Соңғы жаңалықтар

ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕСУГЕ БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ ӨТЕЛДІ

1 155 ViewsШардара ауданының прокуратурасы халықты жұмыспен қамту саласындағы заңдылықтың жағдайына жүргізген тексеру барысында жұмыссыздықпен күресуге бағытталған («Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» мен «Нәтижелі жұмыспен қамтудың жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған») қаржылардың жымқыру дерегін анықтады. Атап айтқанда, ауданның 22 тұрғыны жергілікті жұмыс берушілермен келісіп, Жұмыспен қамту орталығын алдап, 2016-2017 жылдары аралығында жастар тәжірибесін өтіп […]

Толығырақ

АУДИО ЖАЗБАЛАР ЭКСТРЕМИСТІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

1 558 ViewsПрокурорлардың талап арыздары негізінде Созақ, Арыс және Қазығұрт аудандарының соттары аталған аудандардың үш тұрғынының «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде орналастырған діни араздық пен алауыздықты қоздыратын аудио файлдарын экстремистік деп таныды. Мұның алдында осы азаматтар сот үкімдерімен діни араздық пен алауыздықты қоздырғандары үшін екі жылға (ҚР ҚК 174-бабымен) бас бостандықтарынан айырылған болатын. Прокурорлардың сотқа талап арыздарды енгізулеріне-ғаламтор […]

Толығырақ

МЕКТЕП ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ

1 473 ViewsСарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты мектептерде 92 от жағушыға зиянды жұмыстармен айналысқаны үшін еңбекақыға қосымша (30 пайыз мөлшердегі) төлемдер жүргізілмей келген. Нәтижесінде аудандық білім бөлімі жұмыскерлер алдында жалпы көлемі 6 млн. теңге қарыз пайда болған. Аудан прокурорының ұсынысымен от жағушылардың еңбекақылары қайта есептеліп, пайда болған берешек толығымен төленді. Сонымен қатар прокурорлық талдаумен Арыс ауданының […]

Толығырақ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЗИЯН КЕЛТІРУ ҚАУПІ ЖОЙЫЛДЫ

1 270 ViewsТүлкібас ауданының прокуратурасы ауданның жалпы орта мектептерінде экология заңнамасы мен санитарлық қағидалардың өрескел бұзылуын анықтады. Аудандық білім беру мекемелері өз қоймаларында ұзақ уақыттар бойы қауіпті қалдықтар тобына жатқызылатын құрамында сынап бар (1 ден 5 граммға дейін) энергия үнемдейтін люминесценттік шамдардың жарамсыз болғанын сақтап отырған. Прокуратураның қадағалау актісі қаралуымен білім бөлімімен 16 мың оқушы білім […]

Толығырақ

ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

1 387 ViewsПрокурорлық тексеріс нәтижесінде Мақтаарал аудандық пробация бөлімі қылмыстық-атқару заңнамалары нормаларын бұзғаны анықталды. Мәселен, қоғамдық жұмыстарға жаза тағайындалған 25 сотталушыға олардың нақты жаза атқарғанына бақылау жасалмаған, сондай-ақ алты сотталушы заңда көрсетілген мерзімнен кеш есепке алынған. Пробация қызметі сотталғандарға қатысты профилактикалық жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілмеу салдарынан, олардың оны қылмысты қайта жасаса, 12-сі әкімшілік құқық бұзушылыққа жол […]

Толығырақ

БЕРЕКЕ БАСЫ – БІРЛІК

2 293 Views1991 жылы 1 желтоқсан күні Қазақстанның тарихында алғаш рет тікелей бүкілхалықтық Президенттік сайлау өтіп, осы сайлауда халқымыз тарихи таңдау жасап, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстанның Тұңғыш Президенті етіп сайлады. Осыған байланысты 2011 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңымен 1 желтоқсан ˗ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекесі болып белгіленді. Бұл күнді мерекелеудің […]

Толығырақ

«АДАЛ ЖОЛ» МАРАФОНЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

1 672 ViewsҚоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында «Адал жол» акциясы ағымдағы жылдың наурызы мен желтоқсаны аралығында еліміздің барлық қала, аудандарында өткізілсе, 23 қараша күні «Адал жол» марафоны жаңа облыс орталығы Түркістан қаласында өз мәресіне жетті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев […]

Толығырақ

АУСТРАЛИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРМЕН ӨТКЕН ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ

1 563 Views23 қараша күні Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев Аустралияның «Starin Investments and Developments» инвестиция компаниясының президенті Анураг Тукралмен іскерлік кездесу өткізді.  Аустралиялық инвестор әлемдік деңгейдегі құрылыс нысандарын, темір жол торабтарын салған дүние жүзіне беделді танымал компания. Түркістанның рухани танымы мен облыстың орталығы  ретіндегі болашақ жоспары қызықтырған компания басшысы Анураг Тукрал Түркістаннан жанұялық қонақ үй […]

Толығырақ

МЕГАПОЛИС МЕДИЦИНАСЫНЫҢ МЕЖЕЛІ МІНДЕТТЕРІ

1 612 ViewsШымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н. К. Қасымовпен сұхбат – Нұрлан Кәукенұлы, бүгінде Сіз Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасын басқарып отырсыз. Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы болып қайта құрылды. Миллион тұрғыны бар Шымкент өз алдына дербес республикалық дәрежедегі қала мәртебесін иеленді. Осыған орай сұхбатымызды өзіңіз басшылық жасап отырған саладағы өзгерістер жайлы әңгімеден […]

Толығырақ

ҚАЗАҚТЫҢ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРЫ

4 099 ViewsҚайыс белбеу – ХІХ ғасырдағы ер кісілердің бел тұсына тағатын зергерлік бұйымы. Материалы: металл, мыс, тері былғары. Техникасы: қалыптама және оймыш тәсілі қолданылған, металл, мыс,  былғары. Өлшемі: 143 х 21 х 18 сантиметр; 7 х 9 сантиметр. Қазақтың ұлттық киімінің өте ертеден келе жатқан дәстүрлі құрамы. Халқымыздың ұлттық сырт киімдеріне түйме қадамай-ақ шалғайларын айқара […]

Толығырақ