ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРДАСЫ

Білім Спорт
391 Views


Болашақ дарынды, талантты жастарды қолдау, жас буынның патриоттық санасын қалыптастыру және өз еліне деген сүйіспеншілігін арттырумен қатар, болашақ мамандық таңдауда адал еңбекке ынталандырудың жолын табу және қазіргі заманға лайық та қажетті мамандықтарды насихаттауды басты назарға алған. Мамандық таңдау оңай жұмыс емес, мамандықты қабілетке сай таңдау керек. Осы мақала мамандық таңдауда ойланып жүрген түлектерге себін тигізер деген оймен 6В01404 — «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасына шолу жасаймыз.

Біз жұмыс істейтін Орталық Азия инновациялық университетте аймақ, республика және халықаралық деңгейдегі бірқатар салаларға арналған мамандар даярланады.

Бүгінгі таңда ОрталықАзия инновациялық университеті — аймақтағы интеграция мен жаһандану үрдістерінебелсенді қатысатын ілгері білім беру орталығы. Қазіргі кезде университетте 4 факультет құрамындағы 10 кафедрада 20 ғылым докторы, 140 ғылым кандидаттары мендоценттер, ғылым магистрлері мен ҚР Білім саласының үздіктері білім алушылардыөздерінің өнегелі тәрбиесі мен терең білімдерімен жасақтауда.

«Бастапқы әскери дайындық және шынықтыру және спорт» кафедрасында 2023-2024 оқу жылдарында 62 профессор-оқытушылар, оның ішінде: 6 ғылым докторы, 11 ғылым кандидаты, 22 ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушылары мен ҚР ІІМ Полковниктері, 23 ғылым магистрлері мен аға оқытушылар жұмыс жасайды.

Сонымен қатар «Бастапқы әскери дайындық және шынықтыру және спорт» кафедрасының 2 Әлем чемпионы, 2 Азия чемпионы, 10 ҚР спорттың әртүрінен спорт шебері, 36 ҚР спорт шеберлігіне үміткер білім алушылары әлемнің әр түрлі қалаларындағы жоғары деңгейдегі жарыстарда өнер көрсетіп, білім ордасының атын асқақтатуда. Кафедраның материалдық-техникалық базасы 2 жабық спорт кешені, 4 ашық спорт алаңы, 6 дәріс залы, 10 семинар сабақтарының аудиторияларынан тұрады және аудиториялар компьютерлік құрал-жабдықтармен жабдықталған. Кафедрада бірнеше 9 спорт түрінен спорт секциялары жұмыс жасайды.

6В01404 — «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бакалаврлары келесі біліктіліктерге сәйкес келеді, атап айтқанда:

6В01404 — «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі берілген бітіруші түлектер келесі кәсіптік қызмет түрлерінде қызмет атқара алады:

— Дене шынықтыру және спорт пәнінің мұғалімі,

— таңдаған спорт түрі бойынша жаттықтырушы;

— туристік фирмаларда;

— спорттық арбитраж бойынша маман;

— спорттық психолог;

— спорттық журналист;

— фитнес бойынша менеджер;

— сауықтыру жұмысының маманы;

— спорттық билер бойынша жаттықтырушы;

— мектептегі физиология және гигиена мұғалімі болып қызмет атқара алады.

Оқу формасы және мерзімі:

1. Жалпы орта білім негізінде күндізгі оқу формасы (мектептен кейінгі) – күндізгі оқу формасы бойынша мерзімі 4 жыл.

2. Орта кәсіби білім негізінде күндізгі оқу формасы (қысқартылған) – оқу мерзімі 3 жылдан кем емес.

3. Жоғарғы білім негізінде (екінші жоғары) – оқу мерзімі 2 жылдан кем емес.

Уақыт өте келе нарықтық қарым-қатынас еніп, қоғамдық қатынас түрленіп, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтарға сұраныс артуда.

Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады.

Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс. Өз қалауыңызды білесіз, бірақ мамандығыңыздың қалай аталатынын білмейсіз. Бұндай жағдай психолог-профконсультант (мектеп психологтары), мектеп мұғалімдері, оқу орындарының оқытушылары, ата-анаңыз, туған-туыстарыңыздың көмектеріне жүгінгеніңіз жөн.

Мамандық таңдау – өте жауапты және маңызды іс, яғни мамандық – өмір таңдауы екендігін назарда ұстаңыз!

Қайрат ҚАЛМҰРЗАЕВ,

Сағындық ҚУАНДЫҚОВ,

Жадигер АЗИМБАЕВ,

Орталық Азия инновациялық университеті, «Бастапқы әскери дайындық және шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушылары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *