ІСТІҢ БҰЛАЙ ШУДАЛАНУЫ ӘЛІ ДЕ ТАЛАЙ ШУ ТУЫНДАТАДЫ

Мәселе
211 Views

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың назарына!

ІСТІҢ БҰЛАЙ ШУДАЛАНУЫ ӘЛІ ДЕ ТАЛАЙ ШУ ТУЫНДАТАДЫ

Мен – КүмісбекАманқұл Күмісбекұлы Төле би (бұрынғы Ленгір) ауданы, Елтай ауылы, қазіргі Шымкент қаласының тұрғынымын. Білімім жоғары техникалық. Зейнеткермін. Сегізперзентті, 30-ға жуық немере-шөберелі атамын.

 Республикалық «Ұлт тағдыры» ҚБ облыстық филиалының төрағасымын. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесімін. Кеңестер Одағындағы саяси қуғын-сүргін, тергеу ісінде медициналық әдістердің қолданылу тарихы туралы (1965-1991 жылдары Қазақстандағы жағдай мен материалдар негізінде) кандидаттық диссертация бойынша ізденушімін (Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ ШИ Ғылыми Кеңесінің 2006.11.24, 2006.11.29 және 2006.11.30 күнгі шешімдері).

 Сіздің 2020.11.24 күнгі №456 Жарлығыңызбен құрылған «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауды толық аяқтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Түркістан облысы мен Шымкент қаласының өңірлік комиссияның жұмыс тобының ғылыми зерттеуші мүшесімін (тиісінше 13.05.2022 ж. № 09-14/427 және 20.06.2022 ж. № 23-04-06/487 анықтамалар).

 Менің ведомстволық, тәуелсіз психиатриялық ғылыми-зерттеу орталықтарының және БАҚ-та жарияланған мәліметтеріне негізделген, бүгінге дейін ешкім жоққа шығармаған өзіндік зерттеуімде, КСРО мен Қазақ КСР-да тиісінше шамамен 1,0-2,0 млн. және 57626-115252 адам «өзгеше ойлайтындар» мен «диссиденттер» ретінде саяси-психиатриялық қудалаудан күштеп психиатриялық мекемелерге жатқызылып, мәжбүрлеп емдеуден зардап шегіп, құрбан болғандары белгілі…

 Сондай жағдай ескерілгендіктен болса керек, 1989 жылдың 12-19 қазанында, Афиныда өткен дүниежүзілік психиатрлар ассоциациясының Бас Ассамблеясында, КСРО психиатрлар қоғамының Халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі П.В.Морозов:«…Всесоюзное общество психиатров публично признает, что существовавщие раньше политические условия привели злоупотреблениям психиатрией в не медицинческих, в том числе политических целях…»,- деп ашық екі рет жариялаған. Оны КСРО Денсаулық сақтау министрлігі мойындаған…

 1969, 1972 және 1989 жылдары КСРО-дан тұрақты қоныстануға Бразилияға кетуге арыздар жазғаным үшін (Бразилия ФР Президенті Жозе Сарнейге 1989.04.24 күні жолдаған арызымның 1989.05.16 күні табысталғанын растау хаты бар), оларды қарамау және жауап бермеу мақсатында (Одақта оны реттейтін заң болмағандықтан, өз азаматтарының шетелге кету/жіберу мәселесін негізінен МҚК Екінші, Үшінші, Бесінші, Алтыншы…, басқармалары мен олардың тиісті бағыттары қарап, шешетін болғаны белгілі), негізсіз, жасырын жолменен сырттай, заңсыз «психиатрияның қызметін қарсы қолданған»…!?

