ГРАНТ ҚАРЖЫСЫНА СҮЙІКТІ КӘСІБІН БАСТАДЫ

Қоғам
309 Views

Бұл – Гүльжан Алдабергенова. Отырар ауданы, Шілік ауылының тұрғыны. Бес баланың анасы. 2021 жылы “Бастау бизнес” жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқып, сертификат алған.

2022 жылдың сәуір айында қайтарымсыз мемлекеттік гранттың бірінші легіне көпбалалы отбасы санатымен құжат өткізіп, сол айдың аяғында комиссияның алдында “Шағын наубайхана” бизнес жоспарын қорғаған. Нәтижесінде комиссия оның жобасын мақұлдап көп ұзамай грант қаражаты тағайындалған. Қазір көпбалалы ана грант қаражатына (400 АЕК) бірнеше құрал-жабдықтар сатып алып, ісін бастап кеткен.

— Нан өнімдері сүйікті ісім. Бірақ оларды дайындайтын, сақтайтын құрал-жабдықтарым болмаған соң іске толыққанды кірісе алмай жүргенмін. Бағымды сынап, қайтарымсыз грантқа тиісті құжаттарымды тапсырдым. Жобамды сәтті қорғадым. Түскен қаржыға тоңазытқыш, миксер қамыр илейтін, нан пісіретін пеш және т.б.заттар алдым. Қазір нан өнімдері жақын маңдағы дүкендерге өткізудемін. Жалпы, бұл біздерге берілген қармақ, ары қарай сол қармақпен балық аулап отбасын асырау, жағдайыңды түзеу өз қолыңда, — дейді Гүлжан Алдабергенова.

Жалпы, мемлекеттік қайтарымсыз гранттың бірінші легіне (поток) 16 өтінім келіп түскен. Оның ішінде комиссия қаралымына 16 — сы жолданған. Өз кезегінде комиссия 9 адамның бизнес жоспарын мақұлдаған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *