Соңғы жаңалықтар

БЕРЕКЕ БЕЙНЕТПЕН КЕЛЕДІ

770 ViewsӨткен жылы Қарасу ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылында қызанақ және қияр өсіретін ЖК «Валиев» жылыжайы ашылған. Басшысы Валиев Селимхан. Кәсіпкердің айтуынша, 5 гектар аумақты ұзақ мерзімді пайдалану құқығымен алып, кәсібін дөңгелетіп келеді. Осы жердің 60 соттық бөлігі жылыжай, қалған 2,5 гектары ашық суармалы жер. Жерлеріне көкөністің дақылдарын егіп, көшеттерін өсіріп, өнімін шығарады. Жылыжайда бірінші […]

Толығырақ

ҮШ СОТТЫҚ ЖЕРДЕН 3 МЛН. ТЕҢГЕ ТАБЫС ТАПТЫ

813 ViewsЕлімізде азаматтарды оңтүстік өңірлерден солтүстік өңірлерге ерікті түрде көшіру бағдарламасы «Жұмыспен қамту бағдарламасы» шеңберінде жүзеге асырылып келеді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында солтүстік өңірлердің демографиялық мәселелерін шешуге ерекше назар аударылды. Өздеріңіз білесіздер, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында демографиялық теңгерімсіздік проблемасы бар. Яғни, оңтүстік өңірлермен салыстырғанда бала […]

Толығырақ

ӨҢІРЛІК КВОТА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРҚЫНДЫ

763 Views«Өңіраралық еңбек ұтқырлығы (Оңтүстік-Солтүстік) шеңберінде қоныс аударушылар саны» көрсеткіші бойынша биыл Павлодар облысының еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 2 800 адам яғни 700 отбасы көлемінде квота бөлінген. Тиісінше, Павлодарға еліміздің жұмыс күші артық өңірлерінен 1136 адам яғни 239 отбасы қоныс аударды. Еңбекке жарамды 536 адамның ішінен 369 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Қоныс аударушылардың 64 […]

Толығырақ

КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫ ТҮЗЕЛІП КЕЛЕДІ

1 032 ViewsКөші-қон саясаты-мемлекет тарапынан халыққа берілген үлкен мүмкіндік. Күнгейден теріскейге қоныс аударған ел тұрғындары жеке кәсіптерін ашып, солтүстікке бой үйретті. Талаптары мен ізденістерінің арқасында жайлы баспана мен тұрақты жұмысқа қол жеткізіп, тұрмысын түзеген отбасылардың саны да жыл сайын артып келеді. Газеттің бүгінгі кейіпкері өзге ұлт болғанына қарамастан, қазақтың салты мен тілін үйреніп, теріскейде дәріптеп жүр. […]

Толығырақ

ҚАЗАҚТЫҢ АСАНБАЙЫ

1 388 ViewsТар заманда халқының тарихы мен әдебиетін ұлықтап, қазақтың жырларын жатқа соғатын Асанбай ағамыз өте ұлтшыл еді. 1942-1945 жылдары қан майданда бел шешпей еңбек етіп, елге 1946 жылы аман-есен абыроймен оралған Асанбай Асқаров өзі туған Жамбыл облысында қызметін бастады. 1946-1951 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің бірінші хатшысы болып, жастарды соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіруге ұйыстыруда […]

Толығырақ

ЖАЗУШЫҒА ҚҰРМЕТ

1 094 ViewsЖуырда Алматыдағы Достық үйінде белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нағашыбек Қапалбекұлының шығармашылық кеші болып өтті. Ол қазірге дейін 59 кітап шығарған қаламгер. Ал, өткен жылы Жамбыл сынды ұлы ақын жайлы 40 том жинақ шығарған жамбылтанушы. Кітаптары түрік, өзбек, қырғыз, маңғол тағы басқа тілдерге аударылған. Бұл жиында Н.Қапалбекұлына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс […]

Толығырақ

ТЕБЕГЕНОВ ТАҒЫЛЫМЫ

993 ViewsТемірхан Тебегенов!.. Темке!.. Қайран асыл біртуар көрнекті оқымысты, ғұлама ұстаз жайлы тереңнен толғап әліталай-талай жазармыз, төгіле, егіле еске алармыз. Қазақ елінің дарынды әдебиетші ғалымы ХХI ғасырдың басында осыдан бір ғасыр бұрынғыАлаш арыстары секілді дүрілдетіп, дәуірлетіп қандай ғаламат жұмыстар атқардыдесеңізші!.. Шәкірттер жүрегіне білім шамшырағын жаққан білімпаз ұстаз еді. Ауыл мұғалімінен Қызылордадағы университетке оқытушы болып ауысты. […]

Толығырақ

КЕК (РОМАН)

1 174 Views(Жалғасы. Басы өткен сандарда). Неден болса да тайынбауға бекінген жігіттер болыстың мына сөзі шымбайларына батып, оны түтіп тастайтындай тап-тап берді. Бір-екеуінің қамшысы тиді басына, біреулері үзеңгіден аяқтарын шығарып, теуіп үлгерді. Түке екі жарып тастардай, қылышын ала ұмтылып еді, Омарбек тоқтатты. – Тоқта, алдымен болысқа айтарымды айтып алайын. Содан соң оны көпшіліктің ортасына саламыз. Сабылтай, […]

Толығырақ

ЕҰУ ҒАЛЫМЫ ТӘУРАТТЫ ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРДЫ

1 309 ViewsЕуразия ұлттық университеті Дінтану кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Нұртас Иманқұлов тұңғыш рет Тәурат кітабын орыс тілінен қазақ тіліне аударды. Кітап «Тәурат бес кітап» деген атаумен жарық көрді. Қасиетті кітап Израильден әкелінген Бехор Барухтың жалпы редакциясымен шыққан Эрец Исраэль 1997 жылғы түпнұсқасының орыс тіліндегі нұсқасынан аударылған. Профессор Нұртас Иманқұлов көп жылдық еңбегіне 5 жыл […]

Толығырақ

АСА ҚАУІПТІ ӘЛЕУМЕТТІК КЕСЕЛ

1 220 ViewsМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстанхалқына Жолдауында синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіріп отырғанын басты назарға алған болатын. Қазіргі ахуал өте күрделі, соңғы үш жылда тәркіленген «синтетиканың» көлемі 10 есе артқанын, уақыт өткен сайын мұндай есірткі арзан әрі қолжетімді бола бастағанын, нашақорлар оны әлеуметтік желі мен түрлі мессенджер […]

Толығырақ