ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН

Қоғам
1 238 Views

Шымкент қаласы Орталықтандырылған көпшілік кітапханасында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тарихи-танымдық кеш өтті.

Кешті кітапхана қызметкерлері еліміздің Әнұранымен бастап, соңынан Жамал Омарова атындағы саз мектебінің «Мұрагер» домбырашылар ансамблінің орындауындағы Әлімбек Қонысбековтың «Шаттық думан» күйімен жалғастырды.

Алғаш сөз алған Желтоқсан оқиғасының куәгері Сәбит Исабеков,Тәуелсіздік мерекесімен келген қонақтарды, студент жастарды, бүкіл оқырман қауымды Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтады. Бұдан кейін жергілікті сазгер Лесбек Амановтың «Қара бауыр қасқалдақ» әнін Гүлжан Сұлтанқызы мен Абыз Оразұлы нақышына келтіре орындап, көпшіліктің ризашылығына бөленді.

Абай ауданы әкімдігі аппараты мәдениет бөлімінің бас маманы Жомарт Иманқұлов жыл бойы атқарылатын іс-шаралардың басым көпшілігі ылғи да Абай атындағы кітапханамен бірлесе өткізілетініне өзінің ризашылығын білдірді. Жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай отырып, Абай ауданы әкімдігі аппаратының атынан осы ұжымдағы бірнеше қызметкерге сый-құрмет көрсетті. Кітапхана директоры Гүлсім Әлкебайқызы Шатырбекованы, әдіскер Гүлжан Садықты, оқу залының кітапханашысы Жанар Меңгелбекованы, абонемент бөлімінің кітапханашысы Рахат Момынованы, библиографиялық бөлімінің кітапханашысы Нәзира Тұрашеваны, кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің кітапханашысы Жанат Дүйсенбекованы мақтау грамотасымен марапаттады.

Басқосу барысында Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының «Жас қаламгер» клубының шәкірттері, А.С. Пушкин атындағы № 1 жалпы орта мектебінің оқушылары, сонымен қатар Шымкент көпсалалы колледжінің І курс студенті Ердәулет Өсербай Тәуелсіздік мерекесіне арналған жыр шумақтарын оқып, көпшіліктің көңілінен шықты. «Өнер» бөлімінің кітапханашысы Сапарова Гүлмира қазақтың киелі қара домбырасының сүйемелдеуімен Серік Құрақбаевтың «Туған жер» әнін орындап, көпшілікті бір серпілтіп тастады.

Шымкент қаласы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры Г. Ә. Шатырбекова іс-шараны қорытындылап, кешке алтын уақытын бөліп келген қонақтарға ризашылық сезімін білдіріп, белсенді жастарды марапаттады.

Айша АЛИЕВА,

кітапханашы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *