«ҚАНАТТЫ ЖЫРДЫҢ ҚАРЛЫҒАШЫ»

2 138 ViewsБиыл «Қазақ поэзиясының ханшайымы» атанған ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынованың дүниеге келгеніне 80 жыл толғалы отыр. Осыған орай Шымкенттегі қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Қанатты жырдың қарлығашы» атты мүшәйра өткізілді. Оған жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерімен бірге мектеп оқушылары да қатысты. Мүшәйрада бағын сынап көрген 22 үміткер […]

Толығырақ

ӘР НӘРСЕНІҢ ОРНЫ БАР САҚТАНАТЫН

2 119 ViewsӘжібек ДОСЫБЕКҰЛЫ 1942 жылы Ташкентте дүниеге келген. Ғалым, техника ғылымының докторы (1992), профессор (1996), Қазақстан Республикасы Жаратылыстану Ғылым академиясының академигі. Ташкент мемлекеттік университетін бітірген (1965). Өзінің еңбек жолын 1965 жылы Өзбек КСР Ғылым академиясының Механика институтында стажер-зерттеуші ретінде бастап, кіші, аға ғылыми қызметкер болып істеген. 1974 жылдан бері Шымкенттегі Қазақ химия-технология институтында (қазіргі Мұхтар […]

Толығырақ

«ҚАЛАМГЕРДІҢ» ҚАТАРЫ КӨБЕЮДЕ

1 560 ViewsГазетімізде бұдан бұрын хабарланғандай, Шымкентте ақын-жазушылардың «Қаламгер» деп аталатын қоғамдық бірлестігі құрылған еді. Оған белгілі жазушы, тарихшы, шежіреші Момбек Әбдәкімұлы жетекшілік жасайды. Бірлестік бірқатар игілікті іс-шаралар өткізіп те үлгерді. Ақын, Физули атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың иегері Құрал Көмектің 60 жылдық мерейтойын өткізіп, оны күллі Түркі әдебиетінің форумына ұластырып жіберді. Әнші, сазгер Ілесбек Амановтың туған […]

Толығырақ

«КӨРКЕМ ОЙДЫҢ ШЕБЕРІ»

2 329 ViewsШымкенттегі Ыбырай Алтынсарин атындағы Түркістан облыстық балалар кітапханасында жазушы-журналист, Қазақстанның құрметті журналисі, Ордабасы ауданының құрметті азаматы Захардин Қыстаубаевтың 70 жасқа толған мерейтойына орай «Көркем ойдың шебері» атты кездесу кеші өткізілді. Оны жазушы, шежіреші, Шымкент қаласындағы ақын-жазушылардың «Қаламгер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Момбек Әбдәкімұлы ашып, жүргізіп отырды. Кеш барысында «Қадірменді қариялар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шаруа Пірмат, […]

Толығырақ

АҢСАЙДЫ ҚУ ЖҮРЕГІҢ МӘҢГІЛІКТІ

2 189 Views Жүсіп Жолайұлы Әшімов 1956 жылы 16 қаңтарда қазіргі Түркістан облысының Келес ауданындағы Біртілек ауылдық әкімдігіне қарасты Игілік елді мекенінде дүниеге келген. Тоғыз жасынан бастап өлең жазумен айналысып келеді. Атым Жүсіп, Жолайдың баласымын, Үміт күткен халқымның қарасымын. Өнер сүйдім жасымнан, өлең сүйдім, Қара өлеңнің дес бермес жорғасымын, – дегендей, бала кезінен өнерге қызығып, өлеңді […]

Толығырақ

ЗАМАНА ЛЕБІН ЖҮРЕКПЕН СЕЗІНГЕН ЖАН

2 413 ViewsШымкенттегі Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапхана бөлімшесінде жазушы, журналист, драматург, баспагер, республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің директоры-бас редакторы Захардин Қыстаубаевтың 70 жасқа толған мерейтойына арналған «Қаламы қарымды қаламгер» атты әдеби кеш өткізілді. Оны аталмыш кітапхананың меңгерушісі Зухра Үсенова қысқаша кіріспе сөзбен ашты. Осы кітапхана жанындағы бұрынғы «Бастау», бүгінгі «Дастан» атты […]

Толығырақ

ҚОҢЫР КҮЗДЕ МАЗАЛАЙДЬІ ҚОҢЫР МҰҢ

2 287 ViewsҚазақтың бас ақыны Абай адамның бойындағы жақсы қасиеттердің барлығын жүрекпен баламалайды. Өйткені жүрек – адам мүшесінің патшасы. Ол – шындықты сүйетін әділ патша. Оған жалған сөйлеу, көлгірсу, уәдені бұзу, жазықсыз жандардың сырттарынан өсек айтудың бәрі жат деп біледі. Сондықтан да ол: «Жүрегім менің қырық жамау Қиянатшыл дүниеден, Қайтсін аман қалсын сау, Қайтқаннан соң әрнеден!..», […]

Толығырақ

Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ. МЕН ҚАЗАҚПЫН

4 803 ViewsҚымбатты оқырман қауым! Газетіміздің өткен 33-нөмірінде (6-желтоқсан, 2018 ж.) қазақ тілінің атасы, Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының осыдан бір ғасыр бұрын, яғни халқымыз бодандық пен құлдықтың темір құрсауынан шығар жол таппай қиналған тұста жазылған «Я – казах!» деген өлеңі жарияланған еді. Өлеңнің орысша мәтінін Ресей архивінен Хамитбек Мұсабаев деген азамат тауыпты. Бұл өлең, біздіңше, о […]

Толығырақ

ТАҢҒАЖАЙЫП ТҮРКІСТАН

2 333 Views1984 жылы 2 қарашада дүниеге келген Дәурен АЙМАНБЕТОВ – Алматы Экономикалық институтының түлегі. Мамандығы бойынша – қаржыгер. Соған қарамастан ол жауһар жыр әлеміне өзіндік өрнек салған айтулы ақындарымыздың бірі. Облыстық, республикалық деңгейде өткен бірқатар жыр мүшәйраларында айрықша көзге түсіп, жеңімпаз және жүлдегер атанған. Өлеңдері «Тәуелсіздік тебіреністері», «Оңтүстік орамдары», «Жастық – жалын жыр», тағы басқа […]

Толығырақ

«МЕН ЖАЗБАЙМЫН ӨЛЕҢДІ ЕРМЕК ҮШІН»

2 834 ViewsШымкенттегі Хакім Абай музейінде «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген тақырыпта Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқу бойынша сайыс өтті. Оған келгендер алдымен музейді аралап, онда құнды жәдігерлермен танысты. Мәжіліс залында «Абай» атты деректі фильмін тамашалады. Іс-шараны №1 оқу-өндірістік комбинатына қарасты Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының мұғалімі Марғуба Мұхтарқызы қысқаша кіріспе сөз сөйлеп […]

Толығырақ