 Негізінен Одақ ойран болып, компартия масқарагершілікпен таратылған 1991 жылға дейін (1991.08.19 күні «Пугч» орын алған), бізге «дамушы ел» деп түсіндірілген Бразилияны таңдауымның ең бастылары деп есептеген: елде жалқы компартияның басшылық етуіне (КСРО Конституциясының 6-бабы); Кеңестер депутаттығына, олардың әрбір округына бір кандидат ұсыну және жалғыз депутат сайлау жүйесіне; өндіріс жабдықтары мен құрал — саймандарына социалистік меншіктің әділетсіз, арам пиғылды, қара ниетті, асыра сілтеушілікке, сыбайлас жемқорлыққа салынған, …үлкенді-кішілі басшылардың кесірінен тек өзіндік ішкі ғана емес, халықаралық деңгейдегі қарым-қатынастарда кемшіліктер мен қателіктерге соқтырып, қарсылықтар туындату мүмкіндігіне; одақтас ұлттық Республикалар мен басқа да этностар өкілдеріне қатысты, негізінен «орыстар» деп қабылданған — ұлы орыс шовинизмінің өктемдік ету іс-әрекеттеріне, құйтырқы кемсіту-мұқатулары мен басқа да басынушылықтарына; халықтық тұтыну заттарын өндіріп, тұрмысының жақсаруына жағдай жасаудың орнына қорғаныс, шабуылдау және басқыншылық қару-жарақтарды өндірудің кешенді жолға қойылғанына; мемлекеттік және компартиялық құпиялардың «ерекше» түрлерінің сақталуына қажетті және жеткілікті жағдай жасалуына басымдық берілетініне және оларды өмір талабына қарай оңтайландыру мүмкіндіктері мен жолдарын қарастырған жөн деген пікірлерім мен ұсыныстарымды «өзгеше ойлау» ретінде қабылдағандарына («Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві» КММ 281 парақтан тұратын Қор.40, Тіз.79, Іс.94 құжаттарды қараңыз) наразылық ретінде жеке наным-танымдарым мен өмір сүруіме қолайлы деп есептеген, бірі компартиялық болуы мүмкін қоспартиялық және көп кандидаттық сайлау жүйесі бар, демократияландырылған шетелге кетуімнің түрткісі болған еді…

 Менің сондай «құқықсыздық» жағдайдағы ар-намысты қорғау туралы, оған кінәлі деп есептеген Шымкент облысының ДСБ мен Қазақ КСР-ның ДСМ тиісті дәрігер-психиатрлары мен психологтарымен, олардың мүдделестері — мемлекеттің тиісті құрылымдық органдарымен отбасылық күресіміздің басталуы, барысы, нәтижелері, ұсыныстарымыз бен бізді саяси тұрғыдан ақтау туралы арыз-шағымдарымыз әртүрлі сұрқиялықтармен созбалануына байланысты, мерзімдік басылымдарда (1991 жылдан бастап,…) сын мақалалар жарияланып, телеарналарда хабарлар берілді:

а) Қазақ КСР-ы мен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің сессиясына, оның депутаттары А.Тшанов пен И.Байдәулетовке (1993.01.03 күні), Парламентіне, оның депутаты Бөлегеновке, Президенті Н.Ә.Назарбаевқа, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссиясына және басқа да құзыретті органдарға арыз-шағымдар, тиісті соттардың шешімдері мен басқа да құжаттардың толық топтамалары жолданған;

ә) Шымкент қаласының Дзержинский ауданының прокуратурасы, осы аудандық сотының 1991.08.19 күнгі №02-560-90 шешімімен кінәлі деп танылған дәрігер-психиатрлар Г.П.Богданованың, Б.Е.Жұмалиеваның, Л.П.Жаворонконың маған негізсіз психиатриялық диагноз қойып, заңсыз ПНД есебіне алғандарында қылмыс құрамы жоқ деп, қылмыстық іс қозғаудан бас тартты (1992.09.26 күні Б.А.Абубакиров және 1993.06.10 күні Б.Ш.Есенбаев);

б) Соның әртүрлі себеп-сылтаулармен созбалануына байланысты, Қазақ КСР-нің (кейінгі ҚР) ДСМ бас психиатры Ю.И.Беспаловқа, Алматы ММИ психатрия кафедрасының меңгерушісі Г.И.Зальцманға және Шымкент қалалық/ Оңтүстік Қазақстан облысының психиатриялық ауруханасының дәрігер психиатрлары мен психологтары: Г.П.Богдановаға, Б.Е.Жұмалиеваға, Л.П.Жаворонкоға, Е.К.Жаманбаевқа, И.С.Чупахинаға, В.А.Матяжевқа, Димуроваға, Борисовқа қылмыстық іс қозғау туралы жеке айыптау арызды Шымкент қалалық сотының судьясы О.С.Қадірсізов, соңғы әл-Фараби аудандық сотының шешімі 1993.09.23 күні қабылданғанына қарамай; орташа ауырлықта жасалған қылмысқа жауапкершілік мерзімі 5 (бес) жыл өтіп кетті. Ал А.Күмісбековке саяси-психиатриялық қудалаудың 1987 жылы 26 наурызда орын алғаны аңғарылады» — деп, оның 1993 жылдың желтоқсанынан кейін де жалғасқанын ескермей, істі сот өндірісіне қабылдаудан бас тартқан (1997.07.28 күнгі қаулысы);

в) Төменде келтірілетін лауазымды тұлғалар жиынтығында:

Облыстық/Шымкент қалалық психиатриялық ауруханасы қызметкерлерінің Сізді жүйе аурулар диспансері есебіне алғаны (1972-1993 жылдары аралығында кезең-кезеңімен негізсіз 9 (тоғыз) түрлі ең ауыр психиатриялық диагноздар қойғандықтан, менің конституциялық құқықтарымның шектеліп, 10 (он) жанды отбасым мүшелерінің орны толмайтын моральдық-психологиялық зардап шегіп, материалдық – қаржылық жетіспеушіліктерге душар болып, ілім-білім игеріп, интеллектуалдық потенциалымызды арттырып, мәдени – ағарту мен сауығу сияқты құндылықтарды игеру мүмкіндігімізден айырылғанымызды қасақана ескермеген), конституциялық құқықтарыңызды шектеу, ар-намысыңызды таптау, қорлау, жала жабу болып табылмайды. Сіз психиатриялық емханаға күштеп жатқызылмағансыз және мәжбүрлеп емделмегенсіз. Сіз және отбасы мүшелеріңіз саяси көзқарастарыңыз үшін жазықсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылмағансыздар…

Сондықтан, Сізді және отбасыңыздың мүшелерін саяси қуғын-сүргін құрбандары қатарына жатқызуға және ақтауға негіздер жоқ, — деген жауап хаттар беріп, түсіндірулер жасаған (облсоттың төрағалары Ж.Д.Достаев 1996.06.26 күні №4г-34п., М.Т.Әлімбеков 1997.06.30 күні №4г-352. Бұларды ҚР Жоғарғы Соты дұрыс деп тапқан; облыс прокурорының орынбасары Қ.Б.Ибраев 1997.11.28 күні №12/446-97, бірінші орынбасары Н.К.Мамытов 1998.10.12 күні №15/581-98, прокуроры А.Н.Левкин 1998.01.08 күні №15/581-98 және ҚР Бас прокурорының орынбасары С.О.Оңғарбаев 1998.05.06 күні №8/218-98);

г) Қазақ КСР-ы мен ҚР мемлекеттік құзыретті органдары, мені саяси-психиатриялық тұрғыдан қудалау басталған 1972 жылдан бергі кезеңде, әсіресе 1985 жылдан бастап, оған тікелей және жанама түрде қызығушылықтарының, қатыстарының болғандарына, сонымен қатар арыз-шағымдарымды тексеріп, шешім қабылдауда Шымкент қалалық психиатриялық ауруханасынан: «…А.Кумысбеков қоғамдық – саяси қауіпті адам ретінде 1972 жылдан «сылбыр өтетін шизофрения» диагнозымен ПНД есебінде тұрады», — деген анықтамалар алғандарын растаған (облкомпартияның партиялық бақылау комитеті Нугманов 1989.02.06 шығыс №430, Қ.Р.40, тіз.79, іс.94, п.п.10 және басқалар; Шымкент қаласының Еңбекші аудандық әскери комиссариаты 1992.05.26 №4/270 және облыстық ӘК 1992.06.22 №3/1256; облыстық прокуратура 2002.05.15 №8/148-02; ҰҚК облыс бойынша департаменті 2002.04.24 №02090; облыстық ІІБ №2002.05.15 №5/2-к-621-729; облыстық ДСБ 2002.05.02 №2-23/84-к және ҚР ДСМ 2002.05.07 №05-3478);

д) Ресейдің «Час пик» газетінде 1991.08.05 №31, ҚР «Южный Казахстан»-да 1992.09.03, «Егемен Қазақстан»-да 1993.03.17, «Дат» та 1998.04.22 № 02(02), «Қазақ Әдебиеті»-де 1998.07.10 №27 және «Әділет» -те 2010.05.27 №02(02)-нен бері тұрақты сын мақалалар басылғанына қарамай, біз күткендей «оң нәтиже» бермеді…!?

Сондықтан, ҚР Президенті ретінде Сіздің атыңызға жазған, 63 (алпыс үш) парақтық дәлелдемелік құжаттар тіркелген арыздың көшірмелерін Бас прокурор Ғ.Д. Нұрдәулетов, мәжіліс Төрағасы Н.З. Нығматуллинге жолдағанмын (2020.11.20 күні).

Оның нұсқасын үшеуіңіздің назарларыңызға ұсынып, «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінде «Архивтік ақиқат» деген тақырыпта сын мақала жарияладым (2021.01.22 № 02(117). Оларға жауап болмағанына шағымданып, Сіздің атыңызға наразылығымды білдірдім (2021.03.11 және 2021.08.06 күндері, жиынтығында (12+7)=19 парақтық құжаттар тіркелген болатын).

Солар бойынша тексеру жүргізген Шымкент қаласының прокуратурасы:… «Сізді сот актісіне сәйкес психиатриялық мекеменің есебіне саяси негіздер бойынша қойғандығы туралы көрсетілмеген және ол туралы нақты мәлімет жоқ екендігін хабарлаймын…» — деген (2021.01.12 №2-40-21-00416, прокурор М.Қожабаев). Мен онымен келіспейтінімді және прокуратура талап еткен сот шешімдерінің тиістілерін топтамасымен «орындаушы» Н.Тоқтаровқа тікелей жеткізгенімді «Архивтік ақиқат» атты мақаламда жазғанмын…

Тек, сондай жағдайлардан кейін ғана «ҚР Бас Прокуратурасының ҚС ж АБА ЖК» ММ 11.02.2021ж. №2-20-21-01330 және ҚР Президенті (Сіздің) әкімшілігінің 22.02.2021ж. №3Т-Қ-3027, 19 санды хаттарымен, мені және 10 (он) жанды отбасы мүшелерін саяси-психиатриялық қудалаудан зардап шегіп, Конституциялық құқықтарымыз шектелген, яғни «Құрбан» болған адамдар ретінде толық заңды және саяси тұрғыдан ақтау үшін қорытынды мен ұсынымды дайындап, зерделеу үшін Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы — ҚР Білім және Ғылым Министрлігіне жолдаған.

Олар бойынша жұмыс органының қандай тұжырым жасағаны белгісіз, ал біз бүгінге дейін жауап алмадық!? Яғни ҚР 2007.01.12 күнгі №221 Заңының 8-бабының 1,2,4-тармақтары мен 9-бабының 1,2,3-тармақтары, 1993.04.14 күнгі №2200 Заңның және Сіздің 2020.11.24 күнгі №456 Жарлығыңыздың талаптары жауапсыздықтан орындалмады!?

Сәл шегініс ретінде, сондай ар-намысты қорғаудағы «Өмір үшін емес, өлім үшін» күрестегі арпалыс алаңында, алды кәмелетке толмаған, ең кенжеміз жаңадан туған 8-перзенттіммен, «Қорқау қасқырлардай» (гиеналардай) анталап, жан-жақтан жабылған және булар не істер екен деп, баобаб ағашының бұтақтарына жайғасып, қай жеңілгеніңнің етін жұлмалап жейміз деп отырған «құзғындардың» (компартиялық – кеңестік комитет басшыларының) ортасында жалғыз қалған болатынмын…

Сонда бүткіл Қазақ КСР-да, кейіннен тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасында:«…Бұл қалай? Түбірімен құртын жіберетіндей, А.Кумысбеков соншалықты не істеп қойыпты? Кімге қиянат жасап, қоғамға қандай қауіп төндіріпті?» — дейтін бір тұрлаулы тұлға немесе Қазақ табылмаған еді!

Сондай ахуалымды аңғарған Шымкент қаласының облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының мүшесі В.И.Миллер ғана(ұлты неміс деп еститінмін): «…Кумысбеков, ..мәселеңді бізде шеше алмайсың… Мүмкіндігің болса, тездетіп Мәскеу мен Ленинград қалаларына жет… Сені түсініп, қолдайтындар мен қорғайтындарды сол жақтан табасын…» — деген ақыл-кеңесін айтқан болатын…

Соның сілтемесімен 1989-1991 жылдары сол қалаларға арнайы іздеп барып, тауып, жолығып жүріп, өзара түсініскен ондай қоғам қайраткерлерін, білікті мамандарды, интеллектуалдық потенциалдары жоғары (салыстырмалы түрде біздегілерден), жауапкершіліктері күшті, ерік-жігерлері мықты адамдарды тапқанмын!!

Солардың қатарындағы Мәскеулік психиатр-сарапшылар: М.Г.Царегородцевті, Н.П.Панченконы, А.И.Тепановты, О.В.Уховты, А.В.Дорихинды, Ленинградтық қоғам қайраткері И.Ю. Горинаны, м.ғ.д., профессор Р.П.Бондаревті, КСРО ЖК депутаты, генерал, Кеңес Одағының батыры И.Ф.Клочковты, прокурор Д.М.Веревкин мен Б.П.Кочетовты, Ленинградтың кеңес төрағасы-губернатор А.А.Собчакты, м.ғ.д., академик Р.М.Войтенконы, психиатр-сарапшылар А.А.Склизковты, В.Г.Саковскаяны, психиатр-сарапшы м.ғ.к., Л.Н. Земсковты, Ресей FAA, профессор, педагог, қоғам қайраткері Э.Т.Бикулованы арнайы атап, ризашылығымды білдіріп, азаматтықтың үлгі-эталоны ретінде, біздегі Мемлекеттік билік басындағылар мен оның «алтын астауы» қасындағылардың назарларына ұсынуды жөн көрдім!

Оларға керісінше, 1972-1993 жылдары маған кезең-кезеңімен негізсіз 9 түрлі психиатриялық диагноз(дар) қойып, саяси сенімсіз, қоғамдық қауіпті, «өзгеше ойлайтын» (инакомыслящий) адам ретінде заңсыз психоневрологиялық диспансер есебіне қойып (әрі қарай мәтін бойынша «ПНД»), динамикалық бақылау жүргізген, олар туралы мені дер кезінде хабардар етуге міндетті бола тұра, 1987 жылдың 26 наурызына дейін құпияда ұстаған; қойылған диагноздар туралы тапсырыс берген және сұрау салған мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға:…«А.Қумысбеков 1972 жылдан ПНД есебінде тұрады», — деген анықтамалар берумен болған: Шымкент қаласының психиатриялық ауруханасының онға жуық дәрігер – психиатрияларын, Қазақ КСР-ы мен ҚР ДСМ психиатрларының «Пірі», м.ғ.д., профессор Г.И.Зальцманды, бас психиатры м.ғ.к., доцент Ю.И.Беспаловты, жетекші маман м.ғ.к. Ф.С.Зецерді дәрігерлік концилиумдарда, жеке пікірлесулерде және хат-хабарлық байланыстарда «мүлт кеткендерін» алғашқы рет мойындатқан (1989.01.11, 1989.07.12, 1989.12.25, 1990.01.08, 1996.02.16 күндері), сот істерінде бірінші рет жеңген (1991.08.19 №2-560-90, 1993.09.23 №2-345, 2001.11.02 №2531 шешімдер) және барлық қаржылық шығындарын тұңғыш рет төлеткен(1991.11.26 күні) ҚР азаматы – Қазақ ұлтының бірегей Перзенті екенімді назарыңызға жеткіземін!!

Жоғарыда баяндалғандар мен ҚР Конституциясының 1,12,13,34,40-баптарын,

1993.04.14 күнгі №2200 Заңының 1,3-баптарын, 2020.11.24 күнгі №456 Жарлығыңыздың негізінде, біздерді дербес жарлығыңызбен:

1. Мені — Күмісбек Аманқұл Күмісбекұлын, 1944.03.06 күні туған.

2. Әйелім — Жақаш Ділдәкүл Тұрсынбекқызын, 1948.07.11 к.т.

3. Қызым — Күмісбек Гулиана Аманқұлқызын, 1969.06.19 к.т.

4. Қызым — Күмісбек Динара Аманқұлқызын, 1971.03.25-2013.12.14(марқұм).

5. Қызым — Күмісбек Гулмира Аманқұлқызын, 1972.12.21 к.т.

6. Қызым — Мусина(Кумысбекова) Айсана Аманқұлқызын, 1974.12.03 к.т.

7. Ұлым — Күмісбек Ақниет Аманқұлұлын, 1976.10.03 к.т.

8. Ұлым — Күмісбек Ғанибет Аманқұлұлын, 1980.06.15 к.т.

9. Ұлым — Күмісбек Ғажайып Аманқұлұлын, 1982.11.11 к.т.

10. Ұлым — Күмісбек Айбар Аманқұлұлын, 1987.05.13 к.т. саяси-психиатриялық қудалаудан зардап шеккен (1972-1993 жж.) «құрбандар» ретінде саяси тұрғыдан заңды және толық ақтауыңызды сұранамын.

Еске салу ретінде:

1. Бізді ақтауға керекті, қажетті және жеткілікті құжаттар топтамалары мен тиісті соттардың шешімдерін Сіздің атыңызға 2020.11.20, 2021.03.01 және 2021.08.06 күндері жолданған арыз-шағымдарға тіркеп жібергеніме байланысты, осы үшінші шағымға қоспадым.

2. Бізді ақтауға және оған негіз болатын Заңның 1,3-баптарына, мен ұсынғандай «тиісті» толықтырулар енгізу туралы Сіздің атыңызға 2020.11.20 күні жазылған және «Әділет, рухани жаңғыру» газетінің 2021.01.22 күнгі №02 (117) санындағы «Архивтік ақиқат» атты сын мақаламнан кейін, «ҚР Бас прокуратурасының ҚСжАБА ЖК» ММ 2021.02.11 №2-20-21-01330 және Әкімшілігіңіздің 2021.02.22 №3Т-Қ-3027,19 «ұсыныс-хаттарының» Жұмыс органы — Білім және Ғылым министрлігінің қарап, ұсыныс дайындап, Мемлекеттік комиссияның шешім қабылдауына жолданғанын, бірақ біздің бүгінге дейін жауап алмағанымызды ескерсеңіз және себеп-салдарын тексертсеңіз.

3. Егер, Сіз дербес жарлығыңызбен бізді саяси және заңды түрде ақтауға негіздер жоқ десеңіз, немесе ақтаудан бас тартсаңыз, онда Мемлекеттік комиссия, оның Жұмыс органы мен Жобалау офисінің жоспарларындағыдай, жалпылама-анкеталық анықтаулармен ақталған құрбандар тізіміне қосуға келіспеймін.

4. Шағымда және осы «еске салуда» қойылған сұрақтарды Өзіңіз заңдармен анықталған мерзімде қарап, қабылдаған шешіміңізден бізді жазбаша хабардар етсеңіз.

 Ізгі ниетпен, 

А.Күмісбек

 Шымкент қаласы

 2023.04.22 күні

РЕДАКЦИЯДАН: Газет нөмірінің беті хатталуы кезінде, саяси және заңды тұрғыдан ақтау туралы ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың атына жазған Күмісбек отбасының шағымын қарап, тиісті шешім қабылдау туралы ҚР Бас Прокуратурасына (орындаушылар: Б.Т.Байғазиев пен К.Ш.Бейсенбаев) және Шымкент қаласының прокуратурасына (орындаушылар: Ғ.Д.Джанабаев пен Ғ.М.Беркимбаев, О.С.Сейітсұлтанұлы) тапсырылғаны, олардың дайындаған тұжырымдарын Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Б.М.Мұхамеджанның 11.05.2023 №2-40-23-06673 санды хатымен растағаны хабарланды.

А.Күмісбектің айтуынша, «орындаушылар» мен прокурор «шағымдағы» мән-жайларды үстірт қарап, жауапсыздық танытқан.

Істің бұлай шудалануы әлі де талай шу туындататынын аңғартады. Бірақ, ол шуды болдырмауға шағымданушы А.Күмісбектің және басуға Президент Қ.К.Тоқаевтың шыдамдары жетіп мүмкіндіктері болғанымен, қызметтік міндеттерін орындаулары мен физикалық өмір сүру мерзімдері мүмкіндік бере қояр ма екен?!

 «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің редакциясы, ҚР «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» 1993.04.14 күнгі №2200 Заңы мен Президентінің ол заңды орындауды толық аяқтау туралы 2020.11.20 күнгі №456 Жарлығының жүзеге асырылуына, солардың қатарында А.Күмісбек пен оның отбасы мүшелерінің саяси тұрғыдан қудалануы, ар-намыстарын қорғауына және өздерінің ақталуларына байланысты тұрақты журналистік зерттеулер жүргізіп, олардың барысы мен нәтижелерінен оқырмандарын хабардар етіп келген.

Сондықтан, шағым мен осында қойылған сұрақтардың қалай шешілетінін заңдармен анықталған мерзімде білетін әрі қосымша хабарлайтын боламыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *