ТІЛСІЗ ЖАУДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ

Қоғам
480 Views

Өрт… Соңғы кездері бұл жан түршігерлік сөз жиі естіліп жүр. Ал жанудың себебі көбінесе қарапайым болып табылады, олар – қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, электр жабдықтары мен электр құралдарын дұрыс қолданбау, отпен абайсыз болу, пештер мен түтіндіктердің ақаулығы.

Өрттер көбінесе адамдардың отқа немқұрайлы қарауынан орын алатындығы көпшілікке мәлім. Тәжірибе көрсеткендей, өрттердің басым бөлігі «адами фактордың» себебінен болады. Тұрмыстағы өрттердің негізгі себептері: отпен абайсыз болу, өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін білмеу және орындамау, тұрмыстық электр және жылыту құралдарын дұрыс қолданбау, үлкендердің қарауысыз қалған балалардың отпен ойнауы, сонымен қатар мас күйде темекі шегу болып табылады.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамау өрттер, газ баллондарының жарылуы және басқа да төтенше жағдайлар мен адамдардың өліміне әкеліп соғады. Адам өлімінің негізгі себептері: жану заттарының әсер етуі, улы газбен улану, жоғары температура (әртүрлі дәрежелі күйік). Өрт санының қыс мезгілінде күрт өсетінін атап өту қажет. Облыс тұрғындарының басым бөлігі қыс мезгілінде пеш жағатынын ескерсек, пешті жабдықтау мен қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайтын көптеген тұрғындар өз үйлерімен жақындарының өмірлерін қауіп – қатерге тігеді.

Құрметті тұрғындар! Тұрғын үй секторында өрттерді болдырмау үшін, төмендегі қарапайым ережелерді сақтау қажет:

— тек отқа төзімді кірпіштен қаланған пешті жағу, сонымен қатар оның алдына темірден жасалған қаптама қағу қажет;

— жылыту маусымының алдында пешті тексеріп, жөндеу және ыстан тазалау керек;

— пешті жағу үшін тез жанғыш сұйықтықтарды (бензин, керосин) пайдалануға тыйым салынады;

— жанып тұрған пешті қараусыз қалдыруға, сонымен қатар оның қарауды кішкентай балаларға тапсыруға болмайды;

— пештің алдындағы қаптаманың үстінде көмір мен ағаштарды сақтауға тыйым салынады.

— пешті қатты қыздыруға болмайды.

Осы ережелерді қатаң сақтау ғана Сізге өміріңіз бен денсаулығыңызды, үйіңіз бен мүлігіңізді сақтап қалуға көмектеседі.

Ғ. МУРАТОВ,

Абай ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *