КОМПАРТИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІК КОМИТЕТТІК «ҮШБҰРЫШ»

Мәселе Қоғам
856 Views

31 МАМЫР – САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ

КОМПАРТИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІК КОМИТЕТТІК «ҮШБҰРЫШ»

Бұл саяси, мемлекеттік және қауіпсіздік органдардың өзара тығыз байланыстық және міндеттемелік іс-әрекеттерінен 1917-1991 жылдардағы кемшіліктері, қателіктері, қастандықтары, асыра сілтеушіліктері мен қылмыстық құрамы бар жаппай саяси қуғын-сүргіннен зардап шегіп, құрбан болған КСРО мен Қазақ КСР-і азаматтарының саны мен сапасы жағынан «Бермуд үшбұрышымен» салыстыруға болады.

Сондай жағдайға байланысты КСРО азаматтығынан шығып (1991 жылы 26 желтоқсаннан кейін оның ешкімге қажет болмай қалғанын білеміз), тұрақты қоныстануға Бразилияға кетуге (1969,1972 және 1989 жылдары) рұқсат сұрап жазған арызыма байланысты туындаған құқық бұзушылықтардың зардабымен және оларға қарсы күресім, оның нәтижесі туралы Ресейдің «Час пик», Қазақстаның «Егемен Қазақстан», «ДАТ» және тағы басқа мерзімдік басылымдарында бір реттік мақалалар жарияланған. Солардың қатарындағы «Әділет. Рухани жаңғыру» газеті 2010.05.27 күнгі №02(02) санынан бергі мерзімде тұрақты журналисттік зерттеу материалдарым жарияланып келеді. Олардың қорытындысы ретінде 2021.01.23 күнгі №02(117) санында «Архивтік ақиқат» атты мақала ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың, ҚР Бас прокуроры Ғ.Д.Нұрдәулетовтың, ҚР Мәжілісінің төрағасы Н.З.Нығматуллиннің назарына ұсынылды.

Ондағы қойылған негізгі талап-тілектерімді, ҚР «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңы мен Президент Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылдың қарашасындағы сондай құрбандарды толық ақтау туралы Жарлығына қатысты, аталған заңның 1,3-баптарына толықтыру енгізу жөніндегі ұсынысымды қарау және шешу созбалаңға салынуда. Бұл мені тура 1989-1991 жылдардағы өз елімнің басшыларынан үмітімді үзіп, Мәскеу мен Ленинградтың тәуелсіз эксперттеріне, КСРО ЖК депутатына, прокуратурасына, қоғам қайраткерлеріне жүгінуге баруға мәжбүр болғанымдай, Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путинге өтініш жазуыма итермеледі. Оның сондағыдан себеп-салдарынан басқа да қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық, құқықтық-ұйымдық негіздерім мен үміттерім де бар. Төменде сол «өтініштің» мәтінін жариялауды жөн көрдім.

Ресей Федерациясының

Президенті В.В.Путин мырзаға

Күмісбек Аманқұл Күмісбекұлынан

ЖСН: 440306300282

Мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы

Шымкент қаласы

Темірлан тас жолы, №34 үй,

31-пәтер

Тел: 8(7252) 780750

Ұялы телефон: 87780080605

ӨТІНІШ

Жоғарғы мәртебелі Владимир Владимирович!

Әлемдегі, соның қатарында бұрынғы КСРО құрамында болған Қазақ КСР мен яғни қазіргі тәуелсіз Қазақстандағы қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық, әлеуметтік-құқықтық және тағы басқа да құбылыстар параллельдерінің өтпелі кезеңінде әрекет етуші Адам – тұлға ретінде Сізге төмендегі мән-жайларды жеткізіп, ақиқатты білу мен әділеттілікті паш ету ниетінде осы өтінішті жазудамын. Себебі, заңды тұлғалық тұрпаты тоқтатылған 1991 жылдың 26 желтоқсанына дейінгі КСРО мен Қазақ КСР-інің азаматы, олардың Конституциялары негізінде қабылданған, қолданыста болған заңнамалары, қазіргі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өзара жасасқан мемлекетаралық шарттары, сонымен қатар, БҰҰ «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының» 19-бабы мүмкіндіктер мен құқықтар береді.

Мемлекет бар жерде оның Конституциясы, соның негізінде қабылданған және қолданыста болған заңнамалық, қалыптық-құқықтық актілері, сонымен қатар, халықаралық шарттарында анықталған шегінде, адамды қоғамдық қауіпті әрекетке дайындалғаны, ұйымдасқаны, қатысқаны және қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қудалау, құқықтарын шектеу, айыптау және жазалау болатыны белгілі. Бірақ, олар қашан, қандай жағдайда және қандай мемлекетте болмасын орынды, негізді, қажетті және дәлелді болуы міндетті әрі басты шарт. Бірақ, мұндай қағидаттар, негізінен КСРО Конституциясының 4-бабындағы «азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің қорғалуын қамтамасыз ету»; 49-бабындағы «сын үшін қудалауға тыйым салынады» дегендер барлық деңгейдегі билік басындағылар тарапынан сақталмады да, 70,72,76,78 және тағы басқа баптағылар жай декларация түрінде болды. Ал, жалқы билік жүргізген КОКП мен Кеңес өкіметінің ішкі-сыртқы саясатындағы олқылықтардың орнын толтыру, кемшіліктерді түзету, қателіктерді жою, қоғамдық қауіпті әрекеттерге (түрлері көп болған) жол бермеу мақсатында жеке пікірін білдіріп, ашық сын айтқан және оларды жазбаша түрде көрсеткен (бұлардың дерлік басым бөлігі ниеттері ақ, өз ұлты мен Отанының бүгінгісі мен болашағына берілген, сатқындық пен үрейді білмейтін, олар үшін тәуекел мен ерлікке дайын патриоттар еді деуге болады), «диссидент» деп аталған «еркін ойлы», «өткір тілді» адамдарға қатысты өрескел бұзылды, медицинаның ерекше түрі – психиатрияның құпиясы мол, дәлелденуі қиын қызметін қарсы қолданды (оған нақты дәлелім бар).

Мысалы, КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы А.Н.Косыгинмен пікірлескенде, ол: «…Бас хатшыдан сұрасаңшы…»,- дегеннен кейін, Л.И.Брежневке арнайы барып, сөйлескен Д.А.Қонаев: «… халықты туған жерінен, елінен аластатылғандарға, «жүйке ауруын емдейтін ауруханаларға еріксіз жатқызылғандарға, Андроповтың ақпараттарына қалай қарайсыз?» — деп сұрағанына, ол: «…Андропов қара аспанды төндіріп, тұнық суды лайлап бітті. Бүлдіріп жатыр. Бітеу жара сыздап, жарылғалы тұр. Халық толқу үстінде…», — деп айтқаны белгілі (Д.А.Қонаев «Өтті дәурен осылай» 316-318 беттер).

Ондай жағдайдың орын алғаны жөнінде 1989 жылдың 12-19 қазанында Афиныдағы Дүниежүзі психиатрлар ассоциациясының Бас Ассамблеясында БДСҚ халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі В.П.Морозов ашық жариялаған. Оны КСРО ДСМ ресми түрде мойындаған…

Сол және басқа да «теріс факторларға» байланысты КСРО-ның ыдырап, КОКП-ның таратылуына шешуші «старт» берілген 1991.08.19-нан кейінгі жылдары тәуелсіздіктерін алған 15(он бес) ұлттық республикалардың 11-і (он бірі) Одақта орын алған және жүйелі түрде жүргізілген әртүрлі террордан негізсіз, көбінесе дәлелсіз әрі жаламен зардап шеккен адамдарды ақтау туралы заңдар қабылдай бастады. Сондай «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ұйымдық жұмыстардың қатарында Ресей Федерациясы мен Украинаның Заңдарын тарихи әділеттілікті қалыптастырудағы қажетті және жеткілікті жағдайды жан-жақты әрі тереңдете зерттеп, барынша толық қамтылуында сол екі мемлекеттің басшыларының, депутаттарының, ғалымдарының, қоғам қайраткерлерінің сіңірген еңбектері зор, жауапкершіліктері жоғары, халқының қамы мен болашағын ойлаудағы қабілет-қасиеттері ерлікке татырлық, оң және игілікті, өзгелерге үлгі боларлық «эталон» деп түсінемін.

Жоғарыдағыларды баяндай келе, Ресей Федерациясының «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңының (1991.10.18-де қабылданып, кейіннен толықтырылған, өзгертілген) тиісті баптары мен олардың тармақтарын негізге алып, Сізден сұранамын:

1. 1917.10.25(07.11) – 1991.08.21-і аралығында саяси қуғын-сүргіннен негізсіз зардап шеккен адамдардың жалпы саны қаншаны құрады?

1.1. Солардың қатарындағы психиатриялық емдеу мекемелеріне күштеп жатқызылғандары және мәжбүрлеп емделгендерінің саны қанша?

2. Сондай саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдардың толық ақталғандарының жалпы саны қаншаны құрады?

2.1. Солардың қатарында психиатрия қызметін қарсы қолданылғанынан ақталған адамдардың саны қанша?

3. Өзін заңсыз психоневрологиялық диспансер есебіне алды, негізсіз психикалық диагноз(дар) қойды және қоғамдық қауіпті адам ретінде орынсыз белсенді динамикалық бақылау жүргізді деп, ресми түрде шағымданған адамдар болған ба?

3.1. Егер болса, олардың ар-намысты қорғау шағымдары қаралған және қанағаттандырылған (сот тәртібімен немесе мемлекеттік комиссия қарауымен) адамдар анықталды ма? Анықталса, олардың 1917-1991 жылдар аралығындағы саны қанша адамды құрады?

4. Аталған «Заңда» саяси көзқарастары мен нақты іс-әрекеттері үшін сырттай ПНД есебіне алынған, тексерусіз психикалық диагноз(дар) қойылған, белсенді динамикалық бақылау жүргізілген және олар оның өзінен жасырын жасалып, құпияда сақталған адамдардың болғаны және олардың құқықтарының бұзылулары мен ақталуларына қатысты нұсқаулық берілмеген.

4.1. Бұл «сондай құқықбұзушылықтың» орын алмағанын білдіреді ма? Жоқ, әлде, бола тұра ол мәселенің Заңға белгілі бір мақсатпен ендірілмегенін көрсетеді ма?

4.2. Аталған «Заңның» тиісті баптарына осы «Өтініштің» 4-ші пунктінде көрсетілгендей жағдаймен қуғын-сүргінге ұшыраған, Конституциямен анықталған негізгі құқықтары шектелген және бұзылғандар – ақталған адамдар деп танылады» деген толықтыру аталған Заңға енгізілуі қажеттігі туралы ұсыныстар болды ма? Және сондай толықтыру енгізуге негіз беретін дәлелді фактілер бар ма?

4.3. КСРО кезінде, оның азаматы болған адамдар қатарынан (мүмкін одақтас ұлттық республикалардың біреуінің азаматы) негізсіз саяси-психиатриялық қудалаудан құқықтары бұзылған адамның ар-намысы тапталғанын қорғау туралы қойған талап арызын сот қанағаттандырған болса, оның ұсыныс-талабына байланысты, кезіндегі Одақтың Заңды мұрагері ретінде (РФ ІІМ қызметкері С.В.Черненконың тұжырымы бойынша) РФ-ның аталған Заңына толықтыру енгізілуі мүмкін бе? Немесе негіз бар ма?

Тіркелді (көшірмелері):

1. А.Күмісбектің жеке куәлігі – 1 (бір) парақ.

2. Қазақстан Журналистер Одағының куәлігі – 1 (бір) парақ.

3. Республикалық «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан (Түркістан) облыстық филиалы төрағасының куәлігі – 1 (бір) парақ, барлығы – 3 (үш) парақ.

Құрметпен әрі ізгі ниетпен,

А.КҮМІСБЕК.

Республикалық «Ұлт тағдыры»

қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік

Қазақстан (Түркістан) облыстық

Филиалының төрағасы,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Шымкент қаласы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *