ақ, алдағы бес жылда ауыл-аймақтағы денсаулық саласы анағұрлым жақсарады, бұл үшін медициналық мекемелер заманауи қажетті құрал-жабдықтар және тиісті техникалармен толығады.

Сөз соңында жергілікті жұрт «Nur Otan” партиясының осы игі жоспарларын бірауыздан қолдайтындығын және партияға деген сенімдері мол екендігін айтты.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Материалдар «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *