Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті өңіріміздегіалдыңғы қатарлы университет болып табылады. Бәсекеге қабілетті, дамыған елдіңболашақ мамандарын даярлау барысында университет өз студенттеріне білім алу меноны дамыту жолында қолайлы жағдай жасап отыр. Жыл сайын әр түрлі бағыттағы мамандықтар бойынша жас мамандарды дайындап, еліміздің дамуына үлес қосуда.
Қоғамдағы әлеуметтік жағдайды назарда ұстай отырып, университет басшылығы жыл сайын студенттерге оқу ақысына жеңілдіктер қарастырады. Соның ішінде биылдың өзінде гуманитарлы – педагогикалық факультетте 35% жеңілдікпен 40 студент, 40% жеңілдікпен – 12, 50% жеңілдікпен – 10, 100% жеңілдікпен 4 студент білім алып жатыр.
Жаратылыстану – инженерлі факультет бойынша 40% жеңілдікпен 5 студент, 50% жеңілдікпен – 4, ал 100% жеңілдікпен 3 студент білім алуда.
Сонымен қатар ата-анасының, өзінің денсаулық жағдайына байланысты 11 студент жеңілдікке ие болған. Көпбалалы отбасы, алтын, күміс алқаға ие аналардың ұл-қыздары да аталған жеңілдіктен қалыс қалып жатқан жоқ.
Білім ордасында спорт шебері атағына ие студенттер, жоғары балл жинап, белсенділік танытқан студенттер де жеңілдікке ие болады. Білім алу жолында тынбай еңбек еткен, ізденісте жүрген студенттерге университет тарапы әрқашан қолдау көрсетуге дайын.
Марат МАМАДИЯРОВ,
география ғылымдарының кандидаты, доцент.